Accessibility links

75 жыл бұрын, 1941 жылы маусымның 22-сі күні гитлерлік Германия армиясы СССР шекарасын бұзып кірді. Совет кезінде соғыстың басталуына тек Германия кінәлі ретінде сипатталып, ол Ұлы Отан соғысы деген атаумен оқытылды. 1939 жылы СССР мен Германия жасасқан Польшаны бөлісу туралы Молотов-Риббентроп келісімі туралы мүлде айтылмады. Нацистік Германия 1939 жылы қыркүйектің 1-і күні Польшаға батыстан шабуылдаса, Совет Одағы қыркүйектің 17-сі күні шығыстан басып кіріп, Екінші дүниежүзілік соғыс басталған еді. Азаттық тілшісі Алматы тұрғындарынан бұл соғыстың қашан басталғанын сұрап көрді.

XS
SM
MD
LG