Accessibility links

Шымкенттегі жарылысқа қатысты күдікті іздестіріліп жатыр


Медициналық жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Медициналық жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет.
Шымкентте белгісіз зат жарылып, салдарынан бір жас әйел адам жараланды деп хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары.

Төтенше оқиға бейсенбі күні түскі сағат екінің шамасында Чапаевка елдімекеніндегі бір жекеменшік үйдің маңында болған. Жарылыстан зардап шеккен 22 жастағы әйелдің Ресей азаматы екені хабарланды. Бұған дейін Шымкентте тұрған ол бір апта бұрын Ресейден осында қыдырып келіпті. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің оң аяғының табанына зақым келген, оған операция жасалынды.

Ресми орындар әзірге бұл оқиға туралы ешқандай мәлімет берген жоқ. Полиция жарылысты ұйымдастырған күдіктіні іздестіруге кіріскенін айтумен ғана шектелді.
XS
SM
MD
LG