Accessibility links

Әзербайжанда мыңдаған адам наразылық танытты


Шеру кезінде өртеніп жатқан көліктер. Исмаилия, Әзербайжан. 23 қаңтар. 2013 жыл.
Шеру кезінде өртеніп жатқан көліктер. Исмаилия, Әзербайжан. 23 қаңтар. 2013 жыл.
Әзербайжан астанасы Бакуден 190 шақырым жердегі Исмаиллы қаласында мыңдаған тұрғын наразылық танытып, ғимараттарды, әкімшілік ғимараттары мен қымбат көліктерді, қонақ үйді өртеді.

Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтар күні кешкісін билік қалаға қосымша полиция кіргізді. Наразылық танытушылар қала басшысы Низами Алекперовтің отставкаға кетуін талап еткен.

Наразылыққа "Шырақ" қонақ үйі қожайынының қатысы бар көлік апаты түрткі болған. Билік бұған дейін жергілікті тұрғындардың "жезөкшелер ортасына айналды" деп айыптаған қонақүйді жабу туралы талаптарына құлақ аспай келген еді.

Наразылық шеруі кезінде шыққан өрттен қонақүй мен қала әкімшілігі бүлінді. Зардап шеккендер мен тұтқынға алынғандар туралы дерек жоқ.

Әзербайжанда бір аптада осымен екінші рет наразылық шарасы болып отыр. 19 қаңтарда жалға алу құнының қымбаттағанына наразылық танытқан елдегі ең үлкен сауда орталығының сатушылары жолды жауып тастап, полициямен қақтығысқан еді.
XS
SM
MD
LG