Accessibility links

«Ирандағы қазақ қыздары білімге ден қоя бастады»


Ирандағы қазақ қыз-келіншектері. Фотография 1998 жылы түсірілген. (Көрнекі сурет)
Ирандағы қазақ қыз-келіншектері. Фотография 1998 жылы түсірілген. (Көрнекі сурет)

«Жігіттер негізінен футбол ойнауға уақыт жұмсайды». Ирандағы қазақтарды «жақсы тұрады» деп сипаттаған Мехран Пилтан осы елдің Горган қаласында туған. Горган маңындағы газ өңдеу зауытында жұмыс істейтін ол Азаттыққа Ирандағы қазақ жастары өмірін әңгімелеп берді.

Азаттық: - Ирандағы қазақ жастарының білім алуы, мемлекеттік қызметке тұруына кедергілер бар ма?

Иран қазағы Мехран Пилтан
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:24 0:00
Жүктеп алу

Мехран Пилтан: - Ирандағы мен білетін қазіргі қазақ жастарының жоғарғы білім алуы, мемлекеттік қызметтерге араласуы жақсы. Университет бітіріп, әр салада жұмысқа орналасқандары көп. Тіпті мемлекеттік қызметте жүрген жастар да баршылық қазір. Мысалы, өзім қызмет ететін компанияда электр-инженер болып істейтін, бұрғыларды жөндейтін, газ өңдейтін, өндірісті бақылап отыратын қазақ жастары баршылық. Газ құбырларын дәнекерлейтін қазақ жастары да кездеседі.

Қыздар арасында білімге ден қойғаны көбейіп келеді. Сол себепті жоғарғы сыныпты аяқтап қалған оқушылар жаз айларында қосымша курстар оқуға, болмаса тігін шеберханаларына қолөнер үйренуге барады.

Азаттық: - Қазақ жастары бос уақытын қалай өткізеді?

Мехран Пилтан: - Оларды мен екіге бөліп қараймын. Біріншісі - қазақ қыздары. Қыздар арасында білімге ден қойғаны көбейіп келеді. Сол себепті жоғарғы сыныпты аяқтап қалған оқушылар жаз айларында қосымша курстар оқуға, болмаса тігін шеберханаларына қолөнер үйренуге барады. Тіпті қазақ қыздарының арасында спортпен айналысатындары да жоқ емес. Жүзу спортына, баскетбол, волейболға барып жүрген қазақ қыздарын кездестіруге болады. Ал жігіттерге келетін болсақ, Иранда қазақ жігіттері құрған футбол командасы бар. Жігіттер негізінен футбол ойнауға уақыт жұмсайды. Қазақ қыздары көбінесе қазақ жігітке тұрмысқа шығады, біз салт-дәстүрді, тілді ұмытпағанбыз.

Азаттық: - Жұмысқа алуда қазақтарға қатысты қандай да бір ерекше көзқарас бар ма?

Мехран Пилтан: - Жұмысқа тұруда ұлттық ерекшелік есепке алынбайды. Бірақ бұлардың да (Иран мемлекетін айтады – авт.) өз заңы бар. Мәселен ирандықтар ақсүйек болса да, басқа болса да, ең бірінші адамның ұстанған дінін сұрайды. Сонан кейін отбасылық жағдайын анықтайды. Бұл заңдылық қызметке тұратын кезде бізден де (этникалық қазақтардан да) сұралады.

Азаттық: - Сізбен бірге қызмет істейтін этникалық қазақтар көп пе?

Мехран Пилтан: - 30-ға жуық адам бар. Кейбірі салт келіп істеп жүрсе, кейбірі отбасымен көшіп келген. Бірақ қазақтар жұмыста жиі көрісе бермейміз. Өйткені біз жұмыс істейтін аумақ өте үлкен. Иранда зейнетке шығу Қазақстандағы сияқты адам жасымен есептелмейді. Қызмет өтіліңе байланысты. Сіз 30 жыл қызмет істесеңіз болды, зейнетке шыға аласыз.

Азаттық: - Өзіңіз қызмет істейтін компанияның Ирандағы орны қандай ?

Иран қазағы Мехран Пилтан өзі жұмыс істейтін зауыттың алдында тұр. Сурет автордың Facebook парақшасынан алынды.
Иран қазағы Мехран Пилтан өзі жұмыс істейтін зауыттың алдында тұр. Сурет автордың Facebook парақшасынан алынды.

Мехран Пилтан: - Зауыт «Оilgas Refinery» деп аталады. Тек газ өндірумен айналысады. Газ өндірумен айналысып келе жатқанына 15 жыл болды. Қазір Иранның оңтүстік өңіріндегі ең үлкен зауыт саналады. Бүгінде газ өндіретін зауыттар салынып, дамып жатыр. Біздің зауыт территориясы өте үлкен. Ондаған шақырым аумақты алып жатқан зауытта 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Азаттық: - Күніне қанша сағат жұмыс атқарасыздар?

Мехран Пилтан: - Біз күніне 12-13 сағатқа дейін жұмыс істейміз. Соған сәйкес жалақымыз да жақсы. 15 күн істеп, 15 күн демаламыз. Сол себепті бұл жерге көпшілік қауым салт күйінде келіп істейді.

Азаттық: - Ол жердегі сіздің қызметіңіз қандай?

Әр қазақтың бірнеше қабат етіп салған жеке үйлері бар. Мысалы, менің үйім бес қабатты... Шетелге жүк тасумен айналысатын қазақтар да көп. Экономикалық тұрғыдан алғанда әлеуметтік жағдайлары өте жақсы.

Мехран Пилтан: - Менеджмент. Иранның техникалық университетінде техник-менеджмент мамандығы бойынша оқыдым. Туған қалам Горганда бес-алты жыл қызмет істедім. Кейін осы жерге ауысып келдім. Отбасым Горганда тұрады. Төрт балам бар. Барып-келіп жұмыс істеймін.

Азаттық: - Иран қазақтарының бүгінгі әлеуметтік жағдайын аз-кем сипаттап берсеңіз?

Мехран Пилтан: - Иран қазақтарының барлығы Каспий теңізінің оңтүстігінде, үш қалада қоныстанған. Барлығы - қалада. Ауылда қазақ жоқ. Әр қалада екі шағын аудан бар. Ол аудандар «қазақ ауылы» деп аталады. Әр қазақтың бірнеше қабат етіп салған жеке үйлері бар. Мысалы, менің үйім бес қабатты. Туыстарымызбен барлығы бір жерде отырамыз. Қазір шетелге жүк тасумен айналысатын қазақтар да көп. Экономикалық тұрғыдан алғанда әлеуметтік жағдайлары өте жақсы.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет!

XS
SM
MD
LG