Accessibility links

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі оқиғаларды теракт деп атады


Ақтөбеде F0n-,tlt Фотография из социальных сетей предположительно о событиях в Актобе 5 июня 2016 года.
Ақтөбеде F0n-,tlt Фотография из социальных сетей предположительно о событиях в Актобе 5 июня 2016 года.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парағында Ақтөбедегі оқиғалар жайлы пікірін жариялады.

«Қасиетті Ораза қарсаңындағы Ақтөбедегі теракт – бандиттердің шектен шыққан арсыздығы мен қатыгездігін көрсетті. Оларды жазалаудың ең қатал шаралары қолданылады» деп жазды ол.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарына үндеу жасап, сабырлы болуға шақырған. «Террорға қарсы жоспарлы операция өтіп жатыр. Жағдайдың толық бақылауда екендігін сіздерге тағы айтқым келеді. Қазіргі сәтте ахуал тұрақты» деген облыс әкімінің сөзін келтірген оның қарамағындағы «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Ақтөбеде маусымның 5-і күні белгісіз біреулер ұлттық гвардияның әскери бөлімі мен аңшы қаруын сататын дүкендерге қарулы шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар: қазіргі кезге ресми орындар берген ақпарат бойынша, шабуылдар барысында дүкен сатушысы, офицер және келісім-шарт негізінде қызмет атқаратын әскери мерт болған. Жараланғандардың дені әскери қызметкерлер. ІІМ хабарлауынша, арнайы операция барысында шабуылдағандардың «төртеуінің көзі жойылып, жетеуі қолға түскен және екеуі жараланған».

XS
SM
MD
LG