Accessibility links

Apple компаниясының негізін қалаған Стив Джобс қайтыс болды


Бизнесмен Стив Джобс.
Бизнесмен Стив Джобс.
Қазанның 5-і күні АҚШ-та белгілі бизнесмен Стив Джобс 56 жасында рак дертінен қайтыс болды.

Стив Джобс серіктестерімен бірге 1970 жылдардың соңында негізін қалаған Apple компаниясы компьютерлік техникалары мен бағдарламалық өнімдері арқылы әлемде хай-тек саласындағы көшбасшылардың біріне айналды. Джобстың өзі компания өнімдерінің көпшілігіне тікелей үлес қосқан жаңашыл бизнесмен ретінде танылды.

Соңғы жылдары компания жасап шығарған iPhone смартфоны мен iPad планшеттік компьютері тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие болып, биыл жазда компания нарықтық құны бойынша әлемде алдыңғы орынға көтерілді.

Бірнеше жыл бойы ұйқы безінің қатерлі ісігі ауруына шалдыққан Стив Джобс биыл тамыз айында Apple компаниясының басшылығынан кеткен еді.
XS
SM
MD
LG