Accessibility links

Франция қазағы Қазақстан қос азаматтықты заңдастырса дейді


Франция қазағы Абдулсамет Алтай

Франция қазағы Абдулсамет Алтай

Париж тұрғыны Абдулсамет Алтай - белгілі теолог Халифа Алтайдың ұрпағы. Ол Францияға 1971 жылдары Түркиядан барған қазақтардың бірі. Азаттық радиосына берген сұқбатында ол балаларға ана тілін үйрете алмасақ та, діни құндылықтарды сіңіруге тырыстық дейді.

Қазірде екі баласын балиғат жасынан асырған Абдулсамет мырза кіші ұлына елден келін іздеп жүргенін айтады. Ол балаларымыз атамекенінен ажырап қалмау үшін Қазақстан тезірек латын әліппибіне көшіп, Түркия сияқты қос азаматтық алу жағдайы шешілсе деген үмітін білдірді.

Қасиетті Рамазан айында жастарды тура жолға шақырған франциялық қазақ соңғы кезде елде түрлі ағымдардың көбейіп кетуіне жастардың шетелдердегі түрлі діни мектептерден сабақ алып келуі себеп болып отырған сияқты дейді.

Соңғы уақытта Еуропада көбейе түскен мұсылмандар санына қарсы кейбір дін өкілдерінің әрекеттерін сынаған Абдулсамет Алтай Францияда өте көп мұсылман қоғамға сіңіп кеткендіктен, бұл елде діни алалау жоқ дейді.

Алтай мырза Қазақстанның латын әліпбиіне көшкенін күте-күте кирил әрпін оқып үйренуге мәжбүр болғанын айтады.

Азаттық радиосының франциялық қазақ Абдулсамет Алтаймен арада болған сұқбатының толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы тыңдаңыз.

Франция қазағы Абдулсамет Алтаймен сұқбатты тыңдаңыздар

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG