Accessibility links

Хосни Мүбәрәктің үкімі наразылыққа ұласты


2 маусым күні Египет соты елді 30 жыл басқарған бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті «шерушілердің өліміне қатысы бар» деп айыптап, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті. Мүбәрәк пен ақталып кеткен 6 қауіпсіздік қызметкерінің үкіміне наразы жұрт кешеден бері Тахрир алаңынан кетпей тұр.

Хосни Мүбәрәкпен бірге елдің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли де өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Прокурорлар Мүбәрәк пен экс-министрге 2011 жылы "Араб көктемі" кезінде үкіметке қарсы халық толқуларында қаза тапқан 850 адамның өліміне кінәлі деген айып тақты. Жаппай бас көтеру кезінде Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен еді.

Хосни Мүбәрәкпен бірге «демонстранттар қазасына қатысы бар» деп айыпталған бұрынғы алты полиция басшысы ақталып шықты.

Судья Ахмед Рефаат экс-президенттің ұлдары Алаа Мүбәрәк пен Гамаль Мүбәрәкке, Хосни Мүбәрәктің тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысына тағылған айыптарды алып тастау туралы үкімді оқыған соң оған наразы болған сот Сот ғимараты алдында Хосни Мүбәрәктің суретін ұстап тұрған адам. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Сот ғимараты алдында Хосни Мүбәрәктің суретін ұстап тұрған адам. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

залындағы жұрт «Үкім жарамсыз!» деп айқайлап, оның соңы төбелеске ұласты.

Мүбәрәктің ұлдарына бұған дейін «коррупциялық қылмыс жасады» деген, ал оның тұсындағы қауіпсіздік қызметінің басшысына «шерушілерді атуға бұйрық берді» деген айып тағылған болатын.

Сырттағы теледидар арқылы сот үкімін естіген халық бір-бірін құттықтап, қуанысып жатты.

Каирдегі сот отырысы өткен полиция академиясы орналасқан ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 5 мыңға тарта полиция мен 2 мың сарбаз тартылды.

Хосни Мүбәрәк – өз елінде сотталған тұңғыш араб мемлекеті басшысы.

Тахрир алаңына наразы египеттіктер 2 маусымнан бастап қайта жинала бастады. Каир, 2 маусым 2012 жыл.

Тахрир алаңына наразы египеттіктер 2 маусымнан бастап қайта жинала бастады. Каир, 2 маусым 2012 жыл.



​Египетте 2011 жылы ақпан айында басталған халық толқуларында шерушілер Хосни Мүбәрәктің биліктен кетуін, қауіпсіздік қызметі мен полицияға ерекше құзырет беретін төтенше жағдай туралы заңды жоюды талап еткен.

Полицияның шерушілерге қарсы оқ атуы мен екі жақтың қақтығысуынан 850-ге тарта адам қаза тапқан еді.

Хосни Мүбәрәк 18 күнге созылған халық толқуларынан соң, 2011 жылы 12 ақпанда биліктен кеткен еді.

Бүгінгі сот үкімінен соң бұрынғы президентті Каир маңындағы Тора түрмесіне әкетті. Хосни Мүбәрәктің адвокаттары үкімге байланысты шағым беретіндерін айтты.

Ал жүздеген египеттік 3 маусым күні Каирдің Тахрир алаңына қайта жиналып, Мүбәрәк пен оның қауіпсіздік қызметін басқарған тұлғаларға қатысты шыққан сот үкіміне қатысты наразылық білдіріп жатыр. Олар тым жұмсақ жаза кесілді деп санайды.

Демонстранттардың біразы өткен түні алаңға шатыр тігіп түнеп шыққан. Тахрир алаңы 2011 жылы басталған Мүбәрәкке қарсы толқулардың орталығына айналған еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG