Accessibility links

Мұстафа Жемилевтің ұлы Қырымда қамауда отыр


Қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилев. Киев, 15 наурыз 2014 жыл.

Қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилев. Киев, 15 наурыз 2014 жыл.

Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилевтің ұлы Хайсер Жемилевті босатуды талап еткенмен, оны әлі Қырымда тұтқында ұстап отыр.

Қырым татарлары межлисінің бұрынғы басшысы Мұстафа Жемилевтің ұлы Хайсер Джемилев қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілігіп, 2013 жылдың мамырынан бері Қырымда қамақта отыр. Қылмыстық іс материалына қарағанда, ол Бақшасарайдағы үйінде мылтық атып, Жемилевтердің күзетшісі болған Февзи Эдемовті мерт еткен.

Киев апелляциялық соты мұны байқаусызда болған іс деп танып, Хайсер Жемилевті босатуға қаулы еткен. Жуырда Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот Хайсер Жемилевті босату туралы шешім шығарды. Ресей мен Украина үкіметтеріне оның бостандық құқығын және қатігез қарым-қатынастан қорғану құқығын сақтауды қамтамасыз ету жайлы нұсқау жіберілген.

Бірақ Қырымның тергеу орындары түбек Ресей қарамағына өткен соң бұл істі қайта қозғап, Хайсер Жемилевті қамауда ұстап отыр. Әкесі Мұстафа Жемилевтің пікірінше, тергеушілер бұл істі әу баста қыңыр тексеріп, қасақана кісі өлтірді деп ұлынан қисынсыз күдіктенген.

Азаттықтың Украин қызметінің жазуынша: «Бақытсыз оқиғаны мүлдем басқаша ауанға салды. Тіпті марқұмның жұбайы да ешқандай талабы жоғын айтқан. Ол ері мен Хайсердің арасы жақсы болғанын білетін, сондықтан оқиғаны бақытсыз жағдай деп біліп, ұлымды босатуды өтінген» дейді Мұстафа Жемилев.

Хайсер Жемилевтің ісін Ресейдің Қырымдағы тергеу комитеті де, Киев прокуратурасы да тексеріп жатыр дейді Мұстафа Жемилевтің адвокаты,

Ресейлік арнайы жасақ Қырымда жаттығып жүр. Симферополь. 17 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейлік арнайы жасақ Қырымда жаттығып жүр. Симферополь. 17 мамыр 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

құқық қорғаушы Аркадий Бущенко. Оның айтуынша, іс Киевке «Оккупацияланған аумақ жайлы» заң негізінде берілген. Ресей Украина құрамында болған Қырымды биыл наурызда аннексиялаған еді.

«Ақыры іс барысы бойынша байқаусызда кісі өлтіру бабына ауыстыру туралы өтініш орындалған» деді Аркадий Бущенко журналистерге.

Адвокаттың айтуынша, украиналық соттар Хайсер Жемилевке қатысты шараны өзгерту жайлы екі рет шешім шығарған. Оны босатуды әуелі Киев апелляциялық соты, кейін Киевтің Деснян аудандық соты үкім еткен.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің мәліметінше, аннексияланған Қырымның билігі Хайсер Жемилевке қару сатты деген айып та таққан.

Қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилевтің жақтастары оның ұлын қудалауды Ресейге бағынышты Қырым билігіне қарсы шыққан әкесіне саяси қысым жасау құралы деп біледі.

«Бұл оккупацияға қарсы, оккупанттар таңған билікке қарсы халықтың, Янукович режимімен күрескен халықтың – қырым татары халқының жетекшісіне жасалған қысымның айқын мысалы» дейді Украина әділет министрі Павел Петренко.

Қырым билігі қырым татарлары жетекшісі, 1991-2013 жылдары Қырым межлисін басқарған Мұстафа Жемилевті экстремизмге қатысты айыптап, биылғы сәуірден бастап бес жыл бойы Қырымға кіруіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG