Accessibility links

22 мамыр күнгі терактіден 31 адам қаза тауып, 94 адам жараланды. Қала базарында екі көлік жарылған. Қытай басшысы Си Цзиньпин террористерді қатаң жазалауға уәде берді. Қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь ауруханаға түскендердің халін сұрады. CCTV телеарнасының хабарлауынша, терактіден бір күн бұрын (21 мамыр) биыл Үрімжі вокзалында пышақпен шабуыл жасаған (үш адам қаза тауып, 79 адам жараланды) және Куньмин қаласында жарылыстар (29 адам қаза тауып, 153 адам жараланды) жасаған 39 адам ұзақ жылдарға сотталған. Қытай билігі терактілерді исламшыл сепаратистер жасады деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG