Accessibility links

Сауд Арабиясында автокөлік жүргізген әйел сотталды


Сауд Арабиясында автокөліктің артқы орнында отырған әйелдер. (Көрнекі сурет)
Сауд Арабиясында автокөліктің артқы орнында отырған әйелдер. (Көрнекі сурет)
Сейсенбі күні Сауд Арабиясында сот автокөлік жүргізген Шаима Гасания есімді әйелге қамшымен 10 рет дүре соғу туралы шешім шығарды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғаушы Самар Бадави хабарлаған.

Сот Шаима Гасанияны үкіметтің рұқсатынсыз автокөлік айдағаны үшін кінәлі деп тапқан. Мұндай сот шешімі Сауд Арабиясында алғаш рет шығарылып отырғаны айтылада.

Бұл елде заң жүзінде әйелдерге автокөлік тізгінін басқаруға тыйым салынбағанымен, шариғатты сылтау етіп, әйелдердің автокөлік айдауын ерсі іске балайды.

Бұған дейін Сауд Арабиясының королі Абдулла елдегі әйелдер жергілікті сайлауларға қатысып, дауыс беру құқына ие болады деп мәлімдеген еді. Осы уақытқа дейін бұл елде дауыс беруге әйелдер қатыспайды.

Сауд Арабиясында әйелдердің ерлерсіз жеке қыдырып жүруіне де тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG