Accessibility links

«Сирияға барушы» 7 жылға сотталды


Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық соты «Сириядағы халықаралық террористік ұйым құрамында болып, әскери іс әрекеттерге қатысуды жоспарлаған» деп айыпталған Марат Өмірзақовты 7 жылға соттады. Айыптау дерегінше, ол 2012 жылдың тамыз айында Түркиядан Сирияға өтіп, халықаралық террористік ұйым құрамына қосылып, Сирия аумағында үкіметтік қарулы күштерге қарсы іс-әрекеттерге қатысқан. Сириядан Түркияға қайтып оралған күдіктіні 2016 жылы Түркия билігі "құжаты дұрыс емес" деп ұстап, қаңтарда Қазақстанға қайтарған. Петропавл, 19 шілде 2016 жыл.

XS
SM
MD
LG