Accessibility links

Журналист пен газет 5 миллион теңге төлейтін болды


Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілекқабыл Имашев сотта тұр. Орал, 19 шілде 2012 жыл.
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілекқабыл Имашев сотта тұр. Орал, 19 шілде 2012 жыл.
Шілденің 20-сы күні Оралдағы №2 қалалық сот журналист Лұқпан Ахмедьяров пен
«Уральская неделя» басылымының құрылтайшысына қарсы түсірілген шағым
бойынша шешім шығарды.

– Сот Имашевке моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге төлеуді
міндеттеді. Сонымен бірге суретін қолданғаным үшін оған 50 мың теңге
және мемлекеттік баж салық ретінде мың теңге төлуге тиіспін. Бұдан бөлек, мақаладағы абзац пен колодаға қойылған оның суретін жоққа шығаруым керек. Шынымды айтсам, суретті қалай жоққа шығару жағы түсініксіздеу боп тұр, - деді Лұқпан Ахмедьяров Азаттық тілшісіне.

Ол сот шешімімен келіспейтінін, оны аппеляцияға беретінін айтты. Журналистің айтуынша, «моральдық зардап шектім және денсаулығым нашарлады» деген Имашевтің сотта келтірген дәйектерінде қарама-қайшы тұстар көп.

Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілекқабыл Имашев пен баспасөз өкілдері арасында пайда болған дауға 2012 жылы «Уральская неделя» басылымында жарық көрген журналист Лұқпан Ахмедьяровтың «Брат, сват, блат» атты мақаласы себеп болған.

«Жергілікті билік өкілдерінің туыстық қарым-қатынастары» туралы мақалада Тілекқабыл Имашевке қатысты үш сөйлем бар. Онда туыстық байланыстың арқасында «бұрынғы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, қазіргі облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің карьерасының қалай өскені», оның «активінде» бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтің де бар» екені айтылған.

Тілекқабыл Имашев журналист Лұқпан Ахмедьяров пен «Уральская неделя» басылымының құрылтайшысы үстінен арызданып, моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге талап еткен.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG