Accessibility links

Футболдан Еуропа чемпионатының үздік ойыншылары анықталды


Испания құрамасына берілген Euro 2012 чемионатының кубогы. Киев, 1 маусым 2012 жыл.

Испания құрамасына берілген Euro 2012 чемионатының кубогы. Киев, 1 маусым 2012 жыл.

Еуропа чемпионаты аяқталды. Чемпион - тағы да Испания. Үздік ойыншы - Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста. Азаттық бұл шағын мақалада құрлық біріншілігіне қатысты қызықты мәліметтерді жариялап отыр.

Еуропа чемпионатының финалын 200 астам мемлекеттің телеарналары тікелей эфирде көрсетіп, шешуші ойынды 250 миллион адам тамашалаған.

Еуро-2012 чемпионатының финалы өткен Киевтегі «Олимпиский» стадионында 31 телекамера жұмыс жасаған.
Euro 2012 чемпионаты кезінде жұмыс істеген БАҚ өкілдері. Киев, 1 маусым 2012 жыл.

Euro 2012 чемпионаты кезінде жұмыс істеген БАҚ өкілдері. Киев, 1 маусым 2012 жыл.


Киевтегі финалдық ойында 68 мың 55 жанкүйер болды.

Еуропа чемпионаты кезінде Киевтегі фан-зонаға жалпы саны 1миллион 200 мың адам келген. Барлық стадиондарға 1 миллион 300 мың адам жиналған.

Финал кезінде Twitter әлеуметтік желісінде 16 миллион 500 мың твит жарияланыпты. Испандықтардың төртінші голы салынған сәтте 15 мың 358 твит шыққан.

Adidas компаниясы Еуропа чемпионатына арнап 2 мың «Tango 12» добын тігіпті.

ИНЬЕСТА – ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОЙЫНШЫСЫ

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы атанды. 28 жасар футболшыны УЕФА-ның арнайы техникалық комитеті үздік деп таныған.

Техникалық комитет үздік ойыншыдан бөлек Еуропа чемпионатының символдық құрамасын да жариялады:
Андрес Иньеста футболдан әлем чемпионатының кубогын ұстап тұр. Оңтүстік Африка, 11 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Андрес Иньеста футболдан әлем чемпионатының кубогын ұстап тұр. Оңтүстік Африка, 11 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет)


Қақпашылар: Икер Касильяс (Испания), Джанлуиджи Буффон (Италия), Мануэль Нойер (Германия).

Қорғаушылар: Херард Пике (Испания), Фабио Куэнтран (Португалия), Филипп Лам (Германия), Серхио Рамос (Испания), Пепе (Португалия), Хорди Альба (Испания).

Жартылай қорғаушылар: Даниэле де Росси (Италия), Стивен Джеррард (Англия), Хави (Испания), Андрес Иньеста (Испания), Сами Хедира (Германия), Серхио Бускетс (Испания), Месут Озил (Германия), Андреа Пирло (Италия), Хаби Алонсо (Испания), Давид Сильва (Испания), Сеск Фабрегас (Испания).

Шабуылшылар: Криштиану Роналду (Португалия), Марио Балотелли (Италия), Златан Ибрагимович (Швеция).

ЕҢ КӨП ДӘЛ ПАС БЕРГЕН - ХАВИ

Испания жартылай қорғаушысы Хави пас беруден барлық ойыншылардың ішінен үздік шыққан. Оның берген пасының 92,8 пайызы дәл берілген (455 пас).

2012 жылдың басынан Испания құрамасының миллионға жуық футболкасы сатылған.
Euro-2012 финалына келген жанкүйерлер. Киев, 1 маусым 2012 жыл.

Euro-2012 финалына келген жанкүйерлер. Киев, 1 маусым 2012 жыл.


Еуропа чемпионатының финалын 18 миллион испандық тамашалады.

Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильястың ұлттық құрамадағы өткізген ойынының саны 137 жетті.

Испания құрамасының ойыншылары Еуропа чемпионаты кезінде 582 шақырым жүгірген.

Ал Италия құрамасының футболшылары 605 шақырым жүгірген.

Италия құрамасының капитаны Джанлуиджи Буффон құрамадағы 120 кездесуін өткізді.

Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Андреа Пирло өз елінде Pratum Coller атты сыра зауытын басқарады. Бұл зауыт жылына 40 мың бөтелке сыра сатады.

Деректер UEFA.com және Goal.com сайттарынан алынды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG