Accessibility links

Ирандағы ойын-сауыққа қарсы күрес диссиденттерді көбейтеді


Иран полицейлері тәркіленген спирттік ішімдіктер қойылған үстелдің жанында тұр.

Иран полицейлері тәркіленген спирттік ішімдіктер қойылған үстелдің жанында тұр.

Иран билігі ислам революциясы болған отыз екі жылдан бері азаматтарының көңіл көтеріп, ойын-той өткізуіне қарсы күрес жүргізіп келеді. Ол күресте көп адам құрбан болды. Сарапшылар мұның астарында ел билігінің халықты өз ырқында ұстау саясаты жатыр деп есептейді.


Иранның Мешхед қаласындағы әйелдер Иранның ойын-сауық өткізіп, көңіл көтеруге қарсы ұзаққа созылған әдеттен тыс соғысының кезекті құрбаны болды. Аты-жөні белгісіз жас қыз қыркүйектің соңғы жексенбісінде ғимараттың алтыншы қабатынан секіріп өлген. Ол ер мен әйел бірдей қатыса алатын ойын-сауық кешінде жүрген кезде қауіпсіздік күштері ұйымдастырған тексерістен қашып құтылмақ болған. Ол тұтқындау мен айыптаудан үрейленген.

ТЫЙЫМНЫҢ ТӨРКІНІ ДІНДЕ МЕ?

Адам құқықтарын қорғау халықаралық тобының Ирандағы өкілі Хади Гаеми жас қыздың өліміне Иран билігі кінәлі деп санайды.

– Қауіпсіздік күштері мен полицияның адамдардың үйлеріне жасаған тінтулері адам құқықтарын ашықтан-ашық бұзу және адамдардың жеке өміріне араласу болып табылады, – дейді Хади Гаеми.

Өкінішке қарай, Мешхедтегі әйелдердің тағдыры Ирандағы барлық
Олар көңіл көтеру жекелеген адамдардың көбінесе режим мен топтар белгілеген міндеттері мен тәртібіне бағынуын азайтады деп түсінеді.

адамның басында бар. Хади Гаеми нақты саны белгісіз болғанымен, көңіл көтеру кешіне жасалған тексерістен құтылмақ болған көптеген жастардың өздерін өздері өлтіргенін айтады.

Мұнда сондай-ақ сыртқы келбетіне бола, партияға кіргені үшін, ер адамдармен араласқаны үшін, алкоголь ішкені үшін, өзге көп елдерде қалыпты деп саналатын әрекеттермен айналысқаны үшін тұтқындалып, айып салынған я таяқ жеген ирандық әйелдер де бар.

Бұл – Иранда ислам республикасы құрылған 32 жылдан бері ел билігі жүргізіп келе жатқан көңіл көтеруге қарсы күрестің бір бөлігі. Алайда, кейбір сарапшылар мұндай басып-жаныштау әрекеттері көп жағдайда діни биліктің авторитарлық сипатымен байланысты екенін айтады.

Иллинойс университетіндегі әлеуметтану және Таяу Шығыс мәселелері бойынша профессор Асеф Байаттың айтуынша, көңіл көтеру жеке адамға күнделікті өмірдің қағидалары мен билік құрылымдарынан босап шығуға мүмкіндік береді. Көңіл көтеру адамға уақытша еркіндік беріп, дербестікке жол ашады. Бұл авторитарлық режимдер ұнатпайтын нәрселердің бірі дегенді айтады профессор.

– Олар көңіл көтеру жекелеген адамдардың көбінесе режим мен топтар белгілеген міндеттері мен тәртібіне бағынуын азайтады деп түсінеді, – дейді Асеф Байат.

Иран ислам республикасының негізін салған аятолла Рухолла Хомейни көңіл көтерудің исламға қайшы екендігін білдірген. Көпшілік алдында ешқашан күліп я жымиып көрмеген Хомейнидің: «Исламда әзіл-сықақ деген болмайды. Исламда көңіл көтеру де жоқ. Ешқандай көңіл көтеру деген болмау керек» деген сөзі бар.

Билік содан бері күлкі, ойын-той, сол сияқты өзге де нәрселерді қорқыту, тіпті кейде жазалау арқылы да қоғамдық өмірден аластатуға барынша күш салып келеді.

«Күлкі – ислам төңкерісінің құндылықтарын, онда азап шеккендердің қанын құрметтемеу белгісі» деп танылған болатын. Қоғамдық және ресми іс-шараларда оның орнына жабырқаңқы көңіл-күй мен аза тұту – қалыпты іс.

«АҚШАСЫН БЕР ДЕ, КӨҢІЛ КӨТЕРЕ БЕР»

Ирандық журналист Хусейн Керманидің түсіндіруінше, мемлекеттің көңіл көтеруге қарсы идеологиялық доктринасы ертеден басталған.

– Бізге бала кезімізден, мектепте оқып жүрген кезімізден бері қарай ойын-күлкі жаман әдет деп үйретіп келе жатыр. Ойын-күлкіні арзан, бос нәрсе, одан да салмақты болу керек деп үйретті. Оны бізге дінмен байланысты деп айтатын, – дейді журналист.

Қыркүйек айында Тегеран мен өзге бірнеше қалада жастар қоғамдық су шашу ойынына қатысқанында оларды ислам құндылықтарын бұзды деп Су бүркетін ойыншықпен көңіл көтеріп жүрген жастар.Тегеран, 29 шілде 2011 ж.

Су бүркетін ойыншықпен көңіл көтеріп жүрген жастар.Тегеран, 29 шілде 2011 ж.

айыптаған болатын. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар оған тек «аздаған көңіл көтеру» үшін ғана кіреді.

Өткен жылы ұлдар мен қыздар бірге өткізген кешке қатысып, билегені үшін абақтыға қамалып, айыппұл төлеген 18 жастағы ирандық азамат Азаттық радиосына есімін атамауды өтініп, Иранда көңіл көтерудің көп жағдайда үреймен өтетінін айтып берді.

– Мен уақытымды жақсы өткізуге тырысқаным үшін бір күн абақтыда болдым. Мен ешкімді өлтірген жоқпын, я ешнәрсе ұрлаған жоқпын. Тек достарымды шақырдым, – дейді ол.

Егер революцияның алғашқы жылдарында ішімдік ішіп, я бір кеште көңіл көтеріп ұсталып қалған болсаң, онда жағдайың қиындап кететін еді – қазір мәселені ақшамен шешуге болады. Жұрт я айыппұл төлейді, я шенеунікке пара беріп құтылып кетеді.

– Жағдай өзгерді. Мысалы, сіз ішімдік ішіп алған болсаңыз, онда ақша төлеп тығырықтан шығып кетесіз, – дейді 1980-жылдары көңіл көтеру кешінде ұсталған ер адам.

Отыз жыл бойына жүргізілген күрестің нәтижесінде ойын-сауық жасырын және құпия нәрсеге айналды. Көңіл көтеру кештері дыбыс естілмейтін үйлерде, немесе полицияға пара бергеннен кейін ғана өтетін болды. Ресми биліктің алкогольдік өнімдерге салған тыйымын елемейтіндер оны үйлерінде отырып іше береді. Олар тыйым салынған музыкаларды тыңдап, тыйым салынған киноларды көреді.

Сондай-ақ, көптеген ирандық жастар ресми билік орнатқан кедергілерге қарамастан өздерінің сырт келбеттеріне, сәнге және соңғы үлгідегі музыканы тыңдауға көп назар аударады. Ойын-сауық сол арқылы көңіл көтеріп, диссидент атанған халықтың басым көпшілігі мен биліктің арасына сына қақты.

ЖАСТАР БИЛІКТІҢ АЙТҚАНЫМЕН ЖҮРГІСІ КЕЛМЕЙДІ

– Иранда ойын-сауыққа тыйым салынғаннан бері жастар (мысалы, менің достарым және өзім) көңіл көтеруге бағытталған кез-келген шаралардың ресми ұстанымға қарсы келетінін бірден түсінді, – дейді журналист Кермани.

Профессор Асеф Байаттың ойынша, мәселе көңіл көтерудің – бағынбаушылық актісіне болғанында емес: бұлардың қай-қайсысы да Иран сияқты елдегі режимдердің этикасына қайшы келеді.

– Шын мәнінде, бұл режимдер ойын-сауық мәдениетін адамдарды өз билігін қолдаудан айыратын нәрсе ретінде көреді. Әрине, ойын-сауық олардың билігін әлсіретеді, – дейді профессор Асеф Байат.

Ирандағы адам құқықтарының бұзылуын тіркеп отыратын Абдуррахман Боруманд қорының атқарушы директоры Ройя Боруманд «Иран өзі жеңе алмайтын соғысты жүргізіп отыр» деп санайды. Ройя Боруманд Иран жастары билік айтып отыратын ұстанымдармен жүретін көнбіс азамат болғаннан гөрі, ондай ережелерді бұзуға ынталы екендігін айтады.

– Тыйым салынуы керек делінген нәрсенің барлығы керісінше, орындалып жатыр. Бұл Иран саясатының сәтсіздікке ұшырап жатқандығын көрсетеді, – дейді Ройя Боруманд.

Таяуда үлкен бір ойын-сауық кешінің өтуіне ескерту жасаған аятолла Мешхаб Язди «студенттер интернетті аз пайдалану керек» деп мәлімдеді.

– Егер студенттер интернетте түн жарымына дейін отырса, жаратылыстану пәндерінің материалдарын қарамайтын болса, я болмаса фильм көріп, таңғы намазын ұмытып кететін болса – онда ол діншіл адам бола алмайды, – дейді аятолла.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG