Accessibility links

Costa Concordia кемесіндегі қазақстандықтар аман-есен


Джильо аралы маңында суға батқан Costa Concordia кемесі. Италия, 16 қаңтар 2012 жыл.

Джильо аралы маңында суға батқан Costa Concordia кемесі. Италия, 16 қаңтар 2012 жыл.

Қаңтардың 13-і күні апатқа ұшыраған итальяндық Costa Concordia («Коста Конкордиа») кемесінде құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бұл апаттан оннан астам адам қаза тапты. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 24 адам табылмаған.


Осыдан бір күн бұрын кемеге иелік ететін компанияның басшысы Луиджи Фоска лайнер апатына капитан Франческо Скеттиноны айыптады. Адам өліміне байланысты тұтқындалған капитан «кеме картада көрсетілмеген рифке соғылды» дейді.

Аман қалғандардың арасында Қазақстан азаматы Лола Агеева бар. Ол Азаттық радиосына берген сұқбатында кеме бортында болған барлық қазақстандықтардың құтқарылғанын айтты.

- Лола, сіз қаңтардың 13-і күні Италия жағалауында апатқа ұшыраған Costa Concordia кемесінде болған екенсіз. Ол жаққа демалуға бардыңыз ба?

- Күйеуім Рүстем екеуіміз Ресей мен Қазақстанда балаларға арналған парктер Қазақстан азаматы Лола Агеева.

Қазақстан азаматы Лола Агеева.

салатын «Хэппилон» компаниясында жұмыс істейміз. Демалысымызды алдын-ала жоспарлап, осы кемеге мініп, саяхат жасағымыз келген. Балаларымызды Қазақстанда қалдырып, күйеуіміз екеуіміз демалмақ едік.

- Кеме суға бата бастаған кезде не істеп отыр едіңіз?

- Сол кезде біз ресторанда кешкі асымызды ішіп отырған едік. Кеме кенет тербеліп, бір бүйіріне қисая бастады. Бар нәрсе домалап кетті. Біз құтқару қайықтары тұрған жерге жүгіре бастады. Бір кезде жарық сөніп қалды. Эвакуацияны бір жарым сағаттай күттік. Кеме одан сайын қисайған соң ғана бізді құтқару қайықтарына мінгізе бастады. Жолаушылар түгел сыймағандықтан біртіндеп шығарылды.

- Кеменің апатқа ұшырауына капитан Франческо Скеттиноны кінәлап жатыр. Сіздің пікіріңізше, кеме командасы өз міндетін қалай орындады?

- Иә, кеме капитанының ісі жақсы болған жоқ. Соның қателігінен кеменің апатқа ұшырағанын түсініп отырмыз. Шынымды айтсам, бізді қатардағы қызметкерлер таң қалдырды. Олар міндеттерін жақсы орындады. Өздерінің жағдайына қарамастан, бізге көмектесіп, құтқару қайықтарына мінгізді.

- Сіздерге қауіпсіздік нұсқаулары берілді ме?

- Бұл біздің теңіздегі бірінші саяхатымыз емес. Әдетте кемемен саяхат жасаған Costa Concordia суға батып жатыр. Италия, 14 қаңтар 2012 жыл.

Costa Concordia суға батып жатыр. Италия, 14 қаңтар 2012 жыл.

кезде төтенше жағдай бола қалса, қайда бару керек, не істеу керек, қайда қашу керек дегенді түсіндіретін. Бұл жолы ешқандай нұсқау берілмеді. Ешкім бізге ешнәрсені түсіндірмеді.

- Кеме суға бата бастаған кезде сізге қандай ой келді?

- Мен Қазақстанда қалған төрт баламды уайымдадым. Дәл сол сәтте күдерімізді үзіп едік. «Бұл сұмдықтан құтылармыз» деп те үміттендім. Бізге «жағдайды бақылап отырмыз, сәл күтіңіздер» деді. Оңынан бітсе екен деп күтіп отырдық. Бірақ ақыры кеменің суға батып жатқанын, оның электр жарығымен байланысы жоқтығын түсінген соң өзімізді өзіміз құтқаруға кірістік.

- Кейбір адамдар аман қалу үшін суға секірген екен. Сіз де сөйтпек болдыңыз ба?

- Иә, біз де суға секіруге дайын едік. Бізге кеудеше кигізген. Бірақ құтқару қайықтарына мінгізілген алғашқы топтың арасында болдық. Сондықтан суға Costa Concordia кемесі суға батып жатыр. Италия, 14 қаңтар 2012 жыл.

Costa Concordia кемесі суға батып жатыр. Италия, 14 қаңтар 2012 жыл.

секірмедік. Біздің көзімізше де ешкім секірген жоқ. Ең соңында дүрбелең басталған соң адамдар аман қалу үшін суға секіре бастады. Біз аман-есен құтқарылдық.

- Кемеде сізден басқа қазақстандықтар болды ма?

- Иә, жеті адам едік. Бәріміз аман қалдық.

- Қазақстан елшілігі мұндай төтенше жағдай кезінде сіздерге көмектесе алды ма?

- Иә, Қазақстан консулы дереу бізге хабарласып, құжаттарымызды реттеуге көмектесті. Біз қазір Римдеміз. Ертең Алматыға қайтамыз.

- Сұқбатыңызға рақмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG