Accessibility links

Тәуелсіздік күнгі алаң
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

Тәуелсіздік күнгі Алматы. 16 желтоқсан 2012

16 желтоқсанда өткен шаралар


17:11 16.12.2012
Қарағандыға хабарласқан Азаттық тілшісіне азаматтық белсенді Валентина Махотина "Қарағандыда 1986 жылы 16 желтоқсанда болған Желтоқсан оқиғасын және 2011 жылы 16 желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқан азаматтарды еске алу акциясы сағат 12-де өтті" деп хабарлады. Ол "Шара қаладағы саяси қуғын-сүргін құрбандары ескерткішінде болды. Құран оқылып, гүл қойдық. Күн өте суық болды. 10-15 адам келді. ЖСДП-дан Рахымберлин Серік, КПК-дан (Қазақстан коммунистік партиясы - ред.) Москвитин Валерий, белсенділер Фазылов Айткожа, Акульбеков Галым, "Ұлт тағдыры" қозғалысынан Халенов Ахмед және басқа да тұрғындар келді" деді. Махотина Лариса Чен түсірген мына суретті жіберді.
16:12 16.12.2012
Азаматтық белсенді Берік Жағыпаровтың айтуына қарағанда, желтоқсанның 16-сы күні күндіз 30 шақты Жезқазған тұрғындары қаладағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып, Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқандарды еске алған. Гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік жарияланған.

Ербол Кушугулов деген атпен Facebook-қолданушы шараны былай суреттейді:
"НЕСМОТРЯ НА 35-ГРАДУСНЫЙ МОРОЗ С РЕЗКИМИ ПОРЫВАМИ ЗЛОГО ВЕТРА ЖЕЗКАЗГАНЦЫ ПОЧТИЛИ ПАМЯТЬ УБИТЫХ ЖАНАОЗЕНЦЕВ И ВОЗЛОЖИЛИ ЦВЕТЫ У МОНУМЕНТА ЖЕРТВАМ ПОЛИТИЧЕСКИХ РЕПРЕССИЙ". http://www.facebook.com/photo.php?fbid=395981027148204&set=o.295136890548618&type=1&theater


15:07 16.12.2012
Facebook әлеуметтік желісіндегі ақпарат бойынша, Оралда "Жаңаөзен-Желтоқсан" деп аталатаны еске алу шарасы қаланың орталық алаңында өткен. http://www.facebook.com/photo.php?fbid=505981896101927&set=o.295136890548618&type=1&theater

"В Уральске на главной площади состоялась поминальная акция Жанаозен-Жолтоксан

Люди пришли в 20 градусный мороз с цветами, с плакатами с траурными былыми ленточками. Каждый из пришедших нашел в себе смелость и время отдать минуту памяти по погибшим в Жанаозене. Акция продлилась около часа под бдительным присмотром сотрудников полиции и сотрудников КНБ. Никого не задержали".
Орал қаласының орталық алаңында өткен "Жаңаөзен-Желтоқсан" деп аталған еске алу шарасы. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды. Орал, 16 желтоқсан 2012 жыл.
Орал қаласының орталық алаңында өткен "Жаңаөзен-Желтоқсан" деп аталған еске алу шарасы. Сурет Facebook әлеуметтік желісінен алынды. Орал, 16 желтоқсан 2012 жыл.

Бұл - Оралдағы шара туралы Facebook әлеуметтік желісіне жарияланған видео.

Тағы

XS
SM
MD
LG