Accessibility links

Қытайдағы қазақ сайттарына шолу


Қытай қазақтарының kultegin.com сайтының скриншоты. (Көрнекі сурет)

Қытай қазақтарының kultegin.com сайтының скриншоты. (Көрнекі сурет)

Бұл аптада Қытайдағы төте жазумен шығатын қазақ сайттары әдеттегідей қазақстандық ақпарат құралдарындағы хабарларға көбірек орын берді. Сайттар бір біріне сілтеме жасай отырып, мақаларды көшіріп басумен шектелген. Біз өзгеше тақырыптарды жазған kultegin.com мен kerwen.com және senkazakh.com сайттарына шолу жасадық.

«АЗ ҰЛТТАРДЫ ҚЫТАЙЛАНДЫРУ»

«Күлтегін» бұл аптада оқырмандар талқысына қытайдың blog.sina.com. сайтында жарияланған «Аз ұлттарды қалай жоюға болады?» атты мақаланы ұсыныпты. Мақалада Шыңжаң өңірін мекендеген аз ұлттарды қалай қытайландыруға болатыны туралы айтылған.

Осыған орай пікір білдірген оқырмандар «Өз ұлтынан өзге ұлтты жоғары қоятындар санының көбейіп келе жатуы миллиардтардың аз ұлттарды ассимиляциялау тықырының таянғаны» деген ой түйеді.

Бұл сайтта жарияланған енді бір мақала «Қазақтар – әлемдегі 60 ірі ұлттың бірі» деп аталады. Автор «Жан саны жағынан 1 миллионнан асатын ұлттардың ұзын саны 100 болса, 10 миллионнан асатын ұлттар саны – 60. Қазақтар осы саны жағынан ірі 60 ұлттың бірі» деп жазады.

ҚАПШАҒАЙ, ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

«Сен – қазақ» сайтында жарияланған көлемді мақалалардың бірі «Қапшағайды Қытай құртады» деп аталады.

«Қазақстандағы ең суы мол екі өзен – Ертіс пен Іленің өре басы Қытай елінде жатыр. Алайда трансшекаралық өзендердің суын бөлісуде халықаралық заңдылық сақталмай отыр. Қытай елі егіс алқаптарын жанталаса көбейтіп, екі өзеннің басын Қытайдағы senkazakh.com сайтының беті.

Қытайдағы senkazakh.com сайтының беті.

байлап, суын бұрып алу саясатын жүзеге асырып үлгерген. Іленің мол суына бөгеу салған Қытай қазірдің өзінде 3,5 текше шақырым су көзін алып қалып отыр. Ұзын аққан Ертіс өзенінің басындағы жағдай да мәз емес. Дерек көздеріне сүйенсек, Қытай тарапы 2020 жылға қарай «Ертіс-Қарамай» каналына 4 текше шақырым су алуды жоспарлап отыр. Қытай мемлекеті Шыңжаң ұйғыр автономиясы орналасқан аймаққа егіс алқаптарын ұлғайтып, Қазақстанға келетін өзендердің басын байлап, мол суды қамтып қалу саясатын ұстануда» деп жазады мақала авторы.

«Сен – қазақ» сайтында Қытайдағы қазақтардың тілге байланысты уайымдары да сөз болған. Оқырмандар тарапынан қызу талқыланған жазбалардың бірі – мына пікір:
Алдымен санымызды, кейін сапамызды қытайшалап жүреміз бе?
«Күннен күнге қазақ тіл қолдану аямыздың тарайып бара жатқаны қазақ қанды әр пенденің басындағы күңгірт қара бұлт болып жүргені анық. Әзір ауылдағы егінші-малшың бол, қаладағы кәдір-кәпсегің бол, кәрің бар, жасың бар, бір-біріне телефон нөмірді сұраса, айтса болды – ханзуша сарнай жөнеледі. Бұл бір қарағанға жәй әдет болғанымен, ары қарай үңілер болсақ, алдымен санымызды қытайшаласақ, кейін сапамызды да қытайшалап жүреміз бе?»

ГАЗ ҚҰБЫРЫ

«Керуен» сайты осы аптада «Жуңго қазақтары» атты деректі фильм жариялады. Фильмде Қытай, оның ішінде Шыңжаң қазақтарынан шыққан белгілі тұлғалар, қазақ Kerwen.com сайтының скриншоты.

Kerwen.com сайтының скриншоты.

мәдениеті, бүгінгі қытай қазақ әдебиетінің қытай тіліне аударылуы туралы деректер айталған.

Бұл сайт «Жуңго-Қазақстан табиғи газ құбыры тұтастыру алдында тұр» атты мақаласында «8 қараша күні Бежіңде Сарбұлақ-Жеменей табиғи газ құбырын салу және қолдану селбестігіне ресми түрде қол қойылғанын» айта келе, «Қазақстан аумағындағы 92 шақырым мен қытай аумағындағы 23,5 шақырым жердің құбыры дайын тұр. Енді тек шекара бекетіндегі үш шақырым жерге құбыр тарту ғана қалды» деп жазыпты.

«Керуен» сайты осы аптада Қытайдың жаңа басшысына арналған толғау өлеңдерді, көркем шығармаларды жариялады.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG