Accessibility links

НАТО Ауғанстандағы бейбіт тұрғындар қазасы үшін кешірім сұрады


Ауғанстанның Гильменд провинциясын әуеден бақылап жүрген АҚШ әскери тікұшағы. 5 сәуір 2011 жыл.
Ауғанстанның Гильменд провинциясын әуеден бақылап жүрген АҚШ әскери тікұшағы. 5 сәуір 2011 жыл.
Ауғанстанның оңтүстік-батысындағы НАТО күштерінің қолбасшысы генерал Джон Тулан Гильменд провинциясында НАТО ұшақтары бомба тастап жойған үйдің ішінен тоғыз тұрғынның сүйектері табылғанын мойындады.

Осы оқиға үшін Ауғанстандағы НАТО күштерінің басшылығы кешірім сұрады. Мәлімдемеде НАТО күштерінің әлгі үйде бүлікшілер базасы орналасқан деп қателесіп нысанаға алғаны айтылған.

Бұған дейін Гильменд провинциясының жергілікті билік орындары сенбі күнгі ұшақ шабуылынан қаза болған 14 адамның 12-сі балалар деп хабарлаған еді.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай коалиция күштерінің іс-шарасы салдарынан бейбіт тұрғындар қазасына жол берілмеуі керектігін НАТО басшылығына «соңғы мәрте ескертетіндігін» мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG