Accessibility links

Постсоветтік елдердегі референдумдар дәстүрі


Билігін нығайта түсетін референдум өткізіп жатқан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Билігін нығайта түсетін референдум өткізіп жатқан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев.

Постсоветтік елдерде жүріп жатқан саяси өзгерістер билік режимдерінің тоқырауына әкелмей ме? AzattyqLIVE Орталық Азиядағы постсоветтік республикаларда дәстүрге айнала бастаған референдум арқылы билікті сақтап қалу әрекеттері жайында саясаткер Әміржан Қосановпен тікелей эфир өткізді.

Әзербайжанда бүгін жалпыхалықтық референдум болады. Сарапшылар пікірінше, бұл референдумнан соң президент Ильхам Алиевтің мемлекет басқару мерзімі ұзарып, оның отбасының да билікке келу жолы оңайлайды.

Бұл бір ғана мысал емес. Түркіменстанда Гурбангулы Бердімұхаммедов референдум арқылы президенттік сайлауға түсу мүмкіндігіне шектеуді алып тастады. Өзбекстанда да бұрынғы президент Ислам Каримов билігі уағында бірнеше рет референдум өтіп, президент билігі ұзартылған еді. Қазақстанда да президент Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке түсу мүмкіндігіне шек жоқ, референдум арқылы рұқсат етілген. Қырғызстанда референдум өткізу-өткізбеу мәселесі саяси дауға айналып жатыр. Қырғызстандық кейбір сарапшылар «референдум өткен жағдайда Алмазбек Атамбаевтың билігі күшейеді» деп есептейді.

Референдумдар арқылы билікті сақтап қалудың соңы не болуы мүмкін? Постсоветтік елдерді кең көлемді саяси өзгерістер күтіп тұр ма? Ондай өзгерістер болған жағдайда, соңғы нәтиже не болмақ? Осы және өзге де сауалдарға орыс тілінде өткен хабарда саясаткер Әміржан Қосанов жауап берді.

XS
SM
MD
LG