Accessibility links

Моңғолияның Қобда аймағындағы қазақ балалары ана тілінде оқығысы келеді


Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласының ұшақтан көрінісі. Моңғолия, шілде, 2008 жыл.

Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгий қаласының ұшақтан көрінісі. Моңғолия, шілде, 2008 жыл.

Қобдадағы аз ғана қазақтың ұрпағына келешекте ана тілінен, салт дәстүрінен айрылып қалу қаупі төніп тұр. Қазақ мектебінің жоқтығынан қазақ балалары моңғол тілінде білім алуға мәжбүр. Ал, қазақ тіліндегі кітаптар мен әдеби басылымдар жеткізілмейді.




Моңғолияның Қобда бетіне қазақтар алғаш 1917-ші жылдан бастап қоныстана бастады. Сол кезде олар Қытайдан қысым көріп, көрші елге көшіп келген.

Қазақстан тәуелсіздік алған соң, 1991-ші жылдардан бастап Моңғолия қазақтарының іргесі сөгіліп тарихи Отанына жаппай көшті бастағаны белгілі. Осы уақыттан бері Қобда аймағындағы қазақтардың үштен екісі атамекеніне қоныс аударған. Ендігі қалған азғана қазақтың да тарихи Отандарына көшуге құлшыныстары басым.

Бүгінгі таңда Қобда аймағында 82 мың халық тұрса, соның 16 пайызын қазақтар құрайды.

Алайда, дәл қазіргі таңда әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс пен Моңғолиядағы соңғы бірнеше жылдағы құрғақшылық, әсіресе, өткен қыстағы жұт қол байлау болып тұр.

Азаттық радиосының бұл хабарында Моңғолияның Қобда аймағында өмір сүріп жатқан қазақтардың тұрмыс-тіршілігі сөз болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG