Accessibility links

Иран экономистері антисанкциялық қозғалысқа үндеді


Еуро, АҚШ доллары және Иран риалы. (Көрнекі сурет)

Еуро, АҚШ доллары және Иран риалы. (Көрнекі сурет)

Иран тарихында бірінші рет елдегі танымал экономистер АҚШ бастаған мемлекеттердің санкциясына қарсы азаматтық қозғалыс құруға шақырды.

Иранның танымал үш экономисі Тегеранның ядролық бағдарламасына бола енгізілген санкцияға қарсы азаматтық қозғалыс құру керек екенін айтты. «Санкцияның салмағы қарапайым Иран азаматтарының иығына түсті, елдің экономикасы құлдырап, баға шарықтап кетті» дейді олар.

«РОУХАНИ ИРАНҒА ӨЗГЕРІС ӘКЕЛЕДІ»

Бұл Иран зиялыларының арасында ел экономикасы мен ирандықтар өміріне санкцияның тигізетін кесіріне алаңдаушылықтың артқанын білдірсе керек. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегі бойынша, экономистер ирандық белсенділер мен ғалымдарды, суретшілер мен басқа да тұрғындарды өздері «қисынсыз, әділетсіз» санайтын санкцияға қарсы шығуға шақырады. «Саяси тартыста ұстамдылығымен көзге түскен Хассан Роуханидің президент болып сайлануы санкцияға қарсы кампания құру жолын қалыптастырды» дейді олар.

Иранның ядролық әрекетін тоқтатпайтыны туралы мәлімдемесінен соң АҚШ пен Еуропа Одағы соңғы үш жылда Тегеранға қарсы қатал санкция енгізген еді. Ақша айырбастау орнының алдында тұрған адамдар. Тегеран, 3 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақша айырбастау орнының алдында тұрған адамдар. Тегеран, 3 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Онда Иран мұнайын шетелге сатуға және Батыс банктері арқылы Иран валютасымен операция жасауға шектеу қойылған.

Азаматтық қозғалыс құру туралы ұсынысты 1 шілдеде Тегерандағы Шахид Бехешти университетінің экономисі Муса Ганинежад бастады. Ганинежад «Donya-e Eghtesad» экономикалық басылымына мақала жариялап, санкцияны бейбітшілікке қауіп төндіретін қастық әрекет деп атады. «Бейбітшілік пен достықты қолдайтын азаматтық қоғам топтары үшін әділетсіз, заңсыз, адамгершілікке жат саясат туралы әлемге жар салатын кез келмеді ме?» деп сұрайды ол.

Ганинежад Тегерандағы Алламех Табатабаеи университетінің аға экономисі Мұхаммед Мехди Бекишпен дөңгелек үстел ұйымдастырып, пікірталасқа түскенін жазады. Олардың әңгімесі 14 шілдеде Иран баспасөз құралдарында жарияланды.

«ЖАУЫЗ» САНКЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

Екі экономист «азаматтық қозғалыс санкцияның Иран халқына зиян тигізетіні туралы хабар таратуға тиіс» дейді. Олар Куба, Солтүстік Корея, Саддам Хусейн кезіндегі Ирак тарихына шолу жасап, бұндай шараның мақсатына жеткен кезі сирек екенін айтады. «Батыс елдері саяси мәселені неге дипломатиялық жолмен шешпейді? Жаулық пен шиеленіс құралы ретінде неге экономиканы таңдайды?» Иранның жаңа сайланған президенті Хассан Роухани. Тегеран, 3 шілде 2013 жыл.

Иранның жаңа сайланған президенті Хассан Роухани. Тегеран, 3 шілде 2013 жыл.

деген сауал қояды Ганинежад. «Роуханидің жеңісін Иранда «сабырлық пен саналылық» саясаты жеңді деп санасақ, халықаралық қысымның жалғасып жатқанын ақтай алмаймыз» дейді олар.

Ганинежад Иранға қарсы санкция енгізген Батыс елдерінің қоғамына кампания ықпал етуге тиіс деп біледі. «Батыс әлемінде қоғамдық пікір маңызды әрі ықпалды. Мысалы, АҚШ-тың Вьетнамдағы соғыста шегінуіне АҚШ пен Еуропа университеттеріндегі кампания себеп болды» деп жазады экономист.

Роуханидің сайлануын кейбір бұрынғы америкалық дипломаттар мен ұлттық қауіпсіздік сарапшылары, бірнеше конгрессмен «ядролық дағдарысты шешуге ықпал ететін сәт туды» деп қабылдады. Ал басқалары, соның ішінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Роуханидің президент болуын жақтырмай, «АҚШ Иранға қысымды күшейтуі керек» деп мәлімдеді.

Экнономист Бекиштің айтуынша, Иранның ядролық әрекетінің ашықтығын қолдайтын және әлеммен байланысты жақсартуды көздейтін Роухани билікке келгеннен бері «халықаралық атмосфера» өзгерген. «Иран зиялыларының қолдауы – кампанияның сәтті болуының негізгі шарты. Біздің зиялылар жапа шекті, олардың осы қозғалысқа қатысуына мүмкіндік жасауымыз керек. Маусымдағы сайлаудан соң олардың көзқарасы белгілі бір деңгейде өзгерді» деп жазады Бекиш.

2009 жылғы сайлаудан соңғы репрессияда түрмеге қамалған экономист Саид Лейлаз азаматтық қозғалыс құруды «қажеттілік» деп атады. Ол «Fararu» жаңалықтар сайтында Хассан Роуханидің президент болуы ирандар мен Бұрынғы АҚШ елшілігі маңындағы антиамерикалық шеру. Тегеран, 2 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Бұрынғы АҚШ елшілігі маңындағы антиамерикалық шеру. Тегеран, 2 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

исламдық мекемелер арасындағы айырмашылықты жойды деп жазады. «Бір мемлекетте халық пен үкімет арасында немесе әртүрлі мекемелер арасында бірлік болмаса, олар әлемдік тәртіпке қарсы бірге қарсы шыға алмайды» деді Саид Лейлаз.

Лейлаздың ойынша, әлемге АҚШ-тың санкциясы «жауыз» екенін әйгілейтін азаматтық қозғалыс құратын уақыт жетті. «Санкциялар Иран мен оның халқын жеңе алмайды, ел экономикасындағы мәселелердің көбі қате басқарудан туындаған» дейді бұрынғы президент Мұхаммед Хатамидің экономика мәселелері бойынша кеңесшісі болған Лейлаз. Оның пікірінше, азаматтық қозғалыс АҚШ пен Израильдың «Иран – әлемге қауіп төндіретін ел» дегені бекен екенін дәлелдеуге тиіс.

Иран ядролық әрекетін бейбіт мақсаттағы шара деп атайды. Бірақ АҚШ пен басқа мемлекеттер Иранды ядролық қару өндіру үшін құпия жұмыс істеп жатыр деп санайды. Америкалық шенеуніктер бірнеше рет «санкцияның мақсаты – Иран халқын жазалау емес, оның әскери ядролық бағдарламасының алдын алу» деп мәлімдеді. Бірақ Ирандағы кампания белсенділері «санкциядан билік басындағылар емес, Иран халқы жапа шегіп жатыр» деп мәлімдейді.

Азаттық тілшісі Гүлназ Эсфандиаридің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG