Accessibility links

Ресей жарнамалаған Қырымның келбеті


Қырымдағы қымбатшылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:48 0:00

ВИДЕО: Қырымдағы қымбатшылық

Ресейлік туристерді жазғы демалысын Қырымда өткізуге шақыратын жарнамалар шықты. Олар түбекті «жер жәннаты» етіп сипаттайды. Бірақ мемлекеттік арнадағы жарнама мен Қырымдағы туристер ахуалы - жер мен көктей.

Қазіргі Қырым шынымен жарнамада айтылғандай ресейлік туристер аңсаған ғажайып демалыс орны ма, әлде күн санап инфляцияға жұтылып бара жатқан «алдамшы тұзақ» па?

Ол жағын ажырату үшін кімге сенетініңізді анықтап алыңыз: Ресей мемлекеттік арнасындағы жарнама Қырым түбегіне жетер жер жоқ десе, түбекте тұратындардың пікірі басқа.

«ҚЫСҚАСЫ, КЕТТІК ҚЫРЫМҒА!»

Қырымға туристер шақыруды мақсат еткен жарнамада бір әулет тұтас (ата-апасынан бастап, немерелеріне дейін) дастархан басында отыр. Олар жазда қайда демалу керек екенін талқылайды. «Денсаулығымды түзеп, рахаттанып демалсам, бірақ қатты шығындалмасам» дейді «аталары». Сол кезде керемет хауыздар мен жасыл желекті ну ормандар жайқалған көрініс экранға шығады.

Алайда, Қырым астанасы Симферопольдегі көкөніс базарының алдында тұрған қала тұрғыны жағдайдың басқандай екенін айтады. «Ресейліктердің өзі мұнда келгенде шошып кетті. Былтыр демалып кетіп, биыл қайта келгенде туристер тіпті есеңгіреп қалды. Қазір бұл жақтың бағасы Мәскеумен бірдей» дейді ол.

Ал жарнамадағы «әжей» «Біз теңізге баруға тиіспіз!» деп шабыттана сөйлейді. Одан ары таңғажайып әсем жағажайлар көрсетіледі. «Ол жерде кипаристер жайқалып тұрсын, құм да болсын! Соның бәрі біздікі болса!».

Ал Қырымның батысында, Қара теңіз жағалауында орналасқан Николаевка қаласында демалып қайтқан ресейлік турист «Бәрі де 24 жыл бұрынғыдай! Күннің шуағы да, теңіз де, тіпті ғимараттар да сол күйі. Бірақ бағалар шарықтап кеткен, адам сенбейтіндей дәрежеде өсіпті» дейді.

- 20 километр жерге апару үшін такси 1 мың 200 рубль (20 доллар шамасында) сұрайды. Мұндай баға Норильскіде, Ресейдің ешбір жерінде, тіпті Сочиде жоқ, - дейді ол таңданып.

Ал жарнамадағы «отбасы» нені армандайды? «Әжелері» «Маған ертегі елі керек. Қорғандар, саябақтар мен бау-бақшалар» дейді арманға толы көзбен. Бұл кезде экранға ортағасырлық бекіністер мен сәулетті сарайлар шығады. «Көруге тұрарлық дүниелер болса» дейді жарнамаға түскен актриса, сол кезде шет-шегі жоқ хауыздар мен салтанатты шипажайлар көрініс береді.

«Жақсы тамақ ішкенге не жетсін!» деген кезде камера теңіз жағасындағы қуырылған шаян еті мен басқа да жеңсік тағамдарды көрсетеді. Осының бәрін қорыта келе әке рөліндегі актер «Қысқасы, кеттік Қырымға!» дейді.

«ҚЫРЫМ ЛАСТАНА БАСТАҒАН»​

Ресей Қырымды қосып алғалы 16 ай өтті. Билік түбекті ресейліктер демалатын негізгі туризм орталығы жасауға тырысып жатыр. Санкциялардан соң ресейлік рубль құнсызданып, мұнай бағасы арзандады, сондықтан ресейліктерге рубльмен есептесетін аймақта демалған тиімді.

Қырымның батыс жағалауындағы Николаевка қаласы. 25 шілде 2015 жыл.
Қырымның батыс жағалауындағы Николаевка қаласы. 25 шілде 2015 жыл.

Бірақ аннексиядан соң түбекте инфляция басталды, жергілікті экономика ресейлік бағамен реттелетін болды, өзі мәртебесі әлі анықталмаған даулы аймақ болып тұр. Бұрын Қырымның жағажайларынан шықпайтын украиналықтардың көбі қазір бұл жерге келмейтін болған.

Ал барып келгендері Азаттықтың Украин қызметіне «Қырымның бұрынғыдан көп өзгергенін» айтты. Түбектің Николаевка қаласына Луганск облысының Киев бақылайтын аймағынан барған украиналық мұғалім «жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы табу үшін Қырымға арнайы келгенін» айтты.

2010 жылы биліктен кеткен президент Виктор Януковичті қолдап дауыс берген, қазіргі Киевтегі билікке қарсы пікірдегі әйел «украиналықтарға талаптың күшейгенін» айтады.

Ол өзін нашар жерге орналастырғандарын, түбектің жағдайы төмендеп бара жатқанын әңгімеледі. «Жол шетіне шөп өсіп кеткен - оны ешкім шаппайды, қоқыс шашылып жатыр - ешкім жинамайды. Түбек ластана бастаған. Оған ешкім жауап бермейді» дейді ол.

Том Бэлмфордтың мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG