Accessibility links

Forbes тізіміне Қазақстаннан бұрынғы бес миллиардер тағы кірді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев. Астана, 4 қазан 2011 жыл.

Forbes журналы әлемнің ең бай адамдарының жыл сайынғы тізімін жариялады. Тізімге кірген бес қазақстандықтың ішінде жаңа есім жоқ.

Наурыздың 3-і күні Forbes журналы жариялаған тізім бойынша, Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс «әлемнің ең бай миллиардері» мәртебесін төрт жылдан кейін қайтарып алды. Оның капиталы 76 миллиард доллар деп бағаланады.

Биыл Forbes журналы тізіміне 1 мың 645 миллиардер енген. Әлемнің ең бай адамдарының тізімінде бес қазақстандық та бар. Бесеуі де – былтырғы тізімге кірген адамдар. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласынан басқасының рейтингтегі дәрежесі өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген.

ДИНАРА ҚҰЛЫБАЕВА МЕН БҰРЫНҒЫ ТӨРТЕУ

Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы, 2 миллиард 200 миллион долларға бағаланатын дәулеті бар 56 жастағы Болат Өтемұратов Forbes Болат Өтемұратов.

Болат Өтемұратов.

рейтингісінде 796-орында тұр. Forbes оның байлығы бір жылда өзгермеген деп бағалайды. Бірақ ол былтырғы орнынан төмен сырғыған. Өтемұратов әлем миллиардерлері тізіміне италиялық UniCredit Group тобына АТФ Банкті 2 миллиард 100 миллион долларға сатқан 2007 жылы кірген.

Тізімдегі 988-орынды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, 47 жастағы Тимур Құлыбаев пен оның әйелі, Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева екеуі бөліскен. Капиталы 1 миллиард 800 миллион доллар деп бағаланған екеуінің иелігіндегі Халық банкі акцияларының құны былтыр үштен бірге өсті. Былтыр 1107-орында тұрған Құлыбаевтар отбасы 500 миллион долларға байыған.

Forbes рейтингісіндегі 1046-орынды 60 жастағы Алиджан Ибрагимов иеленген. Алиджан Ибрагимов.

Алиджан Ибрагимов.

Ол әріптестері Александр Машкевич пен Патох Шодиевпен бірге ENRC металлургиялық және тау-кен өндірісі корпорациясын басқарады. Ибрагимов былтырға қарағанда (2 миллиард 100 миллион доллар) біраз «кедейленген» – қазір оның 1 миллиард 700 миллион доллары бар.

Әлемде мысқа сұраныстың азаюы «Қазақмыс» корпорациясына да әсер етті. «Қазақмыс» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, корпорапция акциясының көп бөлігінің иесі, 53 жастағы Владимир Ким былтырғы 641-орнынан биыл 1078-орынға сырғыған. Forbes рейтингісіне қарағанда, қазір Владимир Кимнің байлығы – 1 миллиард 650 миллион доллар. Былтыр 2 миллиард 300 миллион доллар болған еді.

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ ӘЙЕЛДЕРІ

Биыл Forbes тізіміне 268 жаңа миллиардер кірген. Оның 42-сі әйелдер. Биыл әйел-миллиардерлер көбейген. 2014 жылдың рейтингісінде миллиардер әйелдер саны 172 адамға жетіп, рекорд жасады (былтыр тізімде 138 әйел болған).

Тізімге енген миллиардер әйелдердің 32-сі өз күшімен байыған. Өзгелеріне байлық әке-шешесінен немесе күйеуінен мұраға қалған.

Өз күшімен байып, тізімге енген жаңа миллиардер әйелдердің ішінде Facebook Шерил Сандберг.

Шерил Сандберг.

компаниясының операциялық бас директоры, 44 жастағы америкалық Шерил Сандберг те бар. Дәулеті 1 миллиард 50 миллион доллар деп бағаланған ол тізімде 1540-орынды алған.

Биылғы тізімдегі жаңа әйел миллиардерлер ішінен 63 жастағы Фолоруншо Алакиджа ерекше көзге түсті. Нигериядан шыққан тұңғыш әйел-миллиардердің мұнай бизнесіндегі активтері 2 миллиард 500 миллион доллар деп бағаланады.

Жаңадан қосылған тағы бір миллиардер әйел – онлайн құмар ойындары компаниясының еншілес қожайыны, 46 жастағы ұлыбритандық Дениз Коутс (1 миллиард 600 миллион доллар).

Ал 59 жастағы Кристи Уолтон соңғы бес жыл ішінде төртінші мәрте әлемнің ең бай әйелі деп танылды. Оның байлығы – 36 миллиард 700 миллион доллар. Ол – Wal-Mart компаниясын құрған адамның баласы Джон Уолтонның жесірі. Бұл байлық оған 2005 жылы ұшақ апатынан қаза тапқан күйеуінен мұраға қалған.

ЕҢ ЖАС МИЛЛИАРДЕРЛЕР

Жасы 40-тан аспаған миллиардер – 39 адам. Google жүйесін құрған Сергей Брин пен Ларри Пейдж 40 жастан асып кеткендіктен, биыл олардың қатарынан шығып қалды.

Тізімге жаңадан енген 24 жастағы миллиардер Перенна Кей биыл Facebook әлеуметтік желісінің бұрынғы еншілес құрылтайшысы, қазір Asana компаниясының еншілес қожайыны 29 жастағы Дастин Московицті (6 миллиард 800 миллион доллар байлығы бар) ығыстырған.

Logan Property Holdings компаниясы акцияларының 85 пайызына ие гонконгтық Кейдің байлығы 1 миллиард 300 миллион доллар деп бағаланған.

Әлемдегі ең ірі Facebook әлеуметтік желісінің иесі әрі бас атқарушы директоры 29 жастағы Марк Цукерберг те осы үштікке кіреді. Оның дәулеті 28 миллиард 500 милллион долларына бағаланады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG