Accessibility links

Исламдағы жеке бас бостандығын кеңейту мүмкіндіктері қандай?


Ирактағы әйелдер саппен жүріп барады. Мосул, 17 шілде 2011 жыл.

Ирактағы әйелдер саппен жүріп барады. Мосул, 17 шілде 2011 жыл.

New York Times («Нью-Йорк таймс») басылымы мамырдың 14-і күні «Исламшылдар либерал бола ала ма?» атты мақала басты. Мақала авторы Мұстафа Акйол «Ислам еркіндік пен бостандық арқылы гүлденеді» дейді.

Әлемдік саясатта «Ислам демократиямен қабыса ма?» деген мәселе ұзақ уақыт талқыланды деп жазады NYT басылымы.

Бұған дейін Тунисте, Египетте исламшылар демократияның қарсыластары ретінде қабылданып келсе, бұл күндері олар керісінше демократиялық жүйенің орнауына белсене қатысып жатыр. Автордың айтуынша, сайлаудың арқасында бүгінде әсіредіншіл салафиттердің де Египет парламентінде депутаттары бар.

ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫ

«Таяу Шығыстағы діни экстремизмнен қауіптеніп жүрген адамдар үшін бұл – жақсы құбылыс» деген мақала авторының пайымдауынша, тиран билеушілер діншілдерді қуғындап, оларға қысым көрсеткен сайын діни экстремизм қаупі күшейеді. Автор осы арада «Әл-Қаиданың» жетекші лидері Айман әл-Зауахиридің Хосни Мүбәрәк режиміне қызмет еткен ардагер» екенін де ескерте кетеді.
"Талибанды" жақтайтын Пәкістандағы "Улема-и-Ислам-Nazaryati" (ДУИ-N) партиясының мүшелері қаза тапқан "Әл-Қаида" жетекшісі Усама бен Ладеннің рухына дұға жасап отыр. Кветта, 02 мамыр 2012 жыл.

"Талибанды" жақтайтын Пәкістандағы "Улема-и-Ислам-Nazaryati" (ДУИ-N) партиясының мүшелері қаза тапқан "Әл-Қаида" жетекшісі Усама бен Ладеннің рухына дұға жасап отыр. Кветта, 02 мамыр 2012 жыл.


«Исламшылдар қысым мен қуғыннан азат болса, ел басқару ісіндегі жауапкершілігі артып, прагматик бола түседі. Алайда билікке келген исламшыл партиялар жеке бастың бостандығын шектейтін заңдар қабылдаса ше? Мысалы, олар алкогольді ішімдікке тыйым салса немесе дінді жаңадан қабылдағандарды қудаласа ше? Демократия жеке бас бостандығына қызмет етпесе не болады?» деп сұрайды автор.

Автордың пікірінше, Батыста «демократия» мен «либерализм» егіз ұғым болғандықтан бұл мәселе ол жақта сирек талқыланады. Ол осы пікірін нықтай түсу үшін зерттеуші Фарид Закарияның «Бостандықтың болашағы» атты кітабынан пікірлер келтірген. Закарияның ескертуінше, либералдық емес демократтар да бар. Көптің билігі конституциялық либерализммен қиыса бермейді. Соның кесірінен барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталмайды. Сондықтан, автордың ойынша, Араб көктемінен кейінгі пайда болған елдерге бұл жүйені бірден қолдана салу қауіпсіз емес. Тіпті кемалистерден кейінгі Түркияда да ондай проблемалар болған. Сондықтан да, «Ислам талаптары жеке бас бостандығымен үйлесе ме, жоқ па?» деген мәселе әлі өзекті.

«ҚҰДАЙДЫҢ ЗАҢЫ МА, МЕМЛЕКЕТТІҢ ЗАҢЫ МА?»

Зерттеушінің бақылауынша, елдің көбісі ислам тыйымдарының қай категорияға жататынын анықтай алмай әлек. «Мұсылмандарға қойылатын «күнделікті намаз оқыңдар, арақ-шарап ішпеңдер» деген сияқты талаптар Құдайдың заңы ма, әлде мемлекеттің бекіткен заңы ма?» деген сұрақтар күн тәртібінде тұр» дейді сарапшы.
Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Наиф ибн Абдель Азиз аль-Сауд әскери шеруде тұр. Мекке, 3 желтоқсан 2008 жыл.

Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Наиф ибн Абдель Азиз аль-Сауд әскери шеруде тұр. Мекке, 3 желтоқсан 2008 жыл.


Басылым «діншілдігі жағынан өзге мұсылман елдеріне үлгі боп саналатын» Сауд Арабиясына біршама сипаттама берген. Ол елде арнайы полиция жалпы халықтың діни рәсімдерді дұрыс орындауын қадағалайды. Әйелдер хиджаб киеді, ер адамдар мешітке баруға мәжбүр. «Күнә» деп саналатын іс-әрекеттің бәріне – тыйым. «Алайда Саудия елінің элитасы шетелге шыққанда өз елінде жасай алмайтын күнәлі істің бәрін жасап, қыдырып қалуға тырысады. Осыған қарағанда Саудияның діншілдігі екіжүзділік сияқты» деген пікір айтады мақала авторы.

«БИЛІКТІҢ НҰСҚАУЫ» МЕН «ӘРКІМНІҢ АҚЫЛЫ»

Басылым осы мәселеге орай Түркия зайырлы биліктің керісінше ұзақ жылдар бойына хиджабқа қарсы күрескенін мысалға келтіреді. «Алайда соған қарамастан түріктер әр түрлі себептермен діннен айырылған жоқ. Қазір Түркия азаматтарына еркіндік берілген. Қалаған адам мешітке де, түнгі клубтарға да бара алады» дейді автор.

Автордың айтуынша, биліктің нұсқауымен емес, өзінің ақылымен жүретіндер көбіне мешітті таңдайды.

Мақала авторы Түркиядағы демократия жағдайға тоқталып, саяси талдау жасаған. Оның сараптауынша, қазіргі Түркия демократиясының қанат жаюына биліктің ұлтшылдығы кедергі болып тұр. Билік бір жағына ойысқан сайын азшылықтың құқығы Түркиядағы Мәрмәр университетінің студенттері ұстаз дәрісін тыңдап тұр. (Көрнекі сурет)

Түркиядағы Мәрмәр университетінің студенттері ұстаз дәрісін тыңдап тұр. (Көрнекі сурет)

шектеле бермек. Биліктегі Әділет және даму партиясы елдегі азаматтардың құқығынан гөрі өзінің билігін көбірек қорғаштайды. Сондықтан Түркиядағы либерализмнің кедергіге кезігуіне діннің қатысы шамалы. Автордың пікірінше, «Елде демократияны толық орнату үшін мемлекет басшылары жаңа саяси элитаға еркіндік беруі тиіс. Сонда ғана қоғамдық өмір мен дінге қатысты мәселені ашық талқылауға мүмкіндік ашылады».

«Егер Түркия осы сындардан өтіп, жаңа конституция жобасын жасайтын болса, Тунис, Египет сияқты қайта құрылып жатқан мұсылман елдеріне үлгі болар еді. Ол елдер бұл күндері сөз жүзіндегі демократияға ғана емес, нақты еркіндікке де өте мұқтаж. Адамға түрлі ережелерді таңатын ислам екіжүзділікке ұрындырады. Нағыз рухани дінді өркендеткісі келетіндер ең бірінші жеке бас бостандығын қалпына келтірсін» деп ойын түйіндейді автор.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG