Accessibility links

Роухани инаугурациясының VIP қонақтары


Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 17 маусым 2013 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 17 маусым 2013 жыл.

Иран 4 тамызда президентті ұлықтау рәсіміне келетін қонақтарды күтіп алуға дайындала бастады. Жергілікті БАҚ «оқиғаға халықаралық деңгейде назар аударылды» деп жазғанымен, VIP қонақтардың әуелгі тізімі шағын.

Ирандық шенеуніктер Хассан Роуханидің 4 тамыздағы президенттік инаугурациясын тамашалау үшін Тегеранға барлық мемлекет басшылары шақырылды деседі. Олар шараға 200 журналист қатысатынын, 16 шетелден 50 баспасөз құралының өкілі келетінін айтты.

Шенеуніктерінің мәлімдеуінше, 40 ел шақыруды қабыл алған, 10 президент пен 3 премьер-министр Тегеранға келуге дайын. Орталық Азия елдері түгелге жуық құраммен келмек, аймақтағы бес президенттің төртеуі (Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Қазақстан басшылары) Роуханиді ұлықтау рәсіміне келетіндерін айтты. Көршілес Ауғанстан мен Пәкістанның және Африкадағы Того мен Гвинея-Бисаудың басшылары да бармақ. Ливанның одақтасы Арменияның президенті мен БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары Ян Элиассон да тізімде бар.

ОДАҚТАС ЕЛДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ БАРМАЙДЫ

Бірақ ұлықтау рәсіміне аз уақыт қалса да, VIP («аса маңызды тұлға») қонақтардың тізімі әлі шағын. Тіпті Иранның жақын одақтастарының біразының басшылары келмейтін сияқты. Мысалы, Ресей мен Сирияның президенттері шараға қатыспайды. Азаматтық соғыспен есі шығып жатқан Сирия президенті Башар Асад премьер-министр Ваиль Надер әл-Халкиді жіберетінін айтты Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Иранның сол кездегі президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесіп отыр. Пекин, 7 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) Иранның сол кездегі президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесіп отыр. Пекин, 7 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

​. Ал Ресей президенті Владимир Путин Иранға жуықта келіп кетпек, бірақ инаугурация кезінде болмайды. Ресей атынан шараға мемлекеттік думаның төрағасы Сергей Нарышкин немесе Ресейдің Ирандағы елшісі қатысуы мүмкін.

Иранның одақтастары Беларусь пен Венесуэла және Боливия әлі күнге дейін кімді жіберетіндерін мәлімдемеді. Шақырту қағазын алмаған АҚШ пен Израильдің келмейтіні анық. Ал еуропалықтар салтанатты шараға қатысудан қашқақтап тұрғандай. Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі «Еуропа Одағымен (ЕО) келісім бойынша оқиғаға Ирандағы дипломаттар ғана қатысады» деді. Баспасөз құралдары Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро мен ЕО сыртқы саясат пен қауіпсіздік бойынша бұрынғы өкілі Хавьер Солананың келуі ықтимал екенін жазады.

Ирандағы парламентарийлер инаугурациясы кімді шақырамыз деген сауал төңірегінде келіспей қалады. Кейбірі бұрынғы президент-реформатор Мохаммад Хатамидың қатысуы қажет пе деп күмәнданса, басқалары бұрынғы басшылардың бәрі болуға тиіс дейді. Иран инаугурациясы парламентте өтеді, оған ресми тұлғалар мен елдегі шетелдік дипломаттар қатысады. Жергілікті тұрғындар шараға қатыса алмайды.

Антуан Блуаның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG