Accessibility links

Ирандық министр Facebook парағы бар екенін айтты


Иранның сыртқы істер министрі Мохаммед Джавад Зариф.

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммед Джавад Зариф.

Иранның жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Джавад Зариф Facebook-тегі парақшасын отбасы мүшелерімен бірге жаңартып отыратынын айтты.

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммед Джавад Зариф - Facebook-ті «сионизм құралы» деп жауып тастаған елде бұлай мойындаған алғашқы басшы. Джавад Зариф үшін бұл сондай үлкен қадам емес. Бірақ бұл – интернет цензурасымен талайдан бері күресіп жатқан ирандық блогерлер үшін өте үлкен жаңалық.

АҚШ-та оқыған Мохаммед Джавад Зариф Иран үкіметі бұғау салған әлеуметтік желінің бірі Facebook-те парақшасы бар екенін тамыздың 14-і күні айтты. Facebook-те 65 мың досы бар Зариф «Сіздер өтінген соң парақшамды жаңартып жатырмын» деп жазды. Оның осы хабарламасын 5 мың оқырман ұнатқан. Кейбіреулері «Сіз бұл сайтты қандай бағдарлама арқылы пайдаланып отырсыз?» деп те сұрапты.

Зарифтің Facebook-ке кіргеніне риза болған бір қолданушы «Сіз де Facebook-ті жауып тастаған үкіметтің бір министрі емессіз бе? Иран басшыларының әрекеті мен айтқан сөздерінің арасындағы қарама-қайшылықты еш түсіне алмаймын» деп жазды. Бірақ Зариф оған жауап бермеген.

Ирандық блогер әрі белсенді Вахид Онлайнның айтуынша, Зарифтің Facebook-те Хаменеидің Facebook парағы.17 желтоқсан 2012 жыл.

Хаменеидің Facebook парағы.17 желтоқсан 2012 жыл.

жария түрде парақша ашуы талай адамды таң қалдырған. «Тіпті Хаменейдің кеңсесі де Facebook-те жеке парақшасы барын мойындаған емес» дейді блогер.

«Зариф – Иранның Facebook-ті қолданып, ақпаратты өзі жазып отырған бірінші ірі шенеунігі. Бұл сайтты Иран үкіметі «дұшпанның құралы» деп айыптады. Оппозиция мүшелерін соттаған кезде де осы желіні сылтау қылған» деп жазады Вахид Онлайн.

Facebook – Ирандағы ең танымал әлеуметтік желі, Иран үкіметі қатаң қадағалап отырған жүздеген веб-сайттардың бірі. Көптеген ирандықтар әр түрлі бағдарламаларды қолдану арқылы бұл желіге қойылған кедергілерден әзер өтеді. Иран үкіметінің басшылар «әлеуметтік желіге тіркелу қылмыс емес, бірақ үкімет салған тыйымды бұзу қылмыспен пара-пар» деп ескертті. Кейбір басшылар және мемлекеттік телеарналар бұл әлеуметтік желілерді «Иранның дұшпандары мен шетелдік барлау қызметінің жасап отырған сионистік құралы» деп атады.
Иранның Аятолла Әли Хаменеи бастаған көптеген жетекшілері ашық мойындамаса да, Facebook пен Twitter сияқты желілерді қолданады.

Бірақ соның өзінде Иранның Аятолла Әли Хаменеи бастаған көптеген жетекшілері ашық мойындамаса да, Facebook пен Twitter сияқты желілерді қолданады. Жазда президент сайлауы кезінде барлық негізгі кандидаттар Facebook-ті қолданды, Instagram-ға суреттерін жариялады. Мамандар сайлаушылардың әлеуметтік желіні кеңінен қолданғанын айтты.

Ұлыбританиядағы Small Media Foundation орталығын басқарып отырған Махмод Енаяттың айтуынша, Иран басшылары әлеуметтік желінің ақпараттық қуатын түсінді.

– Елдегі ең бірінші басшының өзі Facebook, Twitter, Instagram, Tumbler-ді қолданып отырғанда біреулер Зарифке қарсы болып, «Сен неге Facebook-тен аккаунт ашасың?» деп сұрай қоймас. Керек десеңіз, мемлекет басшылары әлеуметтік желіні назардан тыс қалдырып, «Бұл Батыстың ойлап тапқан амалы ғой» деп ысырып тастай алмайды. Президент сайлауы кезінде талай мемлекет басшыларының желіні қолданғанын көрдік, – дейді ол.

2009 жылдың ақпан айында әлеуметтік желіден аккаунт ашқан Джавад Зариф содан бері жеке парақшасын жаңартпаған еді. Маусым айында сыртқы істер министрі болып тағайындалардан бірнеше күн бұрын ол өзінің парақшасына жаңалықтар жазып, суреттерін орналастыра бастаған. Оның жаңадан салған ақпараттарын сол заматта-ақ жүз мыңдаған оқырман ұнатып, бөлісіп жатты.

Көптеген адамдар оның Facebook арқылы қатарларына қосылғанына рахмет айтып, «Иранның басқа да басшылары сізден үлгі алуы керек» деп жазды. Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 1 маусым 2013 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 1 маусым 2013 жыл.

Жұрттың көбі Джавад Зарифтің парақшасында жаңадан сайланған Иран президенті Хассан Роуханидің «халықаралық дипломатиялық байланыстар мен елдің даму жолын реттейміз» деген уәдесіне орай пікірлер қалдырған. Бір ирандық оған «Сіз санкцияны алып тастайды деп үміттенемін» деп жазыпты.

Тағы бір оқырман «Сіз жайында жақсы ойлайтын кісілердің сенімі желге ұшпас. Өзгерістер тілеген үміттерге толы хаттарды сіз түгел оқиды деп үміттенемін» дейді.

Хассан Роухани президент боп сайланған соң Иранның бұқаралық ақпарат құралдары «үкімет сайттардағы шектеулерді азайтуы мүмкін» деп болжаған еді. Сайлау науқаны кезінде Роухани «мұндай шектеу халық пен үкіметті бір бірінен алшақтатады» деп, мемлекеттің интернет цензурасын сынаған.

Азаттық тілшісіне атын айтқысы келмеген бір тегерандық блогердің сөзінше, Джавад Зарифтың Facebook-ке тіркелуі елдің «үкімет енді желіне қайтадан ашатын шығар» деген үмітін оятты. Бірақ солай боларына Махмод Енаяттың күмәні бар.

– Иран үкіметінің Facebook-ке рұқсат етуі неғайбіл. Көптеген саясатшылар мен ұйымдар Facebook-ке қосылса, Facebook пен Twitter-ге деген теріс пікірдің мәні қалмайды. Бірақ қалай болғанда да болашақта әлеуметтік желіні бұғаудан босата ма, жоқ па – ақырын күтуіміз керек, – дейді ол.

Азаттық тілшісі Гүлназ Эсфандиаридің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Сағынай Кәрім.
XS
SM
MD
LG