Accessibility links

Алесь Михалевич: Лукашенко оппозицияның бірігуіне көмектесіп жатыр


Алесь Михалевич Азат Еуропа/Азаттық радиосына сұқбат беріп отыр. Прага, 28 наурыз 2011 жыл.

Алесь Михалевич Азат Еуропа/Азаттық радиосына сұқбат беріп отыр. Прага, 28 наурыз 2011 жыл.

Осы айда Минскіден қашып, Чехиядан саяси баспана алған Беларусь президенттігінен бұрынғы үміткер Алесь Михалевич Азаттық радиосына арнайы сұқбат берді.


Алесь Михалевич былтыр желтоқсанның 19-ында, Беларусьтегі сайлау күні «Еуропаның соңғы диктаторы» деп аталып кеткен президент Александр Лукашенкомен бәсекеге түскен тоғыз кандидаттың бірі болды. Содан шамамен бір тәулік уақыт өткен соң, сайлаудағы бұрмалаушылықтарға наразылық танытушылар күшпен басып-жаншылғаннан кейін, Михалевич
Беларусь оппозициясының жақтастары президент сайлауының нәтижесіне қарсылық танытып, шеруге шықты. Минск, 19 желтоқсан 2010 жыл.
бастатқан үміткерлер және олардың 700-ге жуық қолдаушысы түрмеге тоғытылды.

Халықаралық қауымдастық Беларусьтегі наразылық танытушылардың қудалануын айыптады. Брюссель мен Вашингтон Минскіге қарсы жаңа санкциялар енгізді.

САЯСИ БАСПАНА

Қазір 35 жастағы Михалевич Чехияда тұрып жатыр. Прага оған наурыздың 24-інде саяси баспана берді. Михалевич Азат Еуропа/Азаттық радиосына берген сұқбатында жеке басы үшін қауіпсіз Еуропа Одағында бұдан былай күш-қуатын саяси күреске жұмсап, Лукашенко режимінің жауапқа тартылуын көздейтінін айтты.

– Әзірше саяси белсенді болып жұмыс істеп жатырмын. Адвокат ретінде мен барлық халықаралық заңды механизмдерді пайдалануды қалаймын. Себебі мен шұғылданып жатқан мәселе – тек саяси тұтқындарға ғана қатысты емес, сонымен қатар Еуропа Одағымен шекаралас Еуропа елдеріндегі азаптауға қатысты. Мен тәжірибем мен білімімді азаптау әрекеттерін тоқтатуға, Беларусьте саяси тұтқындардың болмауына пайдаланғым келеді. Болашақ саяси карьерам туралы көп ойлап жатқан жоқпын, – дейді Михалевич.

«КОНЦЛАГЕРЬГЕ ҰҚСАС ТҮРМЕ»

Михалевич ақпанның 19-ы күні Беларусьтің ұлттық қауіпсіздік қызметі – КГБ-мен ынтымақтасу туралы келісімге қол қойған соң ғана Минскідегі абақтыдан босатылды. Ол бостандыққа шыға салысымен қауіпсіздік
Беларусь милициясы президент сайлауы қорытындысына наразылық шеруін өткізген оппозиция шарасы кезінде. Минск, 19 желтоқсан 2010 жыл.
күштерімен ешқашан бірлесіп жұмыс істемегенін, болашақта да олармен ынтымақтаспайтынын айтып мәлімдеме жасады.

– Егер КГБ агентіне айналсам, ең бастысы, достарымның жүзіне тіке қарай алмай өтер едім. Мен дереу баспасөз мәслихатын өткізіп, тергеу абақтысында КГБ-мен ынтымақтасу жөніндегі құжатқа қол қоюға мәжбүр болғаным айттым. Көпке бірден жария ететінімді білгендіктен сол қағазға қол қойған едім, – дейді Михалевич.

Ол түрмедегі жағдай концлагерьлердегі ахуалға ұқсайтынын айтады. Михалевичтің айтуынша, күзетшілер оны аязда жалаңаш ұстап, ұйқы бермеген, қолындағы кісенін шешпестен жермен сүйреген, іші лық толған түрме камерасында ұстаған және адвокатсыз сұрақтарға жауап беруге мәжбүр еткен.

Абақтыда өткізген күндерін еске алған Михалевич онша танымал емес тұтқындардың бұдан да сорақы жағдайда болғанын айтады.

– Кез-келген жағдайда тірі қалуға болады. ГУЛАГ-тың құпия лагерьлерлерінде бұдан бетер қиындықтарды басынан кешірген тұтқындарды ойлап, өзімді жұбаттым, – дейді Михалевич.

Михалевич өзінің Лукашенко режимі үшін көзге шыққан сүйелге айналғанын айтады. Енді ол адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, рөлін күшейтуді жоспарлап отыр.

ЕЛДЕН ҚАШУ

Михалевич билік орындары Беларусьтен кетуіне тыйым салғандықтан КГБ телефон сигналдары арқылы тауып алатын шығар деп, ұялы телефонын Минскіде тастап кеткенін айтады. Михалевичті досы көлігімен Ресей арқылы Украинаға жеткізген екен. Төлқұжаты полицияда болғандықтан
Түрмеден шыққан Алесь Михалевич отбасымен қауышты. Минск, 19 ақпан 2011 жыл.
шекаралардан ескі паспортымен өтіпті. Михалевич Киевте бірнеше елшілікпен байланысқан, бірақ чехтар тезірек виза беруге келісіпті.

Беларусь президенттігіне бұрынғы үміткер Минскіге мүмкіндігінше тезірек оралуға ниеттеніп отырғанын айтты. Бірақ ол әйелі мен екі қызын шетелге алдыруға әрекеттенетінін жоққа шығармайды.

«БелаПАН» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Беларусь бас прокуроры Чехиядан Михалевичті экстрадициялауды сұрауы мүмкін.

ТҮРМЕДЕ ОТЫРҒАН КАНДИДАТТАР

Қазір Минскіде президенттіктен бұрынғы үміткерлер Андрей Санникау пен Микалай Статкевич әлі түрмеде отыр. Тағы бір бұрынғы кандидат Уладзимер Някляеу – үйқамақта.

40-тан астам наразылық танытушыға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылды, олардың бірнешеуі төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Михалевичтің айтуынша, репрессия жалғасқан сайын Лукашенко өзі
Беларусьтің қайтадан сайланған президенті Александр Лукашенко баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. Минск, 20 желтоқсан 2010 жыл.
білместен оппозицияға көмектесіп жатыр.

– Меніңше, Лукашенко оппозицияның бірігуіне көмектесу үшін көп нәрсе жасап жатыр. Біреуге қарсы бірігу әрдайым оңай. Мен өте жұмсақ кандидат едім. Мен Лукашенконы сынамадым. Мен тек «басқа бағдарламам бар, қазіргі үкімет көптеген сұрақтарға жауап бермейді, бірақ үкімет бұрындары жақсы нәрселер де жасаған» дегенмін, – дейді Михалевич.

«Мен сияқты, үкіметпен бірге жұмыс істеуге дайын адамдар биліктің әрекетімен радикалды оппозицияға айналып жатыр. Сондықтан желтоқсанның 19-ынан кейінгі түнде жаппай тұтқындаулардан кейін оппозицияның бірігуі әбден мүмкін» дегенді айтады Михалевич.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG