Accessibility links

Ислам Жеменей: «Ирандағы қазақтар өміріне Қонаевтың сәлемі оң әсер етті»


Ислам Жеменей, шығыстанушы ғалым, атажұртқа Ираннан қоныс аударған қазақ. Жеке мұрағаттағы сурет.

Ислам Жеменей, шығыстанушы ғалым, атажұртқа Ираннан қоныс аударған қазақ. Жеке мұрағаттағы сурет.

Иранда туып-өскен Ислам Жеменейдің тарихи Отаны Қазақстанға оралғанына 20 жылдың жүзі болды. Бүгінде шығыстанушы әрі филология ғылымдарының докторы атағына ие Жеменей Ирандағы қазақтар тарихын зерттеген адамдардың бірі. Ол көшпелі дәстүрді ұстанған қазақ үшін бір жерге тұрақтап тұру қиынға соққанын айтады.




Ислам Жеменей «Иран қазақтары» атты өз кітабында Ирандағы қазақтардың тарихында бірнеше елеулі оқиға болғандығын атап өтеді. Оның бірі – өткен ғасырдың 80-ші жылдары Иран патшасы Мұхаммед Реза Пәһлевидің сол кездегі советтік Қазақстан басшысы Дінмұхаммет Қонаевпен кездесуі екен. Жеменейдің жазуынша, Қонаевтың патша арқылы Ирандағы қазақтарға жолдаған сәлемі олардың өмірінің өзгеруіне әсер еткен.

Иранда туып-өсіп, қазірде Алматы қаласында еңбек етіп жатқан шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы Ислам Жеменей Иран қазақтарының парсы жұртындағы өмір тарихы, салт-дәстүрі туралы сыр шертеді.

Азаттық радиосына берген сұқбатында ғалым Қазақстан мен Ирандағы қазақтардың айырмашылығы мен ұқсас тұстарына тоқталады. Шет елдегі қазақтардың тарихи Отанына оралуына қандай тылсым күш итермелейтіндігі жайлы өз пікірін ортаға салды.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG