Accessibility links

Токиода бүкіләлемдік ұйғыр құрылтайы басталды


Рәбия Қадыр Жапонияда өткен бүкіләлемдік ұйғырлар конгресінде сөйлеп тұр. Токио, 29 маусым 2009 жыл.

Рәбия Қадыр Жапонияда өткен бүкіләлемдік ұйғырлар конгресінде сөйлеп тұр. Токио, 29 маусым 2009 жыл.

Токиоға әлемнің 20-дан астам елінен 200-ге тарта этникалық ұйғыр бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің құрылтайына жиналды. Бес күн болатын құрылтайда ұйғырлар Қытайдан тәуелсіздік алу мәселесін талқыламақ.


200-дей ұйғыр белсенділері жиналған құрылтайдың басты тақырыбы - Қытайдан тәуелсіздік алу мәселесі.

ЖАПОНИЯҒА РИЗАШЫЛЫҚ

Қуғындағы бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы Рабия Қадыр жиналғандарға Пекиннің "күштеп ассимиляциялау" саясатына ұйғырлардың төзе алмай отырғанын айтты. Ол ұйғырлардың Жапонияға Азиядағы ең Рәбия Қадыр Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның АҚШ-қа ресми сапарына қарсы акция өткізіп тұр. АҚШ, 19 қаңтар 2011 жыл.

Рәбия Қадыр Қытай басшысы Ху Цзиньтаоның АҚШ-қа ресми сапарына қарсы акция өткізіп тұр. АҚШ, 19 қаңтар 2011 жыл.

демократиялық ел болғандықтан жиналғанын да атап өткен. Мұның алдында конгрестің ресми өкілі Ділшат Рашид "Токио ұйғыр мәселесіне әрқашан оң қарап келгендіктен құрылтай Жапонияда өтеді" деген болатын.

Конгресс жиынында ұйғыр саясаткерлері Қытайдың солтүстік батысындағы тарихи отандары - Шыңжаң автономиялық ауданында Пекиннің мемлекеттік қатаң саясатының құрбаны болып отырғанын талқыламақ. Пекиннің елдің батысын игеру саясаты бойынша мұнда Қытайдың ішкі аудандарынан миллиондаған қытайлық қоныстанып жатыр.

"ПЕКИННІҢ ТОКИОҒА ТАЛАБЫ"

2012 жылы сәуірдің 11-і Жапония Қытайдың қарсылығын елеместен, бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің құрылтайына қатысушыларға виза беретінін мәлімдеген болатын. Сол жолы "Америка дауысы" радиосы Пекиннің Токиодан құрылтайды өткізбеуді талап еткенін де хабарлаған еді. Қытай "Ұйғыр белсенділері жиында Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы әрекет жасайды" деген уәж айтқан.

Қытайда ұйғыр ұлты өкілдері тарихи отандары - Шыңжаң аймағына Пекиннің Үрімжідегі қытай-ұйғыр қақтығысын тоқтатуға әскер әкелінді. Қытай, 5 шілде 2009 жыл.

Үрімжідегі қытай-ұйғыр қақтығысын тоқтатуға әскер әкелінді. Қытай, 5 шілде 2009 жыл.

қытайларды жаппай қоныстандыру саясатына қарсылық танытып келеді. Бұл қарсылық әсіресе 2011 жылдың жазынан бері Қытайдың Хотан, Қашғар, Яченг қалаларында күшейе түскен болатын.

2009 жылғы шілденің 5-і Үрімжідегі хансу қытайлар мен ұйғырлар арасындағы қақтығыс болды. Ұйғыр белсендісі Рәбия Қадырдың мәліметі бойынша, оқиғалар барысында шамамен 10 000 ұйғыр тұтқындалды. оқиғалар кезінде төрт-бес мыңға ұйғыр ұлты өкілі із-түссіз кеткен, одан бөлек төрт-бес мың адам қаза тапқан.

"ТӘУЕЛСІЗДІК АЛАМЫЗ, НЕ ӨЛЕМІЗ"

Кейінгі бір жыл ішінде Қытай билігі экстремизм желеуімен елдегі ұйғыр белсенділеріне қысымды күшейтіп отыр. Қысым шаралары өлім жазасына кесу, тұрмыстық қақтығыстар кезінде ұйғыр ұлты өкілдерін атып тастау сияқты тәсілдермен жүргізіліп келеді. Рәбия Қадырдың айтуынша, Қытайда тұтқында отырған этникалық ұйғырлардың саны - 10 мыңнан шамамен 70 мың адам. Мұның үстіне жоғалып кеткендердің саны айтарлықтай өсіп отыр.

АҚШ-та тұратын ұйғыр саясаткері Рәбия Қадыр 2011 жылы тамыздың 10-ы берген Азаттық радиосына берген сұқбатында "Меніңше, Қытай ұйғырларды өлтіруді Қазақстан ұйғырларының Алматыда Республика сарайында өткен митингісі. 19 шілде 2009 жыл.

Қазақстан ұйғырларының Алматыда Республика сарайында өткен митингісі. 19 шілде 2009 жыл.

жалғастыра береді, ал ұйғырлар айтқандарынан қайтпайды. Қытай өзінің саясатын өзгертпейінше, олар дегендерінен қайтпайды. Себебі олар, "сендер бізді онсыз да еш себепсіз өлтіріп жатырсыңдар. Олай болса, сендерге қарсы күресте неге өлім құшпасқа?" дейді. Олар тәуелсіздік алады, не өледі" деген болатын.

Саясаткер сол сұқбатында егер Қытай билігінің репрессиялық саясаты күшейе берсе, "онда Қытайдағы қазақтар да көтеріледі, себебі олардың да жерлері мен мал-мүліктері тәркіленіп жатыр, олар да тығырыққа тіреліп отыр. Егер бәрі де осылай жалғаса берсе, моңғолдардың да көтерілуі мүмкін. Іс бізбен тынбайды. Бұл құбылыс кең етек жаяды" деген пікір айтқан еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG