Accessibility links

Бұғы қырғиқабақ соғысты ұмытпаған


Чехияның Шумава орманындағы қызыл бұғы. 22 қыркүйек 2011 жыл.

Чехияның Шумава орманындағы қызыл бұғы. 22 қыркүйек 2011 жыл.

«Темір шымылдық» түрілгеніне ширек ғасыр уақыт өтсе де, бұрынғы Батыс Германия мен Чехословакия тауларында жайылған бұғылар шекараны аттап өтпейді.

Қазір екі елдің шекарасында темір сым да, электрлік қоршаулар да, күзет мұнаралары мен қарулы күзетшілер де жоқ – бірақ бұғы шекараны аттап өтпейді.

Қырғиқабақ соғыс кезінде бұрынғы Чехословакия мен Германия Федеративтік Республикасын (ГФР) бөліп тұрған мықты шекара қазір ұлттық саябақтар мен әдемі табиғи орындарға айналған. Бұғы жазда осы аймақтарда жүреді.

Қырғиқабақ соғыстан кейін татуласқан елдердің келісімі бойынша, Германияның Бавария ұлттық орман саябағы мен Чехияның Шумава ұлттық саябағы қызыл бұғы сияқты хайуандар паналайтын трансшекаралық табиғи қорық деп танылды. Бірақ бұғы бұрынғы «темір шымылдықтан» аттап өтіп, шекараны кесуге ынталы емес.

ДАҒДЫ

Чех зоологтары неміс әріптестерімен бірлесе отырып, GPS-навигатор орнатылған қарғыбау арқылы 2005-2011 жылдары шекараның екі жағындағы бұғының жүріс-тұрысын бақылаған.

Зерттеу нәтижесі Чехияда осы айда «Шумаваның бұғысы» деген кітапта жарияланды. Чех зоологтары тобының жетекшісі Павел Шустрдың айтуынша, Қашып бара жатқан бұғылар.

Қашып бара жатқан бұғылар.

Шумаваны мекендейтін 1800 бұғының жайылу аймағы он жыл бұрынғы ата-бабаларының жолынан көп өзгеше емес.

– Олар сол баяғы орындарынан жылжымайды. Бір жағынан дағдыға айналған әрекет десек, екінші жағынан олар әлі күнге дейін «темір шымылдықты» құрметтейтіндей көрінеді, – дейді ғалым.

Ол кейбір бұғының шекарадан өткенін, бірақ Орталық Еуропа ондай оқиға көп байқалмағанын айтады.

– Өткен жылы шекарадан бірнеше бұғы өтті, бірақ бұғылардың дәстүрлі дағдысы өте баяу өзгеріп жатыр. Енесі бұзауына бастапқы жылы мекен ететін аумағын таныстырады, бұзауы енесіне еріп жүріп өз аумағын белгілейді. Келесі жылдары сол аймақтан шыққысы келмейді, – дейді Павел Шустр.

Азаттық тілшісі Антуан Блуаның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG