Accessibility links

Түркияда тағы 47 журналисті қамауға ордер берілді


Түркияның "Заман" басылымы (Көрнекі сурет).
Түркияның "Заман" басылымы (Көрнекі сурет).

Түркия ақпарат құралдары ел билігі болмай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң 47 журналисті қамауға пәрмен бергенін хабарлады.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, қамауға алынсын делінген журналистер АҚШ-та тұратын діни жетекші Фетхулла Гүленмен байланысы делінетін "Заман" газетінде қызмет істеген. Анкара 15 шілдеде болмай қалған төңкерісті Гүлен ұйымдастырған дейді.

Түркия билігі "Заман" басылымына биыл наурызда рейд жүргізген.

Осы аптаның басында өзге 42 журналисті қамауға ордер берілген.

Анкара бұған дейін де баспасөз бостандығын шектейді деп жиі сыналатын.

15 шілдеде басталып, 16 шілдеде басылған әскерилердің шағын бөлігінің төңкеріс жасау әрекетінен соң Түркияда Гүленнің жақтасы, бүлікке қатысты немесе оған қолдау білдірді делінген 60 мыңға тарта адам қуғынға ұшыраған. Ұсталған, қызметінен босатылған немесе қуғынға алынғандар арасында әскери шенеуніктер, сарбаздар, полицейлер, судьялар, мемлекеттік қызметкерлер, колледж декандары мен оқытушылар бар.

Түркия үкіметі бүліктен 290-ға жуық адам қаза тапты дейді.

XS
SM
MD
LG