Accessibility links

Ирандағы қарсылықтың жаңа түрі – қоқыс жинау


IRAN -- Dissident Mohammad Maleki engaging in a protest action by picking up trash.

IRAN -- Dissident Mohammad Maleki engaging in a protest action by picking up trash.

Иран үкіметінің қатаң саясатына «заңды» наразылық білдіретін еш амалы қалмаған екі диссидент Тегеран көшелерінің қоқысын жинауға көшті.

Тегеран университетінің бұрынғы ректоры Мохаммад Малеки мен бұрынғы журналист-шолушы Мохаммад Нуризад билікке көшедегі қоқысты жинау әдісімен қарсылық білдірді.

Қаңтардың 26-сы күні Facebook парақшасында Мохаммад Нуризад «[Қоқыс жинау - ] қылмыс емес. Әлде қылмыс па?» деп жазды.

Елге белгілі диссиденттің өткен аптадағы алғашқы «көше тазалау» шарасы ың-шыңсыз өткен еді. Бірақ Малеки мен Нуризад ақпанның 5-і күні таңертең қоқыс жинау мақсатында кездескенде оларды қауіпсіздік қызметкерлері ұстап алып, Тегеранның сыртына апарып, жол бойына тастап кеткен.

Сонда да алған беттерінен қайтпаған олар елсіз даладағы тас жолдың бойында қоқыс жинап, оның суреттерін әлеуметтік желілерде жариялады.

Бір суретте 82 жастағы Мохаммад Малеки жол бойында «Қоқыс жинайық» деген жазуы бар мата жамылып, екі саусағымен жеңістің белгісін көрсетіп тұр. Оның артында Иран ислам республикасының негізін қалаушы Аятолла Хомейнидің шетелдегі қуғыннан елге оралған сәті бейнелеген билборды көрінеді.

Тегеран университетінің бұрынғы ректоры Мохаммад Малеки мен бұрынғы журналист-шолушы Мохаммад Нуризад әріптестерімен бірге көшеде қоқыс жинап жүр. Тегеран, 2 ақпан 2016 жыл.

Тегеран университетінің бұрынғы ректоры Мохаммад Малеки мен бұрынғы журналист-шолушы Мохаммад Нуризад әріптестерімен бірге көшеде қоқыс жинап жүр. Тегеран, 2 ақпан 2016 жыл.

Азаттықтың Парсы қызметіне сұхбат берген Малеки «барлық қиындыққа қарамастан, наразылық шарасын жалғастыра береміз» деді. Тегераннан телефонмен берген сұхбатында:

- Наразылығымызды тоқтатпаймыз. Қарсылық білдірудің символдық әдістерін қолданамыз, - деген жоспарын айтты.

Қос белсенді елдегі адам құқықтарының бұзылуына, билікті сынаған азаматтардың қамалуына ашық наразылық білдіріп келеді. Екеуі - Иран үкіметін қатты шенеп жүрген, сонысы үшін түрмеге қамалған диссиденттер.

«Иран заңдары бойынша, қоқыс жинау – қылмыс емес. Сондықтан біз осы әдісті таңдадық» дейді олар. Бұл елде халықты наразылық шарасына қатысуға үндеу былай тұрсын, үкіметті сынаудың өзі «Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін» қылмыс қатарына жатады.

Қаңтар айының соңында қарсылық шарасын бастайтынын жариялаған Нуризад бұл арқылы өздерінің қозғалыс еркіндігіне «еш себепсіз және сот шешімінсіз шектеу қойылғанына» және «Ислам революциясы сақшыларының кей мүліктерін тәркілеп алғанына қарсы» наразылық білдіретіндерін мәлімдеген.

Кезінде режимді қолдап, кейіннен оған ашық қарсы шығып, диссидентке айналған Нуризад алғашқы наразылық шарасы өткен ақпанның 2-сі күні Малекимен және бірнеше кісімен бірге қоқыс толы пластик қап көтерген суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған еді.

Гүлназ Есфандияридің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG