Accessibility links

Еуропадағы сүндет дауы өршіп барады


Дуйсбург қаласындағы мешіт. Германия, 26 қараша 2008 жыл.
Дуйсбург қаласындағы мешіт. Германия, 26 қараша 2008 жыл.
Германияда ұл баланы сүндеттеуге әлі тыйым салына қойған жоқ. Бірақ кейбір ұйымдар мен топтар «сүндеттеу - баланы жарақаттау» дейді.

Осыдан үш ай бұрын Кельн қаласының жергілікті соты ұл балаларды сүндеттеуді «бала денесін жарақаттау» деген шешім шығарған. Сот ата-ананың діни парызын орындауға деген құлшынысынан бала құқығы жоғары тұрады деген пайымға сүйенген.

Бұл шешім төрт миллионға жуық мұсылман мен жүздеген мың еврей тұратын Германияда наразылық тудырды.

ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДАҒЫ СҮНДЕТТЕУ САЛТЫ

Сот мұндай шешімді сүндеттелген төрт жасар баладан қан көп кеткен соң қабылдады. Бірақ Германия заңында сүндеттеу туралы қарастырылмаған. Сол себепті балаға операция жасаған дәрігер Омар Кеццені сот ақтап шықты.
Мұсылман әйелдер хиджаб дауына қарсылық акциясына шықты. Бельгия, 12 наурыз 2011 жыл.
Мұсылман әйелдер хиджаб дауына қарсылық акциясына шықты. Бельгия, 12 наурыз 2011 жыл.

Омар Кецце соттың бұл қаулысын Еуропада тұратын мұсылмандарды кемсіту деп бағалады.

- Сүндеттеу төңірегіндегі дау Германия мен Франциядағы - хиджаб, Голландиядағы - құрбандыққа мал шалу, Австриядағы мешіт салу дауларына ұқсайды, - деді ол британдық Financial Times газетіне берген сұхбатында.

Кейбір адамдар Еуропада діни салттарға қатысты шешімдер мұсылмандарға ғана арналған деп санайды. Бұл әрекет кейде Швейцарияда мешіт мұнараларын салуға тыйым салу сияқты ашық сипат алса, кейде бүркеме түрде жүргізіледі. Мысалы, діни киім туралы шешімдер діни топтардың барлығына қатысты болғанымен, негізінен хиджабқа қарсы қолданылады дейді сыншылар.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы биыл сәуір айында Еуропа елдерін мұсылмандарды кемсітпеуге шақырған есебін жариялады.

Алайда осы жолғы сүндет дауының бір шеті еврейлерге де тиіп отыр. Сот шешімі халықты сүндеттеуді жақтаушылар мен қарсылар сияқты екі топқа бөлгенімен, Еуропадағы мұсылман және еврей қауымын біріктірді.
Еуропа раввиндерінің конференциясының жетекшісі Пинхас Гольдшмидт раввиндер кездесуіне келді. Берлин, 10 маусым 2012 жыл.
Еуропа раввиндерінің конференциясының жетекшісі Пинхас Гольдшмидт раввиндер кездесуіне келді. Берлин, 10 маусым 2012 жыл.

Гамбургте тұратын раввин Шломо Бистрицки кезінде ежелгі Грекия да сүндеттеуге тыйым салмақ болғанын айтып:

- Біз діни салттарымыз арқылы ғана иудаизм дінін сақтай аламыз, - деп сұхбат берді Financial Times газетіне.

Германия мұсылмандарының орталық кеңесінің төрағасы Айман Мазек қыз балалардың құлағын тесуді ауыр дене жарақаты деп танып, оған тыйым салатын заң жоқ дейді. Оның айтуынша, кейбір жандар «атеистік экстремизм» танытып, діншілдерге үнемі қиындық тудырып келеді.

Айман Мазек АҚШ-та ер адамдардың тең жартысы сүндеттелгенін айтты.

ГЕРМАНИЯДАҒЫ БЕЛГІСІЗДІК

Қазір сүндетті «ауыр дене жарақатын салу» деп ұйғарған сот шешімі жұртты екіұдай күйге түсірді. Германияның медицина қауымдастығы бұл істің құқықтық жағы анықталғанша дәрігерлерді балаларды сүндеттемеуге шақырды. Берлиндегі еврей клиникасы операция жасауды тоқтатты.

Германияның балалар дәрігерлерінің кәсіби қауымдастығы «баланы сүндетке отырғызғанда, ол психологиялық жарақат алуы мүмкін» деген мәлімдеме жасап, сүндеттеуге тыйым салуды жақтап шықты.
Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған даниялық суретші Курт Вестергаардты (сол жақта) Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) жүлдесімен құттықтап жатыр. Германия, Потсдам, 8 қыркүйек 2010 жыл.
Мұхаммед пайғамбарға карикатура салған даниялық суретші Курт Вестергаардты (сол жақта) Германия канцлері Ангела Меркель (оң жақта) жүлдесімен құттықтап жатыр. Германия, Потсдам, 8 қыркүйек 2010 жыл.

«Сүндеттеу қаншалықты заңды» деген мәселе неміс халқын да екі лагерьге бөлді. Неміс баспасөзінің деректері бойынша халықтың 45 пайызы сүндеттеуге тыйым салуды жақтаса, 42 пайызы тыйымға қарсы болған.

Германия үкіметі бұл жағдайды шешудің шұғыл амалын табуға уәде берді.

Ал Германия канцлері Ангела Меркельдің баспасөз хатшысы Штефан Сайберт «дұрыс жасалған сүндеттеу операциясына тыйым салынбауы керек» деді.

Германия парламенті сүндеттеу туралы заңды күзге қарай қабылдауды жоспарлап отыр. Алайда депутаттар арасында да бұл туралы пікірлер әр түрлі. Бундестагтың кейбір мүшелері бұл заңды қабылдауға қарсы дауыс берді.

ЕУРОПАДАҒЫ АЙТЫС

Сүндеттеу мәселесі төңірегіндегі Германияда басталған қызу айтыс соңғы үш айда Еуропаның басқа елдеріне тарала бастады. Швейцарияның Цюрих қаласындағы балалар емханасы заңгерлерден ресми кеңес алғанша сүндеттеу операциясын жасауды тоқтатты.
Мұсылмандар намаз оқып жатыр. Швейцария, Женева мешіті, 29 қараша 2009 жыл.
Мұсылмандар намаз оқып жатыр. Швейцария, Женева мешіті, 29 қараша 2009 жыл.

Данияның бірнеше саяси партиясы және Норвегияның адам құқықтары жөніндегі өкілдігі сүндетке тыйым салу туралы бастама көтерді. Австрия аймақтарының бірінің жергілікті үкіметі дәрігерлерге әділет министрлігі ресми рұқсат бергенге дейін сүндеттеу операциясын жасамауға кеңес берді.

Финляндия дәрігерлерінің қауымдастығы да «балалардың денсаулығына қауіпті» деген желеумен дүниеге келген нәрестелерді сүндеттеуге қарсы шықты.

Голландияның дәрігерлер қауымдастығы «сүндеттеу медициналық және психологиялық тұрғыда зиянды» деген мәлімдеме жасады.

АҚШ-ТАҒЫ ЖАҒДАЙ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, 2000-2010 жылдар аралығында АҚШ-та дүниеге келген ұл балалардың 50 пайыздан астамы
Нью-Йорк көшесі. 1 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Нью-Йорк көшесі. 1 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
сүндетке отырған.

2011 жылы Калифорния штатында сүндеттеуге тыйым салу мәселесі талқыланып, ақыры рұқсат етілген.

Америка педиатрлары қауымдастығы өз баласын сүндеттеу туралы шешім қабылдауды ата-ана құзырына қалдырып, бұл мәселеге қатысты бейтарап позиция ұстанатынын мәлімдеді.

АҚШ-тағы сүндетке қарсы үндеулер еврей баланың сүндетке отырған соң қайтыс болып кетуіне байланысты жасала бастады. Операция діни ғұрыпқа сәйкес жасалған. Ғұрып бойынша, сүндетке отырғызатын адам сүндеттелген баланың жыныс мүшесінен аққан қанды сорып алуы тиіс. Соның кесірінен бала инфекция жұқтырған. Израильдің амбулаториялық педиатрлар қауымдастығы еврейлерді мұндай салттан бас тартуға шақырды.

АФРИКАДАҒЫ СҮНДЕТ

Еуропада сүндетке әжептәуір қарсылық туса, АҚШ-та әзірге бұл мәселеге ешкім назар аударып жатқан жоқ. Ал Африкада сүндеттеуді дәрігерлердің өздері
СПИД-ке шалдыққан бала. Йоханнесбург, Оңтүстік Африка, 1 желтоқсан 2006 жыл.
СПИД-ке шалдыққан бала. Йоханнесбург, Оңтүстік Африка, 1 желтоқсан 2006 жыл.
инфекцияға қарсы амал деп санайды.

Мұндағы ВИЧ-инфекцияны зерттеу орталығының директоры Дэвид Купер Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында СПИД-тің таралу қаупін төмендетуде сүндеттің көмегі барын айтты.

Оңтүстік Африкада «Қызылсары ферма» атты балаларды сүндеттеу бағдарламасы бар. Бағдарлама аясында 52 мың ұл бала сүндетке отырып, ВИЧ жұқтыру қаупі 76 пайызға төмендеген. Бұл деректер шілде айында СПИД жөнінде өткен халықаралық конференцияда жария етілді.

Сүндеттеуді жұртқа жарнамалау үшін Зимбабве парламенті депутаттарының 40 пайызы сүндетке отырған.

ДДСҰ КЕҢЕСТЕРІ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) зерттеуіне сәйкес, сүндеттеу аталық бездің қатерлі ісігін азайтуға көмектеседі, несеп жолдарын түрлі инфекциядан қорғайды, мерез ауруын жұқтырудан сақтайды.

ДДСҰ дәрігерлерге сүндетке отырамын деген ер адамдардың бетін қайтармауға кеңес береді, сондай-ақ баланы неғұрлым ертерек сүндетке отырғызуды жөн санайды.

Қазір Германиядағы ата-аналардың көпшілігі ұлдарын сүндетке отырғызу үшін неміс үкіметінің шешімін күтіп жүр. Bloomberg агенттігінің жазуынша, Германиядағы түрік қоғамдастығының мүшесі Сердар Язар «Кейбір түрік отбасылары балаларын сүндетке отырғызу мен сүндет тойын жасау үшін Түркияға барып жатқанын» айтады.
XS
SM
MD
LG