Accessibility links

Джохар Царнаевтың әлеуметтік желідегі арашашылары


Джохар Царнаевтың суретін компьютер мониторынан қарап отырған адам. Көрнекі сурет.
Джохар Царнаевтың суретін компьютер мониторынан қарап отырған адам. Көрнекі сурет.

«Индепендент» басылымы Бостондағы жарылысқа күдікті ретінде ұсталған Джохар Царнаевты арашалауға арналған арнайы беттер пайда болғаны туралы жазады.

Сәуірдің 23-і күні «Индепендент» (Independent) басылымында жарияланған Джон Холдың мақаласында әлеуметтік желілерде Джохар Царнаевты арашалауға арналған парақтардың көбейгені туралы айтылады.

Twitter мен Instagram-дағы #FreeJahar хэштегінің вирус сияқты тез тарап бара жатқанын жазған автор қолданушылардың «басым бөлігін астыртын әрекет теориясына сенетіндер мен жасөспірім қыздар құрайды» дейді.

«ОЛ ҮШІН ДҰҒА ЖАСА»

Джон Холдың жазуынша, әлеуметтік желідегі бетке қолдау танытқан көп адам 19 жастағы жігітке айып «ойдан таңылды» деп сенеді. «Facebook-тегі «Джохар Царнаев айыпты емес» бетіне 12 мың адам пікірлес екенін білдірген. «Қолданушылар Царнаевты «ауыр сырқат, түсініктеме беруге қабілетсіз» десе, америкалық бітістіруші судья Марианна Боулер оны «тергеуге болады, ес-ақылы орнында» деп сипаттады».

Мақала авторы Reddit сайтының пайдаланушылары «Бостонды бомбалаушыларды табу» деген бетке суреттер салып, өткен аптадағы оқиғаға қатысты жорамалдарымен бөліскенін жазады. «Билік оған алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілер «мыстандарды аулау» үшін қолданыла бастады дейді».

Басылым Царнаевты интернет арқылы ақтағандарды мысалға келтірген. Twitter-де @Camila_Jimenez деген атпен шығатын пайдаланушы Джохар Царнаевтың бейнебақылау жүйесіндегі суретін салыстырып, жарылысқа дейінгісі мен кейінгісі сай келмейтіні туралы жазыпты. Ал @J_Tsarsupport есімді қолданушы жарылыстан зардап шеккен адамның көрнекі суретін салып, «мұндай жарамен аман қалу мүмкін емес еді» деген қортынды жасайды.

«Twitter-дегі #FreeJahar парағын бір минутта екі адам ашып қарайды. Астыртын әрекет теориясына сенушілер тәрізді жасөспірім қыздар да Twitter мен Instagram арқылы Джохар Царнаевтың жазықсыз екенін дәлелдеу үшін "Jahar" деген жазуы бар білезік таққан суреттерін салып жатыр» деп жазады ол.

Twitter-де @sputnik51210 есімді қолданушы: «@j_tsar @xxjungaxx @TroyCrossley @FreeJahar-ға «Дұға жаса және жақсы көр» деп жазып, «Free Jahar» білезігін тағып алған. Instagram-да freejaharxo есімді қолданушы: «Оның бостандығы үшін дұға жаса! #FreeJahar #Jahar #Dzokhar #Freedom» деп жазып, күлімсіреген жас қыз бен махаббат белгісін білдіретін жүректің суретін енгізген.


КІНӘЛІ МЕ, ӘЛДЕ ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАН БА?

«Индепендент» болған жағдай туралы қысқаша баяндаған. «Джохар Царнаев жаппай қырып-жою қаруын қолданып, үш адамның өмірін қиғаны үшін және 200-астам адамды жаралағаны үшін айыпталды. Қылмысы дәлелденсе ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Өз-өзіне қол жұмсап, бірақ аман қалды делінген Царнаев жұма күні кешке бақша ішіндегі қайыққа жасырынып жатқан жерінен табылды. Алқымынан жараланған ол сөйлей алмай қалыпты-мыс. Көп қан жоғалтқан күдікті ауруханаға түсті».

Ресми расталмаған деректер Царнаевты ағасын атқан полиция қызметкерлері жаралаған дейді. Жексенбі күні сол полицейлер «Тамерлан Царнаевты інісі (Джохар) көлікпен басып өлтірді» деп хабарлады.

Автордың жазуынша, «екі күдіктінің әкесі Анзор Царнаев Дағыстаннан АҚШ-қа келіп, «шындық пен әділдік іздейтінін» мәлімдеген. Ол ұлдарын айыпты етіп көрсету «біреулер үшін тиімді, шын мәнінде олар астыртын әрекет құрбаны» деп санайды. «АҚШ үкіметі Тамерланның әйелі Кэтрин Расселден түсініктеме алмақ» деп жазады «Индепендент».
XS
SM
MD
LG