Accessibility links

Алаш әскері жайлы кітаптың тұсаукесері өтті


"Алаш автономиясының әскері" кітабы.
"Алаш автономиясының әскері" кітабы.

Алматыда бүгін журналист Болат Мүрсәлімнің "Алаш автономиясының әскері" деп аталатын танымдық кітабының тұсаукесері өтті.

Кітапта 1917 жыл мен автономия таратылған 1920 жыл аралығындағы қысқа кезеңдегі әскер тарихы баяндалған. Болат Мүрсәлім бұған дейін Азаттыққа кітап тарихи емес, танымдық, журналистік ізденіс аясында жазылғанын айтқан. "Алаш автономиясының тарихына қатысты зерттеулер шыққанымен, әскеріне қатысты еңбектер жоқ деуге болады" деген Болат Мүрсәлім.

Кітапта автономия әскеріне қатысты тарихи құжаттар мен фото суреттер де берілген.

Кітап 1 мың данамен, кәсіпкер демеушілігімен шыққан.

Болат Мүрсәлімнің Алаш жасағы жайлы Азаттыққа берген сұхбаты.

Болат Мүрсәлімнің Алаш жасағы жайлы сұхбаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:19:06 0:00

XS
SM
MD
LG