Accessibility links

Электр желіcінің сәулесі аңдарды үркітеді


Бұғы. (Көрнекі сурет)
Бұғы. (Көрнекі сурет)

Жоғары вольтті электр сымдары аңдардың табиғи көшіп-қонуына кедергі келтіреді. Желіден таралатын ультракүлгін сәуледен үріккен аң оның астымен өте алмайды дейді мамандар.

ЖАСАНДЫ ШЕКАРА

Арктика мен Африканың көптеген аңдары жоғары вольтті электр сымдарының маңына жоламайды. Құрлықты кесе-көлденеңдей айқыш-ұйқыш тартылған сымдар олардың табиғи өмір сүру ортасын бөлетін шекара рөлін атқарып кеткен. Соның кесірінен аңдар бір-бірінен оқшауланып қалған дейді мамандар.

Бұған дейін аңдардың өсімдікті алқапта электр сымдарының бойымен жүргізілген сызықтарды кесіп өтпеу себебі – олар бұл сызықтарды табиғи шекара деп түсініп, «кесіп өтсек жыртқыштарға жем боламыз» деп қорқады деген долбар айтылып келген еді. Бірақ бұл түсіндірме кей жағдайда қисынға келмей жататын. Мәселен, ағаш өспейтін тундра алқаптарында.

Жаңа зерттеу нәтижелері дәлелдегеніндей, мұндағы бар гәп – аңдардың электр сымдарынан таралатын ультракүлгін сәулелерді көру қабілетінде жатыр екен.

ШҰҒЫЛА ШАШҚАН ЖЕЛІЛЕР

Лондондағы Университет колледжінің профессоры, нейролог-ғалым Глэн Джефри мен оның әріптестері осы аптада Conservation Biology журналының онлайн-нұсқасына осы зерттеудің нәтижелерін жариялады.

– Біз солтүстік бұғыларына зерттеу жүргізіп, олардың ультракүлгін сәулені көретінін
Жоғары вольтті электр желісі. (Көрнекі сурет)
Жоғары вольтті электр желісі. (Көрнекі сурет)
байқадық. Электр сымдарынан ультракүлгін сәуле таралатыны белгілі. Бұларды бір-біріне қарсы қою арқылы бұғылардың оларды тек көріп қана қоймайтынын түсіндік. Әсіресе қыс мезгілінде олардан таралатын сәуле самаладай жарқырап, от шашып тұрады. Арктиканың поляр түніндегі қараңғылық кезінде олар көкжиектен жарқ-жұрқ етіп, аңдарды қатты шошытатын сыңайлы, – деді Джефри.

Ғалымның айтуынша, көп аңдардың көздеріне жүргізілген анатомиялық зерттеу нәтижелері олардың ультракүлгін сәулені жақсы сезінетінін көрсетті. Зерттеу сиыр, мысық, ит, атжалман, жарқанат, окапи, қызыл панда және кірпіге жүргізілген.

Электр зарядтарынан бөлінетін ультракүлгін сәулелер адам көзіне байқалмайды.



«СЫМДАРДЫ ЖЕРГЕ КӨМУ КЕРЕК»

Глэн Джефридің айтуынша аңдардың электр бағандарынан үркуі сүтқоректілер мен құстардың табиғи миграциялық процестерін, жайылу, қоректену және көбею мүмкіндіктерін шектейді.

– Бір кездері Норвегияның оңтүстігіндегі кең алқапта солтүстік бұғылары мекендейтін. Қазір адамдар тұрғызған құрылғылар мен электр сымдарының
Лондондағы Университет колледжінің профессоры Глэн Джефри.
Лондондағы Университет колледжінің профессоры Глэн Джефри.
кесірінен олар бір-бірімен мүлде қатынаспайтын 23 бөлек үйірге бөлініп кетті. Қазір олар шағын топ болып өмір сүретіндіктен, бұл олардың генетикалық жаңаруын шектейді. Аңдар үлкен алқапқа мүлде аяқ баспайтын болған. Жердің бос қалуы, аңдардың еркін жайыла алмауы және генетикалық әркелкіліктің сақталмауы – үлкен мәселе.

Джефри аңдардың бір алқаптан екіншісіне еркін көшуі үшін кей жерлерде электр сымдарын жерге көмген дұрыс деп санайды. Сымдарды жердің астымен жіберу жердің үстімен баған арқылы сым тартқаннан он есе қымбатқа соғады.

Ғалымның екінші ұсынысы – ультракүлгін сәулелерді аңдардың көзінен көлегейлеу үшін сымдардың сыртын арнайы жабумен қаптау қажет.

Ануан Блуаның материалын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG