Accessibility links

Шымкент: мүмкіндігі шектеулі жандар концерт қойды


Қайырымдылық концертінде ән айтып отырған мүмкіндігі шектеулі өнерпаз. Шымкент, 8 желтоқсан 2015 жыл.
Қайырымдылық концертінде ән айтып отырған мүмкіндігі шектеулі өнерпаз. Шымкент, 8 желтоқсан 2015 жыл.

Шымкенттегі Халықтар достығы үйінде сейсенбінің кешінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы талантты мүгедек жандардың қайырымдылық концерті өтті.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Шапағат» мүгедектер қоры бірлесіп ұйымдастырған мәдени шараға жүзге жуық адам қатысты. Концертте мүмкіндігі шектеулі азаматтар ән айтып, би биледі. Сонымен бірге мүгедек жандардың өмірін суреттейтін кейбір көріністер сахналанды.

– Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да жаны – таза. Олардың арасында өнерлі, таланттылар бар. Біз олардың өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік бердік, - деді Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ғани Қарабаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық шарасында жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіп ашуына жұмсалмақ.

Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар концертінен видео:

Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:01 0:00

XS
SM
MD
LG