Accessibility links

Гүлнара Каримованың Нью-Йорктегі шоуы өтпейтін болды


Гүлнара Каримова Милан сән апталығында.

Гүлнара Каримова Милан сән апталығында.

Басылымдар мен адам құқық қорғау ұйымдарының қысымынан соң Нью-Йорк сән апталығының ұйымдастырушылары Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы ұсынған сән үлгілерін көрсетпейтін болды.


Human Rights Watch ұйымы қыркүйектің 9-ы күні таратқан мәлімдемесінде мұны «Жариялылықтың жеңіске жетуі» деп атаған.

Құқық қорғау ұйымдары 73 жастағы Ислам Каримовты «қарсыластарын тұтқындап және азаптап жатыр, бала еңбегін пайдалануға жол беріп отыр» деп айыптайды. Ислам Каримовтың өзі мұндай айыптауларды жоққа шығарып, «Өзбекстан ислам жасақтарына қарсы күресін жүргізіп жатқанын» мәлімдейді деп жазады Daily Telegraph басылымы қыркүйектің 12-сі күні жарық көрген мақаласында.

«ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ЕҢ ЖЕККӨРІНІШТІ ӘЙЕЛ»

«Түрлі алаңдаушылық себебінен Guli («Гули») сән үлгісін көрсетпейтін болдық» дейді Нью-Йорк сән апталығын ұйымдастырған IMG ұйымының өкілі қыркүйектің 9-ында таратқан мәлімдемесінде. Guli – Ислам Каримовтың 39 жастағы үлкен қызы Гүлнара Каримова шығарған сән белгісі.

«Гүлнара Каримова сән-салтанатта өмір сүреді. Ол Өзбекстанның Испаниядағы елшісі, әрі сән үлгілерімен де айналысады. Бір кездері Гугуша деген бүркеншік атпен поп әнші ретінде де танылып көрді» деп жазады Daily Telegraph.

Гүлнара Каримова 2009 жылы британдық рок әнші Стингке Ташкентте концерт қойғаны үшін 1 миллион мен 2 миллион еуро аралығында ақша төлеген.

Ал өзбектер экономикасы сыртқы әлемнен ажыраған, қатал саясатқа бағынышты елде өмір сүріп жатыр деп жазады Guardian. АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігінің айтуынша, бұл қарама-қайшылық Гүлнара Каримоваға Өзбекстандағы «ең жеккөрінішті әйел» деген атақ алып берген.

«Көптеген өзбектер Гүлнара Каримованы бизнесмендерді, жолына кесе-көлденең тұрған кез-келген адамды басып тастау үшін әкесінің билігін пайдаланатын тойымсыз адам деп біледі. Ол - елдегі ең жеккөрінішті әйел» дейді WikiLeaks сайты АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігінің саяси депешесіне сілтеме жасап.

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУ

Гүлнара Каримованың сән үлгілері Нью-Йорк сән апталығында 2010 жылы көрсетілген еді. Ол биыл да 15 қыркүйекте көктем мен күз мезгілдеріне арналған киім үлгілерін көрсетпек болған. Бірақ биыл жылы Human Rights Watch ұйымы мен New York Post газеті ұйымдастырушыларға
Гүлнара Каримованың сән шоуына қарсы наразылық шарасы.

Каримованың сән үлгілерін көрсетпеуге көндірді.

2011 жылдың басында Ташкенттен қуылған Human Rights Watch ұйымы мұны жариялылықтың жеңісі деп атап отыр.

«Балаларды құлдыққа салу және диссиденттерді азаптау ешқашан болмаған. Нью-Йорк сән апталығының жазалаушы билік атынан келіп отырған дизайнердің сән үлгісін көрсетпейтініне қуанамыз. Арам пиғылдылардың адам құқы есебінен өздерін ақтап алуға жол берілмейтінін түсінуі керек» дейді Ташкенттегі Human Rights Watch ұйымының өкілі Стив Свердлов.

Гүлнара Каримованың өзі бұған қатысты: «Біз қазір Миланда сән үлгілерін көрсетіп жатырмыз, Еуропада да жоспарымыз бар. Меніңше, Нью-Йоркке келу қызықты» депті сән саласының тілшілеріне.

Сән индустриясына 1992 жылдан бастап араласқан Гүлнара Каримованы 2010 жылы Bilan журналы Швейцарияның ең бай 10 әйелдің тізіміне қосқан. Журналдың мәліметі бойынша, оның байлығы 600 миллион АҚШ долларына тең.

«ДИКТАТОРДЫҢ ҚЫЗДАРЫ»

Ал Washington Post басылымы қыркүйектің 10-ы күні жариялаған мақалаға қарағанда, Вашингтонда орналасқан Халықаралық жұмыскер құқығын қорғау форумы ұйымдастырушыларға қысым көрсетуге, қыркүйектің 15-інде сән апталығы өтіп жатқан Линкольн орталығында қарсылық
Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова. Париж, 8 сәуір 2009 жыл.

акциясын өткізуге үндеген. Олар Өзбекстандағы мақта индустриясында балалар еңбегін пайдалануға қарсылық танытып отыр. Форум өкілі Тим Ньюман «Бұл мәселе тұтас сән индустриясына кесірін тигізеді» дейді.

Басылымның жазуынша, Гүлнара Каримова қайырымдылық шараларымен де айналысқан, бірақ оның филантроптық келбетіне WikiLeaks сайты таратқан мәлімдемелер кері әсер етті.

Осыдан екі ай бұрын Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова өзін «диктатордың қызы» деп атағаны үшін француздық Rue89 басылымының журналисі Августин Скальберттің үстінен шағым түсірген. Шағымды қараған француз соты журналистің Лола Каримованы «диктатордың қызы» деп атағаны «әділ және дұрыс, әрі ол жеке басқа ешқандай тиісу болып табылмайды» деген шешім шығарды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG