Accessibility links

2010 жылы қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі қандай болды?


Алматыда бейбіт шеру өткізбек болған қоғамдық ұйымдар өкілдері. 30 қараша 2010 жыл.

Алматыда бейбіт шеру өткізбек болған қоғамдық ұйымдар өкілдері. 30 қараша 2010 жыл.

Саяси шешімдер институтының сарапшылары, жыл басымен салыстырғанда, қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйі 1,4 есе жақсарғандығын айтып отыр. Бірақ Қазақстан халқының 4 пайызға жуығы қарыздан көз ашпайды.


Алматыдағы саяси шешімдер институтының деректеріне қарағанда, Қазақстан халқының жартысынан астамының айлық тапқан табысы азық-түлік, киім-кешек және коммунальдық қызмет ақысын төлеуге ғана жетеді екен.

Ал коммунальдық қызмет ақысын мүлдем төлей алмайтындар 18,6 пайыз болған.

- Тапқан ақшасы азық-түлікке де жетпейтін, үнемі қарызбен өмір сүретіндігін айтқандар 3,9 пайыз болып отыр, - дейді институт сарапшысы Анар Фазылжанова.

Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 5,1 пайызы ғана ештеңеден тарықпайтындарын айтқан.

Азаттық радиосы тілшілері де Алматы тұрғындары арасында шағын сауалнама жүргізген еді. Олардың көбі киімнен немесе басқа да қажетті нәрселерден ақша үнемдеуге тура келетінін айтады.

Сауалнамада «Қазақстанның 16 ірі қаласының халқы неге алаңдайды?» деген сұрақ бар.

Жауаптарға қарағанда, қатты алаңдататыны - баға мен тарифтің қымбаттауы. Одан кейінгі кезекте денсаулық жағдайы мен медицина қызметінің сапасы, табыстың аздығы, жұмыссыздық, баспана қиындықтары уайым болады екен.

Қадірменді тыңдарман, «Уақыт бедері» айдарынан «2010 жылы қазақстандықтардың көңіл-күйі қандай болды?» деген тақырыптағы хабарды толық тыңдай аласыздар:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG