Accessibility links

Сепаратистер "референдумге" әзірленіп жатыр


Украина мемлекеттік күзет қызметі аймақтық кеңсесі басып алған ресейшілер митинг өткізіп тұр. Луганск, украина, 27 сәуір 2014 жыл.

Украина мемлекеттік күзет қызметі аймақтық кеңсесі басып алған ресейшілер митинг өткізіп тұр. Луганск, украина, 27 сәуір 2014 жыл.

Шығыс Украинадағы сепаратистер аймақтың мәртебесіне қатысты "референдум" өткізу ниетінен қайтпай отыр. Олар наурызда Ресейге қосылған Қырымның жолын қайталамақ сыңайлы дейді сарапшылар.

Шығыс Украинада билікке қарсы көтерілген сепаратистер Ресей президенті Владимир Путиннің "референдумді" кейінгі қалдыру туралы үндеуіне қарамастан, аймақтың мәртебесіне қатысты "референдум" өткізетіндерін айтып отыр. Азаттық тілшісі "референдум" өткізуге қатысты сауалдарға жауап іздеп көрді.

"РЕФЕРЕНДУМ" ҚАЙДА ӨТЕДІ?

"Референдум" Донецк пен Луганск облыстарында өтеді. Ресеймен шектесетін бұл екі аймақта соңғы аптада ресейшіл және украиналық күштер аяусыз шайқасты. Дауыс беруді өздерін "Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасы" деп атаған аймақтың сайлау комиссиясы ұйымдастырады.

Донецкідегі сайлау комиссиясы жетекшісі Роман Лягин 25 мамыр күні өтетін президенттік сайлау алдында үкіметтің дайындаған инфрақұрылымын "референдум" өткізуге пайдаланатындарын айтады.Олар президенттік сайлаудың өз аймағында өтуіне кедергі келтірмек.

ҚАНДАЙ САУАЛ ҚОЙЫЛАДЫ?

Сайлаушылар «Мемлекеттік егемендік актісін қолдайсыз ба?» деген сауалға «иә» немесе «жоқ» деп ғана жауап береді. «Егемендік» термині қандай мағынада қолданылатыны - олар Украина ішінде тәуелсіздік алмақ па, әлде одан бөлінбек пе - ол жағы түсініксіз.

Сайлау бюллетеньдері орыс және украин тілдерінде толтырылады. Дауыс беру Ресейшіл сепаратистер басып алған облыстық әкімшілік жанында референдум туралы хабарландыру оқып тұрған адамдар. Донецк, 9 мамыр 2014 жыл.

Ресейшіл сепаратистер басып алған облыстық әкімшілік жанында референдум туралы хабарландыру оқып тұрған адамдар. Донецк, 9 мамыр 2014 жыл.

әдісі Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі "референдумге" ұқсайды.

Өткен айда Киевтегі халықаралық әлеуметтану институтында жүрігізлген сауалнама Донецк пен Луганск облыстарындағы респонденттердің 10 пайыздан астамы Украинадан бөлінуді қолдайтынын көрсетті.

Бақылаушылар болмағандықтан «иә» деп жауап бергендер ғана саралануы мүмкін деген қауіп бар. Сайлауға қатысатын тұрғындар санының төменгі шегі белгіленбегендіктен, жалпы дауыс берушілер саны аз болса да сепаратистер жеңіске жеттік деуі мүмкін.

Лягин «ештеңеге қарамастан референдум сәтті өтті деп санаймын» деді. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы 12 мамыр күні, ал түпкілікті нәтижесі бір аптаның ішінде белгілі болмақ.

«ИӘ» ДЕГЕНДЕР БАСЫМ ТҮССЕ ШЕ?

Үкіметке қарсы бүлікшілер мен олардың шығыс Украинадағы жақтастары Киевке барынша тәуелсіз болуды көздейді, бірақ соған қалай қол жеткізуді нақтылаған жоқ. Біреулері Украина ішіндегі автономия болайық десе, екіншісі тәуелсіз Жеңіс күні Донецкіде ресейшілер өткізген жиынға қатысушылар. 9 мамыр 2014 жыл.

Жеңіс күні Донецкіде ресейшілер өткізген жиынға қатысушылар. 9 мамыр 2014 жыл.

мемлекет құруды немесе Ресейге қосылуды ұсынады.

Бірқатар ресейшіл саясаткерлер өздерін Донецк және Луганск республикалары деп атаған аймақтар бірігіп, Украинаның орыс тілді шығысы мен оңтүстігін қамтитын бір үлкен автономиялық аумаққа айналсын дейді. Жаңа құрылымды «Жаңа Ресей федеративтік республикасы» атау туралы да ұсыныс бар, бірақ ол Ресейдің бір бөлігі бола ма, жоқ па, – ол жағы белгісіз.

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Олег Царев Донецк пен Луганскідегі сепаратистік топтардың жетекшілері «иә» деген жауап басым түссе көрші облыстағы әріптестерімен ақылдасады дейді. Царев жақында президенттік сайлауға үміткер болудан бас тартты, қазір тақауда құрылған Оңтүстік-Шығыс қозғалысын басқарады. Қозғалыс Киевтен автономия ретінде бөліну үшін әрекет етеді.

"РЕФЕРЕНДУМДІ" КІМДЕР МОЙЫНДАЙДЫ?

Киевтегі билік өкілдері елдің шығыс аймағында сепаратистер өткізгелі отырған "референдумды" заңсыз деп танитындарын мәлімдеді. Президенттік сайлаудың кандидаты, олигарх Петр Порошенко оны «Украина мемлекетін жікке бөліп, оны әлсіретуді көздейтін алаяқтық» деп атады.

Киев орталықтан бөліну үшін өз референдумын өткізуді ұсынады, бірақ алдымен шығыс Украинадағы шайқас аяқталсын дейді. Ресей парламентінің төменгі палатасы - Мемлекеттік дума бақылаушылар жіберуден бас тартты. Кремль Қырымда "референдум" өткенде өз әскерилерін жіберген еді, осы жолы ұстамдылық Ресейшілер шеруінде қару ұстап тұрған әйел. Луганск, Украина, 9 мамыр 2014 жыл.

Ресейшілер шеруінде қару ұстап тұрған әйел. Луганск, Украина, 9 мамыр 2014 жыл.

танытты. Ресей президенті Владимир Путин 7 мамыр күні Донецк пен Луганск "референдумді" кейінге шегерсін деген еді.

Ресей шығыс Украинаны аннексия жасайтын ниеті туралы ашық мәлімдеген емес. Бірақ сайлауда «иә» деген дауыс басым түссе Мәскеу шығыстағы "орыс тілділердің құқығын қорғаймыз" деп, әскерін жіберуі мүмкін. Путин 7 мамыр күні Украина шекарасына жиналған 40 мыңға жуық ресейлік әскерилер жаттығу орнына оралды деді. НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен 8 мамыр күні Путин айтқандай "әскердің шекарадан алшақтағанын байқамадық" деді.

Халықаралық қауымдастық Украинаның шығыс аймағындағы "референдумды" заңды деп танымайды. Батыс бақылаушылары да оны есепке алмайды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинадағы бұл "референдумді" "ойдан шығарылған, жасандылық" деп атап, "бірде-бір өркениетті ел оның нәтижесін есепке алмайды" деді. Наурыз айында Ресейдің Қырымды аннексия жасауын айыптаған БҰҰ қарары қабылданып, 100-ге жуық ел Украинаны қолдаса, он мемлекет Ресейді жақтаған.

Клэр Биггтің мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG