Accessibility links

Қытайда қала тұрғындары саны ауыл халқынан асты


Қытай халық республикасының 60 жылдығы кезінде. Бейжің, 1 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қытай халық республикасының 60 жылдығы кезінде. Бейжің, 1 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайда бір жылдың ішінде 21 миллион адам ауылдан қалаға қоныс аударған. Қытайдың ұлттық статистикалық бюросының хабарлауынша, қалалық аймақтардағы халық санының күрт артып кетуі бірінші рет байқалып отыр.

Қытай мамандары ауыл тұрғындарының қалаға жаппай ағылуын тоқтататын жаңа саясат жүргізуге шақырып отыр. Олар «еңбек мигранттарының әлеуметтік жағдайын жақсырақ қамтамасыз ететін бағдарлама болуы керек» дейді.

ҚЫТАЙ ХАЛҚЫНЫҢ 51,3 ПАЙЫЗЫ ҚАЛАДА ТҰРАДЫ

Бюроның мәліметіне қарағанда, бұл елдегі 1,3 миллиард халықтың 51,3 пайызы
Далянь қаласындағы ғимараттар. 26 қыпкүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Далянь қаласындағы ғимараттар. 26 қыпкүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
қалада тұрады. Олардың басым бөлігі – 2011 жылы жұмыс іздеп, қалаға келген еңбек мигранттары. Қазір Қытай ауылдарында 656,6 миллион адам қалды.

Ауыл халқы дұрыс жалақы мен жақсы тұрмыс үшін қалалық жерлерге жаппай көшіп жатыр. Қытайда ішкі көші-қонның мұндай өзгерісі 2011 жылы сәуірде өткен халық санағы нәтижесінен де көрінген.

Ол есепте Қытайдың фабрика-зауыттары көп немесе жағалаудағы өнеркәсіп аймақтарындағы қалаларда тұрғындар саны соңғы он жылда ауыл халқы есебінен 14 пайызға өскені айтылған.

Ол санақта бірінші рет, қай жерде тұрып жатқанына қарамастан, еңбек мигранттары да есепке алынған.

ҚЫТАЙ ХАЛҚЫНЫҢ 38,3 ПАЙЫЗЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛҒАН

Қытайда ауылдан қалаға көшкендер қатары көбейген соң, 2011 жылы интернет қолданушы тұрғындар саны да бірнеше есе артқан. Бұл елдің ұлттық интернет
Интернет-кафеде отырған адамдар. Қытай, ШҰАР, Үрімжі қаласы, 14 мамыр 2010 жыл.
Интернет-кафеде отырған адамдар. Қытай, ШҰАР, Үрімжі қаласы, 14 мамыр 2010 жыл.
желісіне қатысты ақпарат орталығының дерегіне қарағанда, 2010 жылы 63 миллион болған интернет тұтынушылар бір жылдың ішінде 513 миллионға жеткен. Бұл – 1,3 миллиард Қытай халқының 38,3 пайызы. Ауылдық жерлерде де интернет қолданушылар саны 8,9 пайызға көбейген.

Өткен жылы Бейжің тұрғындарының 70 пайызы онлайнда отырған. Елдің кедей аймағы Гуйчжоу провинциясындағы жұрттың 24 пайызы ғана интернетке кіре алыд екен.

Қытай билігінің веб-сайттарды қатаң бақылауда ұстап отырғанына қарамастан, қытайлық микроблогерлер бұл платформада елдегі кейбір жайттарға наразылықтарын танытып, коррупциялық жанжалдарды талқылап, басқа да маңызды мәселелерді сөз етеді.

ҚАЗАҚСТАН: ҚАЛА ХАЛҚЫ – 54,6%, ИНТЕРНЕТІ БАР ТҰРҒЫНДАР – 41%

Салыстыру үшін айта кетейік, Қазақстанда да 1990 жылдары болған жекешелендіру мен нарықтық экономикаға көшу ішкі көші-қонды үдетіп, қала тұрғындарының санын көбейтті. Статистика агенттігінің дерегіне қарағанда, елдегі 16 миллион 615,1 мың адамның 54,6 пайызы қалада, 45,4 пайызы ауылда тұрады.

Қазіргі кезде Қазақстанның ең үлкен қаласы Алматы тұрғындарының ресми есебі – 1,5 миллион адам (бейресми деректер 2 миллион адамнан асатынын айтады).

Жалпы, Қазақстандағы қала мәртебесі бар 86 қаланың ірі деген 22 қаласында 7 миллионға жуық адам тұрады. Мәселен, жеті айдан бері мұнайшылар ереуілі болып, 2011 жылы 16 желтоқсанда 16 тұрғыны қаза тапқан Жаңаөзенде 120 мыңнан астам адам тұрады.

Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылдың соңындағы есебіне қарағанда, Қазақстандағы интернет тұтынушылар саны 6,7 миллион адам болған. Бұл – ел халқының 41 пайызы. Олардың 92 пайызы интернетті айына бірнеше мәрте қолданады.
XS
SM
MD
LG