Accessibility links

Босқындарды құтқару комитеті Қазақстанды сынады


Босқындарды құтқару комитетінің мүшесі Мутабар Тәжібаева.
Босқындарды құтқару комитетінің мүшесі Мутабар Тәжібаева.
Босқындарды құтқару комитеті 30-ға жуық өзбек босқынының экстрадициялануына байланысты Қазақстан үкіметі мен БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігін айыптады.

Аталмыш комитеттің мәлімдеуінше, босқындар жөніндегі халықаралық агенттік өкілдігінің үнсіз келісуі арқылы Қазақстан билігі өзбек босқындарын Ташкентке тапсырған.

"Комитет БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі мен Қазақстан үкіметінің әрекеттерін халықаралық құқықтың бұзылуы деп бағалайды және оны өз халқына террор жасап отырған Ислам Каримовтың режиміне қолдау деп біледі", - делінген босқындарды құтқару комитеті таратқан мәлімдемеде.

Комитеттің айтуынша, Өзбекстанға қайтарылған босқындарға "азаптап, қинау қаупі төніп тұр".

"Діни көзқарасымыз үшін қудалануымыз мүмкін" деп қауіптеніп, елден қашып кеткен босқындарға өзбек билігі "мемлекетке қарсы әрекет жасады" деген айып тағып отыр.

Қазақстан былтырғы маусым айынан бері қамауда болған 29 өзбек мұсылман-босқынын бейсенбі күні Өзбекстанға экстрадициялағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG