Accessibility links

Қытайдың жеті басшысы


Солдан оңға қарай: Си Цзиньпин, Ли Кэцян, Чжан Дэцзян, Ю Чжэншен, Лю Юньшань, Ван Цишань, Чжан Гаоли. Бейжің, 15 қараша 2012 жыл.

Солдан оңға қарай: Си Цзиньпин, Ли Кэцян, Чжан Дэцзян, Ю Чжэншен, Лю Юньшань, Ван Цишань, Чжан Гаоли. Бейжің, 15 қараша 2012 жыл.

Бейсенбі, 13 қарашада Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің алғашқы сессиясы бас хатшысын, орталық комитеттегі саяси бюро мүшелерін сайлады.

Қытайдағы биліктің ең мықты сатысы деп саналатын саяси бюроның құрамында жеті адам бар. Шын мәнінде партияның санаулы ғана мүшелері ол орындарға кімдердің баратынын алдын ала шешіп қойса да, екі мыңнан аса делегат оларды партия конгрессінде сайлаған.

Алдағы он жылда Қытайды басқару жүйесіне иелік ететін саяси жетекшілердің келесі буынын ағылшынның BBC (Би-Би-Си) телеарнасы былайша сипаттайды.

1. СИ ЦЗИНЬПИН

Си Цзиньпин – Қытай коммунистік партиясының жаңа басшысы. Әдетте партияның бас хатшысы Қытай халық республикасының төрағасы қызметін иеленеді. Сондықтан 2013 жылдың наурызында өтетін Бүкілқытайлық халық депутаттары жиынының кезекті сессиясында Си Цзиньпинге мемлекет басшылығы тапсырылуы мүмкін.

Оны Қытайдың бұрынғы басшыларының бірінің баласы ретінде «ханзада» деп те Қытай коммунистік партиясының жаңа басшысы Си Цзиньпин. Бейжің, 8 қараша 2012 жыл.

Қытай коммунистік партиясының жаңа басшысы Си Цзиньпин. Бейжің, 8 қараша 2012 жыл.

тайды. Си Цзиньпин Қытайдың саясатын ерте жастан танып өскен. Мәдени революция жылдарында оның әкесі «тазартуға» ілігіп, өзі шет аймаққа айдалған.

Си мырзаның әскери адамдармен жақын байланыста болуы, мемлекетке қарасты өндіріс ошақтарын қолдауы оның консерватор екенінен хабар береді.

Си Цзиньпин 1953 жылы Пекинде дүниеге келген. Ол Цинхуа университетінде «химия инженері» мамандығын оқып бітіріп, 1974 жылы партияға өткен.

2007 жылы Шанхайдағы партия басшысы болып, жемқорлыққа байланысты жанжалды реттеумен айналысқанға дейін Хэбей, Фуцзянь және Чжэцзян өлкелерінде жұмыс істеген.

2004 жылы мемлекеттік қызметкерлерге «Әйелдеріңді, балаларыңды, туыстарыңды, достарыңды және бағынышты қызметкерлерді ауыздықтап ұстаңдар, билікті жеке мүдделеріңе пайдаланбаңдар» деген ескерту айтып, аты шыққан.

Бірақ оның жеке өмірі жайлы «баскетбол ойнағанды және Голливудтың соғыс туралы киноларын көргенді жақсы көреді (сірә, жас кезінде Айова штатына барғаннан болса керек)» дегеннен өзге ақпарат жоқ.

Қытай халқы үшін Си Цзиньпиннің өзінен гөрі халық әндерін орындайтын әнші әйелі Пэнь Лиюань әлдеқайда атақты. Оның Гарвард университетінде оқитын қызы бар.

2. ЛИ КЭЦЯН

Қазір Қытайдың премьер-министрі боп отырған Ли Кэцян әуелі қарапайым жұмысшы болып. кейін аймақтағы партияны басқарған. Өзі де қарапайым ортадан Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян. Хайнань аралы, 2 сәуір 2012 жыл.

Қытайдың премьер-министрі Ли Кэцян. Хайнань аралы, 2 сәуір 2012 жыл.

ыққандықтан болса керек, Қытайдағы жағдайы нашар адамдардың қамын жеумен оның беделі өсті.

Ол жас кезінде партияның жастар лигасын басқарған Ху Цзиньтаомен жақсы қарым-қатынаста. Ли Кэцян қазір Вэнь Цзябаодан премьер-минстрлікті қабылдап алып жатыр. Бірақ көптеген мамандар оның жұмсақ мінезіне қарап, «Болашақта Қытай экономикасын шырмап алған мүдделер проблемасын реттеуге қабілеті жетер ме екен?» деп алаңдайды.

1955 жылы Аньхой провинциясында туған Ли әкесінің «жергілікті партия ісіне аралас» деген ақылын тыңдамай, Пекин универститетіне («құқық» мамандығы) түскен. Ол 1998 жылы Хэнань провинциясында партия хатшысы болып тағайындалып, бір жылдан кейін Қытайдағы ең жас губернатор атанған.

Ол басқарған кезде өлкеде бірнеше рет өрт шығып, кей адамдарға қан құю кезінде ВИЧ жұғып, оның беделіне біраз нұқсан келген. Ли Кэцян Хэнань провинциясының экономикасын датымқан.

3. ЧЖАН ДЭЦЗЯН

Ол 2012 жылы жанжалға ілігіп, қызметінін алынған Бо Силайдың орнына Чунцин провинциясының партиясының басшысы ретінде тағайындалған.

Тығырыққа тірелген дағдарыс жағдайын тез әрі сәтті реттейтін басшы ретінде атағы Қытай вице-премьері Чжан Дэцзян (оң жақта). Афины, 15 маусым 2010 жыл.

Қытай вице-премьері Чжан Дэцзян (оң жақта). Афины, 15 маусым 2010 жыл.

ыққан Чжан Дэцзян – Қытайдың ежелгі әріптесі Корея елінің білгірі. Тіпті сол жаққа барып, екі жыл экономиканы оқып та қайтқан.

Партия жетекшісі ретінде ауыр сынға ұшыраған. Ол шерушілермен және журналистермен жұмсақ сөйлеспейді. Реформатор ретінде аты шыққан емес.

Кәсіпкерлердің партия қатарына қабылдануына қарсы шыққан Чжан 2008 жылы энергетика, телекоммуникация және көлік саласына жауапты вице-премьер болып тағайындалды.

4. Ю ЧЖЭНШЕН

Ю Чжэншен – Қытайдағы ең үлкенің қаланың бірі Шанхайдың партия басшысы. Ол бұрынғы төрағалар Цзян Цзэминь және Ху Цзиньтаомен тығыз байланыста болған. Ю Чжэншен. Бейжің, 15 қараша 2012 жыл.

Ю Чжэншен. Бейжің, 15 қараша 2012 жыл.

Чжэншен тіпті Дэн Сяопиннің отбасымен де аралас-құралас болған. Оның 1980 жылдары АҚШ-қа қашып кеткен ағасының кесірінен құрдымға кете жаздаған саяси карьерасы Дэн Сяопиннің арқасында ғана аман қалған.

Ю Чжэншен Харбиндегі инженерлік институтты бітіріп, 1980-жылдародың ортасына дейін электроника инженері болған. Кейін елдің шығысындағы Циндао қаласының вице-мэрі, мэрі, партия басшысы болды.

Ю қарапайым көлікпен жалғыз жүргенді ұнатады. Қасына санаулы ғана жәрдемші мен күзетші ертіп жүреді. Ю көбіне қаланың дамуы мен қоршаған ортаның ластанып бара жатқаны жайлы мәселені айтады. Ол «Қытай экономикалық тұрғыда керемет дамығанымен проблемасы да көбейіп бара жатыр» деген пікірде.

5. ЛЮ ЮНЬШАНЬ

Лю Юньшань – 55 жаста. Ол партияның үгіт-насихат бөлімін басқарады. Сондықтан да елдегі барлық ақпарат құралдары мен интернет саясатын қатаң бақылайтын Лю Юньшань. Бейжің, 15 қараша 2012 жыл.

Лю Юньшань. Бейжің, 15 қараша 2012 жыл.

ұлға. Ол Ішкі Моңғолияда жас маман ретінде 30 жылдай жұмыс жасаған. Кейін Синьхуа агенттігінде тілші, пиар маманы, одан соң партия хатшысының орынбасары болған. 1971 жылы партияға қабылданған және партия мектебін бітірген. Лю Юньшань да жас кезінде төраға Ху Цзиньтаомен әріптес болған.

Лю интернет форумдарда үкіметті сынайтын қытайлықтар көбейіп бара жатқанына қатты алаңдайды. «Ақпарат тасқынын түгел бақылау мүмкін емес. Меніңше, адамдар ақпаратты еркін алмасуға құқылы. Бірақ олар кейбір ережелерді сақтауы керек» дейді ол.

6. ВАН ЦИШАНЬ

Ван Цишань – Батыс елінің лидерлері үшін танымал тұлға. Себебі ол Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық байланысқа жауапты адам. АҚШ-тың бұрынғы Қытай вице-премьері Ван Цишань. Бейжің, 25 шілде 2012 жыл.

Қытай вице-премьері Ван Цишань. Бейжің, 25 шілде 2012 жыл.

аржы министрі Генри Полсон оны «шешімді әрі білімді» деп сипаттаса енді біреулер оны «тілі ащы» деп суреттеген.

Білетіндер оны саясаттағы ұстазы, бұрынғы премьер Чжу Жунцзимен жиі салыстырады. Себебі екеуі де шапшаң қимылдайды, проблемамен бетпе-бет келгенді ұнатады. Екеуі қиын шаруаны шұғыл реттейтін болғандықтан «өрт сөндірушілер бригадасы» деген лақап ат алған. Оны қасиеті үшін тіпті премьер-министр қызметіне ұсынғысы келген адамдар да болған.

Ван мырзаны да «ханзада» деп атайды. Себебі ол да бұрыны вице-премьер Яо Илиньнің қызына үйленген.

Ван Цишань Солтүстік-батыс университетте тарих мамандығын оқыған. Партияға 35 жасында кірген Ол 2004 жылы Пекин қаласының әкімі болғанға дейін банкир қызметін атқарған.

7. ЧЖАН ГАОЛИ

Чжан Гаоли Қытайдың Шығысындағы үлкен әрі бай қаланың бірі Тяньцзиньде партия басшысы болған.

Фуцзянь аймағында туып, Сиямэн университетінде статистика және экономика пәні бойынша білім алған. Ол 1980 жылдардың ортасында Гуандун аймағында шенеунік болғанға дейін мұнай өндірісінде жұмыс істеген.

Оның партия саяси жетекшісі роліндегі карьерасы 1998 жылы Гонконгпен шекарадағы Шэньчжэнь қаласында басталған.

Қаланы сәтімен дамытқан Чжан Гаоли бұрынғы төраға Цзян Цземиньмен жақсы араласып, оның қолдауын иеленіп, 2002 жылы Шаньдун провинциясының губернаторы болып тағайындалды.

Чжанның жеке өміріне, дүниетанымына байланысты ақпарат өте аз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG