Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 299 теңгеге жуықтады


Ақша айырбастау пункті алдындағы доллар бағамы көрсетілген табло. Алматы, 16 қыркүйек 2015 жыл.
Ақша айырбастау пункті алдындағы доллар бағамы көрсетілген табло. Алматы, 16 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбідегі таңертеңгі сауданың соңғы нәтижелері бойынша, АҚШ долларының бағамы 298 теңге 92 тиынды құрады. Бұл кеше биржадағы кешкі саудадағы бағамнан 11 теңгеге (287 теңге 92 тиын) қымбат.

Алматыдағы кебір ақша айырбастау орындарында қазір бір доллар 298-301 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің еркін айырбас бағамына 20 тамыз күні өткен. Билік сол кезде елдің қаржылық жүйесіне тұрақсыздық қаупі төнген жағдайда ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысуы мүмкін екенін ескертіп, жаңа ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге негізделгенін мәлімдеген.

Доллар бағамы бірінші рет 16 қыркүйекте 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

Қарашаның 2-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қызметінен босатып, орнына президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекшісі болып істеген Данияр Ақышевты тағайындаған.

Алматыда шетел валютасы бағамы қымбаттағаны туралы видео:

АҚШ доллары бағамы 300 теңгеге жетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

XS
SM
MD
LG