Accessibility links

Шетелдегі қазақ ғалымдары қайтқылары келмейді


АҚШ-та жүрген қазақ студенті. (Көрнекі сурет)

АҚШ-та жүрген қазақ студенті. (Көрнекі сурет)

Қазақстан үкіметінің шетке кеткен ғалымдарын елге қайтару әрекетінен көп нәтиже шықпай тұр. Ғалымдар кері қайтпаудың материалдық мүддеден де маңызды себебі барын айтады.

Шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдардың бірі Азамат Сәрсембаев АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында тұрады.

Оқушы кезінде математика пәнінен халықаралық олимпиада жүлдегері атанған, кейін Ұлыбританиядағы Лондон экономикалық мектебіне түскен, одан соң АҚШ-тағы Мичиган университетінде оқыған Азамат Сәрсембаев оқуын бітірген соң Қазақстанға оралған. Бірақ көп тұрақтай алмаған.

«Шетелде алған білімімді Қазақстанда ғылыми тұрғыда пайдалана алмадым. Қазақстанда ғылыми білімімді қызметпен ұштастыруға мүмкіндік болмады. 2004 жылы АҚШ-қа жұмысқа кеттім» дейді ол.

Шетелде жұмыс істейтін қазақ ғалымдары білімдерін Қазақстан оқушылары мен АҚШ-та жұмыс істейтін қазақ жасы Азамат Сәрсембаев.

АҚШ-та жұмыс істейтін қазақ жасы Азамат Сәрсембаев.

студенттеріне де үйреткісі келетінін айтқан Азамат Сәрсембаев «ол үшін ғалымдар мен жас мамандардың жаңа технологияны меңгеріп, ғылыми жаңалықтар ашуына септесетін орталық ашу керек» деп біледі.

Қазақстанда зерттеу жүргізетін жағдай барына күмәнданып, шетелде ғылыммен айналысып жүргенін айтқан жастардың енді бірі – Әсем Сапарханова.

«Оңтүстік Корея үкіметінің грантын жеңіп алып, осы елде магистратура мен докторантураны оқыдым. Оқу бітірген соң жақсы жалақысы бар жұмыс ұсынды. Қазір жеке ғылыми зерттеуімді жүргізіп жатырмын. Егер Қазақстанда болғанда қазіргі ғылыми зерттеуімді жүргізе алмас едім. Себебі онда менің зерттеуіме керекті лаборатория жоқ» дейді ол.

Үш жылдан бері Сеул қаласындағы генетикалық институтта жұмыс істейтін Әсем Сапарханова Қазақстаннан шақырту келсе де елге қайтпағанын айтады.

«ТОҚЫРАУДАН ҚОРҚАДЫ»

Техника ғылымдарының докторы Асан Хамитовтың пікірінше, шетелде жүрген қазақ ғалымдарының Қазақстанға қайтқысы келмеуінің материалдық игіліктен гөрі маңызды себебі бар.

«Көбі елге қайтқысы келеді. Оларға шетелде тапқан қаржысын Қазақстан да бере алады. Бірақ олардың көбі «Қазақстанда шығармашылық-ғылыми тұрғыдан тоқырап қаламыз» деп қауіптенеді. Олар Қазақстандағы ғылым деңгейінің АҚШ-та жұмыс істейтін қазақ жігіті Нұржас Мәкішев.

АҚШ-та жұмыс істейтін қазақ жігіті Нұржас Мәкішев.

Батыстан төмен екенін біледі. Ешқайсысы мемлекеттік гранттар мен тапсырысқа қарап отырғысы келмейді. Қазір Қуат Есенов, Нұржас Мәкішев және Алма Құнанбаева сынды мықты қазақстандық ғалымдар басқа елдерде жүр» дейді Асан Хамитов.

Қуат Есенов оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.

Нұржас Мәкішев те – 2004 жылы Массачусетс технологиялық университетінің грантын жеңіп алған жастардың бірі. 2008 жылы университетті экономика мамандығы бойынша үздік тәмамдаған ол қазір Калифорниядағы Oracle компаниясында инженер және менеджер қызметін атқарады.

Ал тарихшы Алма Құнанбаева – АҚШ-тағы Стэнфорд университетінде профессор. Ол студенттерге еуразиялық көшпенділер тарихы жайлы, Орталық Азия мәдениеті туралы дәріс оқиды.

Есенов, Мәкішев, Құнанбаева үшеуі де 2009 жылы сол кездегі ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанға қайтаруға шақырған 125 ғалымның тізімінде бар. Министр «ол ғалымдар отандарына қайтып келсе, Қазақстан жұмыспен, жақсы жалақымен, баспанамен қамтамасыз ететінін» айтқан.

«28 ҒАЛЫМ ҚАЙТТЫ»

Білім және ғылым министрлігіне қарасты ғылым комитетінің Азаттыққа берген ресми жауабына қарағанда, қазір қазақстандық 232 ғалым шетелде жұмыс істейді. Олардың 61-і – Ресейде, 59-ы – АҚШ-та, 10-ы – Израильде, 10-ы – Канадада, тоғызы – Ұлыбританияда, сегізі – Қытайда, жетеуі – Жапонияда, жетеуі – Беларусьте, алтауы – Австралияда, бесеуі – Францияда, бесеуі – Чехияда, төртеуі – Швейцарияда, үшеуі – Оңтүстік Кореяда. Әзербайжан, Венгрия, Литва, Швеция, Австралия, Германия, Италияда да қазақстандық ғалымдар бар.
Қазақстан шетелде жүрген ғалымдарын елге қайтару шараларын жалғастыра береді.

Білім және ғылым министрлігі «қоғам ашық, мемлекеттер арасында еш шектеу жоқ қазіргі заманда ешбір елде тек сол елдің елдің азаматынан ғана тұратын мықты ғылыми топ жоқ» екенін айтса да, «Қазақстан шетелде жүрген ғалымдарын елге қайтару шараларын жалғастыра береді» дейді.

Азаттық бұрынғы министр осы бастаманы көтерген бес жылдан бері қанша ғалымның Қазақстанға оралғанын да сұраған еді, бірақ білім және ғылым министрлігі нақты ақпарат бере алмады. Министрлік «2013-2014 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітірген 28 ғылым докторы Қазақстанға келіп, жұмыс істеп жатқанын» ғана мәлім етті.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG