Accessibility links

«Қазақ-махалла» жайлы кітап 30 жылдан кейін шықты


Қазақтың қыз-келіншектері. Иран, 1978 жыл. (Суреттің авторы Мансұр Киай)

Қазақтың қыз-келіншектері. Иран, 1978 жыл. (Суреттің авторы Мансұр Киай)

Ирандық этнографтың қазақ диаспорасы туралы кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Онда Ирандағы «Қазақ-махалла» тұрғындары туралы айтылған.

Мансұр Киай – ирандық этнограф. Оның Ирандағы қазақ диаспорасы туралы зерттеуі 30 жыл бұрын жазылған. Қазақ тілінде жарық көргенге дейін бұл еңбек қолжазба күйінде сақталған. Кітап «Иран қазақтарының салт-дәстүрлері» деп аталады. Онда 1930 жылдары Маңғыстаудан Иранға көшкен қазақтардың мәдениеті, салт-дәстүрі, киіну үлгісі, фольклоры туралы баяндайды. Кітапта автордың түсірген суреттері де басылған.

ТҮРКІМЕН ӨЛКЕСІНДЕГІ «ҚАЗАҚ-МАХАЛЛА»

Мансұр Киай қазақтарды алғаш рет Иранда түркімендер тұратын Түркімен сахра жеріне барғанда көргенін айтты.

– Зерттеу жұмыстарымен Түркімен сахраға барған едім. Сонда түркімендерден түрі басқа адамдарды кездестіріп қалдым. «Бұлар кім?» десем «қазақтар» Ирандық этнограф Мансұр Киай Каспий жағасында тұр. Ақтау, 9 қазан 2011 жыл. Сурет жеке мұрағаттан алынған.

Ирандық этнограф Мансұр Киай Каспий жағасында тұр. Ақтау, 9 қазан 2011 жыл. Сурет жеке мұрағаттан алынған.

дейді. «Қайда тұрады?» десем, «Чай бойында» деді. Сосын мен Чай бойына барып, қазақ Қуат Павиз мырзамен таныстым. Түркімендерден мәдениеті басқа осы ұлт туралы зерттегім келетінін айттым. Сөйтіп жұмыс басталып кетті, - деді ол.

Ғалым 1978-1983 жылдары Горган, Бәндар Түркімен, Күмбед, Аққала қалаларында қазақтар тұратын «Қазақ-махалланы» аралап, Иран қазақтары өмірінен көптеген сурет те түсірген.

Ирандағы қазақтар шоғырланып қоныстанған аудандарды жергілікті жұрт әлі де «Қазақ-махалла» деп атайды.

30 ЖЫЛҒА КЕШІККЕН КІТАП

«Қазақ-махаллада» көргендерін ғалым кітап қылып жазады. Кітап алғашқы нұсқасы дайын болған кезде шықпай қалған. Оның себебін Мансұр Киай былай түсіндіреді:

– Әуелде Иран-Франция достық қоғамы кітапты баспақшы болатын. Өкінішке қарай, Бәнисәдрдің (бас сауғалап кеткен Иранның тұңғыш президенті – ред.) Францияға кетуі екі ел арасындағы қатынасқа кері әсер етті. Сөйтіп кітап басылмай қалды. Бұл кітапты жарыққа шығаруға ешкім әзір болмады. «Оқылмайды. Қазақтарды ешкім танымайды» десті, - дейді ол.

Нияз Тобыш, аудармашы. Алматы, 27 маусым 2012 жыл.

Нияз Тобыш, аудармашы. Алматы, 27 маусым 2012 жыл.

Тек 2006 жылы бұл қолжазба Қазақстанға жетеді. Зерттеу жайлы бұрыннан білетін және осы кітапты қазақша аударған Нияз Тобыш:

– 2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Иранға барғанда, Мансұр Киаймен арнайы жолығып, қолжазбаны 4 мың долларға бағалап, сатып алдық, - деді.

Оның айтуынша, кітапты басуға Маңғыстау облысының сол кездегі басшылығы жәрдемдескен.

Киай бұл кітаптың енді Иранда да шығатынын, бірақ мәдениет министрлігінен рұқсат алу ұзаққа созылатынын айтты.

«ҚАЗАҚЫ АТ ҚҰЖАТҚА ТҮСПЕЙДІ»

«Иран қазақтарының қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз?» деген Азаттық тілшісінің сауалына Мансұр Киай:

– Иран қазақтары қазір өзінің ұлттық киімін кие алмай отыр. Мен алғаш көргенде олардың киімі әдемі болатын. Қазір олай емес. Дастархандарында да өзгеріс бар. Көп өзгерген. Қазір үй ішінде бір бөлек ат (есім), құжатқа тіркелу үшін бір бөлек ат қояды. Мәселен, үйінде «Алаш», «Тұраш» болса, құжаттарындағы аты Фридун, т.б. болып келеді, - деп жауап берді.

«Сіз зерттеп жүрген уақытта мұндай үрдіс болды ма?» деген сауалға:

– Жоқ, ондай болған жоқ. Кейіннен азаматтардың хал актілерін тіркеу ұйымы кейбір адам есімдерін басқалар қолдана алмайды деп тапты. Мәселен, менің достарымның бірі баласына "Бехнуд" деп ат қоймақ болды. Сонда тіркеу ұйымы мұның нұсқаулыққа қайшы екенін айтты. Өйткені Бехнуд оппозициялық көзқарастағы жазушы болатын. Ал қазақтарға қатысты айтсам, олар мұсылман болғандықтан, белгілі бір есімдерді ғана қою керек деп шешілген. Тіркеу ұйымы қазақша есімді тіркемейді. Өйткені адамның аты барлық ирандықтар түсінетіндей болуы керек деген нұсқау бар, - деді ғалым.

Ол Иранда есімдердің арнайы реестрі бар екенін, адам аттарының сол тізім ішінен ғана таңдап қойылатынын айтты.

Киай кітабы қазақ тіліне аударылып жатқанда Қазақстанға келген екен. Ол Қазақстан жастары мен «Қазақ-махалла» жастары арасында айырмашылық бар. Қазақ-махалла» жастарына оқшаулану тән» дейді.

Иран қазақтарының 1970-90 жылдардағы және қазіргі киім үлгілерін мына фотогалереядан көре аласыз:


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭТНОГРАФ КӨЗІМЕН

Мансұр Киайдің «Иран қазақтарының салт - дәстүрлері» кітабын оқып шыққан қазақстандық этнограф Досымбек Қатран зерттеушінің құнды мәліметтер жинағанын айтты.

– Бұл кітапты оқығанда антрополог, дәрігер Рихард Каруцтың 1910 жылы Маңғыстау қазақтары туралы шыққан кітабы есіме түсті. Иран қазақтары мен Маңғыстау қазақтары бір ғой. Олардың мәдениеті туралы Киайдің де кітабын құнды еңбек деп айтуға болады, - дейді ол.

Этнограф Досымбек Қатран. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.

Этнограф Досымбек Қатран. Алматы, 29 қаңтар 2013 жыл.

Алайда Досымбек Қатран «зерттеу 30 жыл бұрын жазылғандықтан Иран қазақтары мәдениетіндегі қазіргі өзгерістер толық қамтылмағанын» айтты.

- Автор бұл ретте бірер мысалмен ғана шектелген, - дейді ол.

Қазақстандық этнограф ирандық ғалымның бұл еңбегінде салыстырмалы зерттеу әдісін қолданбай, тек баяндаумен кеткен деп бағалады.

– Бірақ осы баяндаудың өзінен құнды мәліметтер алуға болады, - дейді ол.

«ҚАЗАҚ-МАХАЛЛА» ТҮЛЕГІ

«Қазақ-махаллада» туып-өскен, қазір Алматыда тұратын Жүсіп Пилтан Киайге дейін Иран ғалымдарынан қазақтарды арнайы ешкім зерттемегенін айтады. Ол Киай зерттеген уақыттағы қазақтардың ән-жыры Иран теле-радиосы мекемесі архивінде сақталғанынан хабардар етті.

– Архивте Темірбай, Нұрымшат, Назар, Түгелбай тәрізді ақын-жыраулардың толғау-термелері бар. Ол кісілерді бала күнімізде көрдік, есімде. Ал Иран қазақтарын Киайдан басқа арнайы зерттеген ирандық болған емес. Қазақстаннан Оралман Жүсіп Пилтан. Алматы, 10 ақпан 2013 жыл.

Оралман Жүсіп Пилтан. Алматы, 10 ақпан 2013 жыл.

барып зерттегендер бар. Кезінде Тұрсынбек Кәкішев және Илья Жақанов барып деректер жинап қайтқан. Киайдің айырмашылығы, ол – тәуелсіз, қазақ емес адам. Яғни көзқарасы бейтарап. Не бар - соны жазған, - дейді Жүсіп Пилтан.

Оның айтуынша, Иран қазақтарының мәдениеті әлі де толық зерттелмей келе жатыр.

Иран Ислам Республикасы - Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Ирак, Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Түркия, Түркіменстан, Пәкістан елдерімен шектесіп жатыр.

Ирандағы қазақтардың саны туралы деректер әрқилы. Бір мәліметтерде «алты мыңнан асады» деп айтылса, енді бір ақпараттар «Иранда сегіз мыңға жуық қазақ тұрады» деп көрсетеді. Зерттеушілер олардың 1918-33 жылдар аралығында Маңғыстау мен Атыраудан Түркіменстан арқылы Иранға көшкенін айтады.
  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    Алматы бюросының бас редакторы. Азаттық радиосында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG