Accessibility links

Иранның көп бала тууға үгіт науқаны сынға қалды


Иран туын ұстап тұрған кішкентай қыз бала. (Көрнекі сурет)

Иран туын ұстап тұрған кішкентай қыз бала. (Көрнекі сурет)

Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеи елде халық санын екі есеге көбейтіп, 150 миллион адамға жеткізуге шақырған еді. Үкіметінің көп бала туу туралы үгіт-насихат кампаниясы сынға ұшырады.

Тегеран көшелерінде ілінген билбордтарда: «Жалғыздың үні шықпас. Көп қайда болса, Құдай сол жақта! Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деген мазмұндағы халықты көп бала тууға үгіттейтін сөздер жазылған.

Отбасымен шаттанып кетіп бара жатқан суреттер салынған әдемі билбордтар Тегеранның үлкен көшелеріне жағалай ілінген.

Жарнамадағы отбасының алты мүшесі ашық аспан астында, ұзын велосипедті жабыла теуіп кетіп барады. Екі-ақ адамнан тұратын отбасы болса оларға ілесе алмай келе жатыр. Ең қызығы, екі суретте де балалардың анасы жоқ.

Жұрт билбордтағы сурет те, жазу да қате деп сынап жатыр. Әрі-беріден соң бұл - жыныстық кемсітушілік әрі бұл сурет Иранның шынайы тұрмысын көрсетпейді дейді олар.

АЯТОЛЛАНЫҢ ҮНДЕУІ

Иранның ең жоғарғы саяси жетекшісі аятолла Әли Хаменеи былтыр бір сөзінде: «Иран халқының саны екі есе көбейіп, 150 миллионға жетуі тиіс. Тіпті одан да асу керек» деп мәлімдеген соң мұндай билбордтар Тегеранда қаптап кетті. Хаменеи көп Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменеи.

Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменеи.

бала туу саясаты қартайып бара жатқан буынның ізін басу үшін және елдің дамуын ұстап тұру үшін қажет деген еді.

Билбордтарды Иранның дизайнерлер үйі жасаған. Қазан айында Тегеран көшелерінде ілінген, АҚШ-қа қарсы үгіттейтін бірнеше даулы билбордтарды да жасаған осы мекеме.

Ирандағы Дизайнерлер кеңсесінің директоры Аббас Саней жартылай үкіметтік Мехр жаңалықтар агенттігіне «билбордтар шығару туралы идея Хаменеи халық санының тежелуі мен бір балалы отбасылар жайлы айтқан соң барып пайда болды» деген.

ӘЙЕЛДЕРДІ КЕМСТУ

Велосипед теуіп бара жатқан отбасы туралы суретте әкесі бес баласымен қыдырып бара жатыр. Балаларының төртеуі ұл, біреуі - қыз. Бірақ аналары туралы ақпарат жоқ.

Анасының суретке ілінбеу себебі Иранда әйел адамға велосипед тебуге тыйым салынғанына байланысты болса керек. Бірақ сонда да бұл билборд әлеуметтік желіні қолданушылар назарынан тыс қалмады.

Ирандағы көп бала тууға үгіттейтін жарнамалардың біріндегі суреттің үстінде «Баласы көптің – өмірі бақытты» деген жазу бар.

Ирандағы көп бала тууға үгіттейтін жарнамалардың біріндегі суреттің үстінде «Баласы көптің – өмірі бақытты» деген жазу бар.

Facebook қолданушылардың бірі «шешелері перзентханада бала босанып жатқан болуы мүмкін. Немесе көп баланы бағып-қағам деп қайтыс боп кеткен шығар» деп жазыпты.

Әйелдер құқығын қорғаушы және ақын Сена Насери әйелдер проблемасына арналған парсы тіліндегі «Әйелдер мектебі» деп аталатын веб-сайтта: «Әйелдің бақытты болуына мүмкіндік бермейді. Бірақ сонда да оларды қоғамның бақытты өмір сүруінің басты құралы деп қарайды» деп жазды.

Насери есімді бір азамат «Аналарды бұл суреттен ысырып тастағанымен қоймай, күйеуімен, балаларымен серуендеудің рахатынан да айырыпты. Себебі, аналары бала жасаудан қолы босамайды. Әйел - бала жасаушы машина ғой» деп пікір қалдырыпты.

Билбордтардың тағы бірінде күйеуін және үш ұлы мен бір қызымен бірге қайықта жүзіп бара жатқан әйел бейнеленген. Олардың соңынан жүзіп келе жатқан екінші қайықта көңілсіз бір әке жалғыз баласымен әлгілерге ілесе алмай мықшыңдап ескек есіп отыр.

Иранның экономикалық қиындығын ескерсек, көп бала туу - жақсы идея. Бірақ елде оны қисық тәпсірлеуді жұрт сынап жатыр.

ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІ

Билборд кампаниясы туралы жазған Иран жаңалықтар сайтындағы мақалаға орай бір кісі: «Мына билбордтарды жасаған жігіттердің елдегі қымбатшылықтан, инфляциядан, кедейшіліктен, жұмыссыздықтан хабары бар ма? Олар жаялықтың бір бумасының қанша тұратынын біле ме өзі?» десе, келесі бір адам: «Бізді көп балалы болыңдар деп үгіттейтіндер қазіргі халыққа не жағдай жасап еді?» деген сұрақ қояды.

Тұрғындардың дені елдегі өте ауыр экономикалық жағдайды тілге тиек етіпті. Интернет қолданушылардың бірі: «Бұл елде балалы болу - баланы қорлау деген сөз. Біз өмір сүрмейміз. Біз өлместің күнін кешеміз. Бізде өмір сүретін ақша да жоқ. Олар болса енді кеп мына сүреңсіз өмірге тағы да бала әкеліңдер дегенді айтадыйді» деп жазыпты.

Иранда 2013 жылғы президент сайлауы кезінде теледидардан саяси дебатты көріп отырған кедей әйел. (Көрнекі сурет)

Иранда 2013 жылғы президент сайлауы кезінде теледидардан саяси дебатты көріп отырған кедей әйел. (Көрнекі сурет)

Ирандағы танымал ақын Сохейл Махмоуди өзінің Facebook парақшасында «мына кампанияны көріп жылағым келді» деп жазыпты. Ол сонымен қатар Тегеран көшелерінде куә болған кедейшіліктің анық белгілері жайын да сөз еткен.

«Кез келген жезөкшелер үйінің алдында қысылмай-ақ талай ер мен әйелдің, жас қыздардың тәндерін саудалап тұрғанын көрдім. Қайыр сұрап жүргендер де көп» деп жазған ақын.

Махмоуди үкімет мұндай билбордтарды алып тастауы керек деп санайды.

Интернетте билбордты сынаушылар суреттегі көк аспанға да тиісіп: «Тегеран ауасының ластанғаны сонша - аспан әзер көрінеді» деп мысқылдапты. Ауаның ластығын меңзеген бір жас жігіт: «Көк аспан қайда бар екен?» деп сұрапты.

Иран табиғаты мен қоршаған ортасы жайлы Facebook желісіндегі парақшада Иранның суы тартылып, құрғап бара жатқан өзендері мен көлдеріне қарай қайықпен жүзіп бара жатқан бір отбасының суреті жарияланды. Суреттің астына: «Ауыз суға жарымай отырған ел көп халықты асырай ала ма?» деген сауал жазыпты.

Гүлназ Есфандияридің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG