Accessibility links

Астанада кәсіпкерлер жалдау бағасының қымбаттауына шағым айтты


«Еуразия» сауда үйі территориясынан жалға алған жалдау бағасының өскеніне шағым айтты. Олардың сөзінше, сауда үйі әкімШағымданып тұрған саудагер Жаңабай Айдосов. Астана, 23 сәуір 2016 жыл.
«Еуразия» сауда үйі территориясынан жалға алған жалдау бағасының өскеніне шағым айтты. Олардың сөзінше, сауда үйі әкімШағымданып тұрған саудагер Жаңабай Айдосов. Астана, 23 сәуір 2016 жыл.

Бүгін Астанадағы «Еуразия» сауда үйі алдына жиналған бір топ кәсіпкер өздері жалға алып отырған сауда орындары үшін жалдау бағасының өскеніне шағым айтты. Олардың сөзінше, сауда үйі әкімшілігі бір күнгі жалдау ақысын алты мың теңгеге дейін көтерген.

– Бағаны шарықтатып жіберді. Екі күнде мұндай жалақыны көтере алмаймыз. Бұл жәрмеңке. Бағалар төмен болуы керек. Тапқанымыз көтерілген жалақыны жаппайды. Күніне алты мың теңге алмақшы. Бір реттік сауда орны 9 мың теңге. Біз төрт мың теңге төлеп келгенбіз. Айына сегіз рет шығамыз. Енді бір айға 48 мың теңге төлейміз, - дейді кәсіпкер Жаңабай Айдосов.

Кәсіпкерлер жалдау бағасы көтерілгендіктен енді өздері сататын тауар бағасын да қымбаттатуға мәжбүр болатындарын айтады.

– Бізге жалдау құнын көтерген соң, әрине, біз тауарды қымбаттатуға мәжбүрміз. Жұрт «бағасы қымбат бұл не жәрмеңке?» деп наразы болады. Ал біз қайда барамыз? - дейді кәсіпкер Шолпан Елубаева.

«Еуразия» сауда орталығы күзетшілері Азаттық тілшілерін жәрмеңке өтіп жатқан аумаққа кіргізбеді. Өзін базар әкімшілігі өкілі Светлана Егоровнамын деп таныстырған әйел адам жәрмеңкелік сауда орындарын жалдау бағасы қымбаттағанын растады.

– Бағалар шамалы өсті. Біріншіден, жәрмеңкедегі орындарға сұраныс жоғары. Біз өзге аймақтардағы отандық өнім шығарушыларды өзімізге тарта алмай отырмыз. Олар жаңа бағамен жұмыс істеуге дайын. Қазір мұнда тұрғандар - алыпсатарлар. Жәрмеңке орындары көп емес. Бұл - жеке бизнес. Бәсекеге төтеп бергендер ғана қалады. Біздің де шығындарымыз өсіп жатыр - электр, су бағасы, тағы басқа қызметке төлейтініміз көбейді, - деген уәж айтты ол.

«Еуразия» сауда орталығындағы жәрмеңке 2009 жылы ашылған. Бұл жердегі сауда орнын жалдаған кәсіпкерлер негізінен сенбі-жексенбі күндері азық-түлік өнімдерін сатады.

Кәсіпкерлер шағымы туралы Азаттық видеосы:

Жәрмеңке сатушыларының шағымы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:42 0:00

XS
SM
MD
LG