Accessibility links

Теңгеге қарағанда юаньнің құны артып барады


Қытай валютасы. (Көрнекі сурет)

Қытай валютасы. (Көрнекі сурет)

«Үлкен жиырмалық» елдерінің президенттері юаньнің конверсиялығы мәселесін қарашаның басында Канныда талқыламақ. Бейжің юаньді тезірек еркін айналымға жіберсін деп, Батыс қысым жасап жатыр.


Франция президенті Николя Саркози – осы процестің белсенді жақтаушысы, онымен АҚШ-тың қаржы министрі Тимоти Гайтнердің де ойы бір жерден шығады. Қазан айының ортасында Парижде «Үлкен жиырма елдің» қаржы министрлері мемлекет басшыларының қарашада өтетін басқосуына арнап жағдай жасап қойды. Жұмыс тобының қозғайтын мәселелерінің бірі – юаньнің конверсиялығы және оны Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) валюта қоржынына енгізу.

Осымен бір мезгілде экспортты қолдау үшін юаньнің жасанды түрде төмендетілген бағамынан бас тартуға Бейжіңді мәжбүрлеу әрекеттері жасалып отыр. Қытай бой бермей, АҚШ пен Еуропадан бұл әрекеттерін доғаруды ауық-ауық талап етіп қояды. Дәл осы тұста Қытай долларды Доллар санап отырған қытай банкінің қызметкері. Хэйфей, 21 қыркүйек 2010 ж.

Доллар санап отырған қытай банкінің қызметкері. Хэйфей, 21 қыркүйек 2010 ж.

әлемнің жетекші валютасы мәртебесінен айыруға ұмтылуда. Бұл мақсатта оған кейбір БРИКС елдері белсенді түрде көмектесіп жатыр.

Осы ретте қазанның басында АҚШ сенаты Қытайға юань құнын көтерткізуге бағытталған заң жобасын мақұлдады. Қытайдың сыртқы істер министрлігі заң жобасын протекциялық жоба деп бағалап, АҚШ президенті әкімшілігін аталмыш заңға тыйым салуға шақырды. Оның үстіне, Қытай сауда саласында соғыстың басталу мүмкіндігі жайлы ескертті. Бұл іске Вашингтондағы қытай лоббистері де кірісті.

Қытайдың ұлттық банкі де бұл турасында арнайы мәлімдеме жасады. Оның мәлімдемесіне сәйкес, дисбаланстың себебі – юаньнің төмендетілген айырбас бағамы емес, сауда, инвестициялық сипаттағы факторлар, қор жинау және тұтыну мәселелері.

ЮАНЬ БАҒАМЫ 40 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕТІЛГЕН

Қытайдың валюта резерві бүгінде үш триллион доллардан асып отыр. Бұл – әлемдегі ең үлкен қор. Резервтің 70 пайызынан көбін Қытай доллар түрінде сақтайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ-тың Қытаймен арадағы теріс сауда балансы 4 есе аз болса, Еуропа Одағымен арада– 2,5 есе аз.

Орталық барлау басқармасының (CIA) мәліметтері бойынша, 2010 жылы Қытайға жіберілген америкалық экспорт жалпы экспорт көлемінің 7,2 пайызын, немесе 91,9 миллиард долларды құрады. Осы ретте АҚШ-қа жіберілген Қытай тауарларының импорты жалпы импорт көлемінің 19,4 пайызын, немесе 365 миллиард долларды құрады. АҚШ негізінде электротехникалық өнім, машина, ұшақ, оптикалық және медициналық аспаптар, астық, жеміс жеткізіп тұрады. Оның орнына Қытайдан Еуро және юань. (Көрнекі сурет)

Еуро және юань. (Көрнекі сурет)

электротехникалық өнім, машина, ойыншық, спорттық құрал-жабдық, жиһаз, төсек орын бұйымдары, аяқ-киім алып тұрады.

АҚШ-тың Қытайға салған тікелей инвестициялары 2009 жылы 49,4 миллиард долларды құрап, негізінде өндірісте және банк секторында пайдаланылды. Қытайдың АҚШ-қа салған тікелей инвестициялары 2009 жылы небәрі 791 миллион долларды құрап, негізінде көтерме саудада пайдаланылды.

Еуропалық комиссияның мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылы Қытайға әкелінген экспорт 113,1 миллиард еуроны, Қытайдан әкетілген импорт 281,9 миллиард евроны құрады. Экспорттың құрамында машиналар мен көлік құрал-саймандары, түрлі өнеркәсіп тауарлары мен химикаттар болды. Импортқа машиналар мен көлік құрал-саймандары шығарылды. Еуропа Одағының Қытайға салған тікелей инвестициялары 2010 жылы 4,9 миллиард еуроны, ал Қытайдың салғаны 900 миллион еуроны құрады.

Батыс саясаткерлері мен сарапшылары сауда дисбалансының басты себебін әлсіз юаньнен көріп отыр. Олардың пікірінше, юань бағамы нарықтағы нақты құнынан 40 пайызға төмен.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫТАЙМЕН АРАДАҒЫ ТАУАР АЙНАЛЫМЫ ШАРЫҚТАП БАРАДЫ

АҚШ пен Еуропа Одағына қарағанда, Қазақстанда «бәрі тыныш». Мұндағы жағдай бөлек. Қазақстанның кедендік бақылау комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының бестен бір бөлігіне жуығы – Қытайдың үлесінде. Осылайша, биылғы жылдың сегіз айы ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 12 277 миллион долларды, немесе ел тауар айналымының жалпы көлемінің 19,3 пайызын құрады. Сөйте тұра экспорт – 9 495 миллион доллар, немесе жалпы экспорт көлемінің 18,5 пайызын, импорт – 2 782 миллион долларды, немесе елдің жалпы импорт көлемінің 22,6 пайызын құраған. Ал осы тұста екі ел арасындағы тауар айналымының қарқыны бәсеңдер емес.

Қытайдың халық өкілдерінің Бүкілқыйтайлық съезіне қарасты тұрақты комитет төрағасы У Банго Қазақстан парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен болған кездесуден кейін былай деп мәлімдеді: «Былтыр екіжақты сауда айналымы 20 миллиард доллардан асты, оны 2015 жылға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қытай басшысы Ху Цзиньтао екіжақты келісімге қол қойған соң шарап ішіп тұр. Астана, 13 маусым 2011 ж.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қытай басшысы Ху Цзиньтао екіжақты келісімге қол қойған соң шарап ішіп тұр. Астана, 13 маусым 2011 ж.

таман 40 миллиард долларға дейін арттыру жоспарлануда». Бұл жайлы мәлімдемені «Қазақстан тудей» агенттігінің сайтынан көруге болады.

Қытай Қазақстанның мұнай және газ саласының 40 пайызын бақылап отыр. Былтыр Қытай Қазақстан экономикасына шамамен 5,5 миллиард доллар инвестиция салды.

Қазақстандағы юаньге келер болсақ, қазақ билігі юаньге Батыс елдері іспеттес талап қоймай отыр. Қазақстан ұлттық банкінің мәліметтеріне қарағанда, Қытай валютасына қатысты теңге бағамы ақырындап түсіп барады. Мысалы, 2006 жылы юаньге қатысты теңге бағамы орташа есеппен қарастырылған кезең бойынша 15,82 теңгеге тең болса, 2010 жылы – 21,77 теңге, ал 2011 жылдың үшінші тоқсанында 22,84 теңге болды.

Юаньнің жасанды түрде тежеліп отырған бағамының кесірінен Қазақстан ұтылып отыр ма? Бұл бір риторикалық сұрақ. Себебі доллар, сарапшылардың пікірінше, жете бағаланбай отыр. Қазақстан ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан мен Қытай арасындағы есептердің 99 пайызы – доллардың еншісінде.

Батыс мақсатына жеткен жағдайда юаньге қатысты теңге не болмақ? Юань бағамының түсуі теңгеге әсер ете ме? Немесе Қазақстан ұлттық банкі көршісін өкпелетпеуге тырыса ма? Ал әзірше Қазақстан президенті жаңа әмбебап валюта идеясын оқтын-оқтын ұсынып қана жүр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG